Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет: тегі, жанры әр түрлі шығармаларды оларда бейнеленген оқиғалар мен кейіпкерлердің іс-әрекетіне өзіндік қарым-қатынасын білдіре отырып, мәнерлеп оқуды;
мәнерлеп оқу құралдарын (ой екпінін, дауыс ырғағын, дауыс күшін, кідірісін, қарқынын) дұрыс қоюды;
қара сөз бен өлеңнің ұқсастығын (екеуінің де бір ойға құрылғандығы, тақырып пен идеяның бірлігі, оқушының ой-сезіміне көркем сурет арқылы әсер етуі);
өлеңнің қара сөзден айырмашылығын, яғни оның құрылымының өзіне тән ерекшеліктерін (ұйқасқа құрылуы, шумақтардан, тармақтардан, бунақтардан, мөлшерлі ырғақтан тұратыны);
көлемі 300 – 350 сөзден тұратын мәтін мазмұнын толық, қысқаша және жоспар бойынша таңдап, әңгімелеуді;
басқа шығармалардан мысалдардың өзіндік (жағымсыз жәйіт, кемшілік, ұнамсыз мінез-құлықты ашық, тура сынамай астарлап, яғни аллегориялап сынауы, белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбие айтылатын кіріспе немесе қорытынды шумақ болатыны, монологты – диалогты құрылымы дауысты құбылтып оқуға міндеттейтіні) ерекшеліктерін;
шығармадағы негізгі ойды анықтап, оның басталуы, жалғасуы, шарықтау шегі, аяқталуына байланысты өздігінен жоспар құруды;
мәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын түсіндірмелі сөздіктерді қолдана отырып түсіндіруді;
мәтіндегі көркем сөздерді тауып, олардың шығармадағы рөлін, мәнін түсіндіруді;
әр түрлі жанрлы шығармалардағы көркем сөздерді салыстыруды.
Оқушылар меңгеруі қажет: 1) шығармадағы оқиғаға өз көзқарасын білдіруді;
2) мәтінді талқылау кезінде автор сөзін дәлел ретінде келтіре алуды;
3) портреті арқылы және шығармалардағы іс-әрекетіне сәйкес кейіпкерлерге мінездеме беруді;
4)ғылыми-танымдық және публистикалық мәтіндерден өзіне қажетті мәліметті табуды және оны берілген үлгіге (кестеге, сызбаға т.б.) сай өңдеп, жүйелеуді;
5)көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;
6)мәтін туралы ауызша және жазбаша пікір білдіруді;
7)әдеби кейіпкерге, туысқандарына, достарына хат, құттықтау жазуды;
8)көркем шығармадан алған әсерін жазбаша түрде (8-10 сөйлем) орындауды;
9)ауызша, жазбаша сөйлеуде мақал-мәтелдерді орынды қолдануды;
10)сөйлегенде, жазғанда көркем сөз, шешендік сөз үлгілерін қолдануды;
11)тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, оқиғаларын салыстыруды;
12) көркем шығармада суреттелген оқиға, кейіпкерлер іс-әрекеті мен қарым-қатынасының нақты өмірмен байланысын көрсетуді;
13) мазмұндама мен шығарма жазуды (40-45 сөзден тұратын);
14) 4-сыныптың бірінші жартыжылдығында минутына сөздер мен тыныс белгілерін қоса есептегенде 65-70 сөз оқуды, екінші жартыжылдықта – 70-80 сөз оқуды.