«Тіл және әдебиет» білім саласы Әдебиеттік оқу



бет58/101
Дата31.10.2022
өлшемі0,85 Mb.
#155805
түріСабақ
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101
Байланысты:
Диктант,мазмұндама,шығарма,бақылау жұмыстары (1)

Диктант №10
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары


Балапандар
Майтан ағам бізге шұбар тауық, оның артынан ерген үш қара, бір қызыл сары, екі шұбар кішкентай балапандарды берді. Шешесі оларды жақсы бақты. Біз балапандарға үлкен нан беріп қойсақ, шешесі оны балапандарына майдалап бөліп береді. Өзі арасында жеп жүреді. Көп күннен кейін шешесі балапандарын тастап кетті. Өйткені балапандары үлкейіп қалған еді. Алтауы бір-бірінен айрылмайды. Егер біреуі адасып қалса, бәрі шырылдай бастайды. Сонда олар бір балапанды қалдырып кеткендерін біліп, әлгі барған жақтарына қарай қанаттарын жайып жүгіре жөнелді.
(76 сөз)
Грамматикалық тапсырма:



Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда

- сөйлем мүшелеріне талдай отырып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді ажырата алады;
-бірыңғай мүшелерді біледі, ажырата алады, сөйлемнен таба алады;

1

Мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөйлем ойла

сөз таптарының сұрақтарын біледі, сан есімді ажырата алады, оның түрлерін біледі;

1

Диктант №11
Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау
Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялықережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары


Шахтада
Менің шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер ауыз сол жерде. Көкем сыйлаған фонарымды алдым да, шахтаға тарттым. Өйткені шахта жер астында. Ал жер астында күн болмайтынын көкем айтқан.Үйге кірсем, іші толған шахтерлер екен. Көп есіктен өтіп, үлкен бір залға келдік. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау шылдырлады. Мұртты ағай жүгіріп барды да, тордың есігін жапты. Міне, қызық! Темір есіктің арғы жағында тұрған шахтерлер әп-сәтте жоқ болып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет