«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет56/101
Дата06.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195288
түріСабақ
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары (4)

Диктант № 8
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары


Атамекен
Түн.Мен далада сәкі үстінде жатырмын. Аспанда жұлдыздар жымыңдайды. Жұлдыздар арасында ай. Дала сүттей жарық. Тау жақтан салқын леп соғады. Жым-жырт тыныштық. Мен ояу жатырмын. Ұйқым келер емес. Қандай сүйкімді көрініс. Табиғат бір мезгіл тыныс алғандай. Тілмен айтып жеткізудің өзі қиын. Тіпті суретшілер де дәл осындай көріністі көз алдына келтіре алмас. Тек табиғаттың ғана қолынан келетіндей.Ауылыңнан алыс жаққа шықсаң, қайтып келуге асығасың. Келсең, таныс көшелер, үйлер, адамдар – бәрі көзіңе оттай басылады.
(72 сөз)
Грамматикалық тапсырма:

Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

2-ші,3-ші сөйлемді сөйлем мүшесіне талда

- сөйлем мүшелеріне талдай отырып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады;
-бірыңғай мүшелерді біледі, ажырата алады, сөйлемнен таба алады;

1

5-ші сөйлемді сызбамен байланыстырып көрсет.

- сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысын біледі;

1

«Табиғат» сөзіне фонетикалық талдау жаса.



-дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алады,жасалу жолдарын біледі;

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет