Тіл онкүндігі аясында 4 сыныпта тіл мерекесіне арналған сыныптан тыс ашық сабақ өткізілді.
«Мемлекеттік тіл - менің тілім»
Өткізген: Капбасова Б.К
бастауыш сыныптарда қазақ тілінің мұғалімі
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-Сәлематсіз бе құрметті қоңақтар:ұстаздар және балалар!Біздің Тілдер мерекесіне арналған сыныптан тыс ашық сабаққа қош келдіңіздер!
-Балалар, қандай мереке қыркүйек айында тойлаймыз біз?
-Иә, дұрыс, 22-қыркүйек Қазақстан Республикасының халықтарының Тілдер күні деп саналады.
Осыдан тура 25 жыл бұрын - 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.
Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны.
Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда - ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
С.Торайғыров
Родина моя - Казахстан! .
Там лазурное небо и снежные горы,
Бескрайних полей золотые просторы.
Закаты как в сказке и звездные ночи,
Рассветы ясны как красавицы очи.
Там вольные ветры и быстрые реки,
Яркое солнце, широкие степи.
Манящие тайной святые озера
И лоз виноградных витые узоры.
«Жаса, жаса қазақ тілі!»әні
Достарыңызбен бөлісу: |