Жоғары деңгей дағдылары Бағалау критерийі:
Білім алушы: • Әңгімені түсініп оқиды, негізгі ойын тауып жазады.
• Мәтіннің түрін анықтайды.
• Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазады, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажыратады.
1. Берілген тірек сөздерді мұқият тыңдаңыз. Біз сабақтан соң, Маратпен үйге қайттық. Балалар шаңғы теуіп жүр. Екеуіміз байқамай шаңғы жолына шықтық. Балалар бізге жетіп қалды. Мен бөгет жасамау үшін, жолды босаттым, Марат әдейі жолда тұрып қалды.Алдыңғы бала оны қақпай жантайғанда, таяғы Маратқа тиді. Марат оның таяғын сындырды. Ол баланы ұратын еді, мен тиіскізбедім.
Мараттың қылығы дұрыс па?
• Мәтінді түсініп оқыңыз, негізгі ойын анықтаңыз
_____________________________________________________________
•Мәтіннің түрін анықтаңыз
______________________________________________________________
• Мәтінде берілген ақпарат сізге пайдалы /пайдасыз болды ма? Неліктен?
______________________________________________________________
Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңыз Шығармашылық диктант 1. Ауамен, біз, дем, таза, аламыз. 2. Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте. 3. Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта сақтаңдар. 4. Жиі, терезені, тұрыңдар, ашып. 5. Отырыңдар, жаңартып, ауаны. • Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлерін ажыратыңыз