«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет6/101
Дата06.12.2023
өлшемі0,98 Mb.
#195288
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары (4)

Қорытынды жұмыстар саны:

Тоқсан

2-сынып

3-сынып

4-сынып




Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

I

4

1

4



1

4

1

II

1

1

1

III

1

1

1

IV

1

1

1

жыл

4

4

4

4

4

4



Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу
2-4 сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу
білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс
жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады.


Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері:
Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығын, балалар
тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығын, мазмұнының қол жетімділігін, мәтін құрылысы және оның тілдік безендірілуінің күштілігін ескеру қажет.
2-3-cыныптарда мазмұндама, шығарма жазуға үйрету деп қарастырылады
да, 1 ғана баға қойылады.
Мазмұндама, шығарма жұмыстарын бағалау нормасы

  • «5» деген баға – автордың мәтінін (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалған; тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс; сөздік қолданыста 1-2 түзету жіберілсе қойылады;

  • «4» деген баға – жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген, мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай- ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету жағдайда қойылады;

  • «3» деген баға – мәтін мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген (мазмұндама), тақырыптан алшақтаған, негізінен дұрыс қолданғанымен ой жүйелі жеткізілген, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар. Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар. Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады;

  • «2» деген баға – қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан көп алшақ, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң. Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.

Бастауыш сыныптардағы мазмұндамалар және шығармалар үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, қанағаттанарлықсыз баға тек қорытынды мазмұндамалар жазғанда ғана қойылады.
Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады. Оқушыларға (2-4 сыныптар) мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріп жүргізілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет