Тұңғыш кен инженері Оқудан бос уақытын студент Қаныш бір ғана іске ой-санасын байыту мәселесіне жұмсайды. Көп уақытында қазақ халқының тарихы, әдебиеті туралы жазылған деректерді іздене оқиды.Олар жайында бірнеше мақала жазды.
Қаныштың бастауы бойынша Күншығыс мәдениетін зерттейтін ғылыми үйірме ашылды. Қаныштың өзі бұл үйірмеде қазақ әдебиеті туралы бірнеше баяндама жасайды. Онымен бірге үйірме атынан талай мәрте сауық кешін өткізді.Онда әр халықтың ән-күйлерін, жыр-өлеңдерінен айрықша концерт ұйымдастырады. Сауық кештерінде Қанекең қазақ халқының ән-күйлерін жақсы көрсете алған.
Қаныштың пәтері жастардың бас қосатын мәдениет ошағына айналды. Мұндағы бас қосудың түп себебі – биігірек те мәнді мұраттар. Туған халқының өткен жолдары, болашақтағы орны, қайткен күнде озық жұрттардың өнер-біліміне жетіп, замана көшінен қалыс қалмаудың қамы.
Ә.Х.Марғұлан
Жоспар: Ізденімпаз Қаныш