Шешендік сөздер: қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы. Белгілі бір уақиғаға байланысты тапқырлықпен,көркем тілмен айтылған және жұртшылық қабылдап,елге тараған белгілі ой,тұжырымдар.
Халық шешендігін бағалағандар: ғалым В.В.Радлов. Қазақтың шешендік тапқырлық,нақыл сөздерін алғашқы жинап,жариялаушы ғалымдардың бірі Ыбырай Алтынсарин.
Ізбасты
Жиренше шешен
Оқуға ұсынғандары
Байұлы
«Хрестоматиясына»
«Жәнібек батыр»
Шешендікті алғашқы зерттеушілердің бірі-М.Әуезов
30 жылдардағы шешендік сөздерді жинау,
зерттеуге үлес қосқан С.Сейфуллин
Дәстүрлі шешендік сөздер:
белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой,
көркем тілмен айтылған,халық қабылдап,
жиі қолданып,сөйлемдік құрамы қалыптасқан
жүйелі,үлгілі сөздер.
Шешендік:
Арнау сөздер
Толғау сөздер
Шешендік дау
Шешендік сөз
Шешендік сын
*Шешендік өсиет
*Шешендік нақыл
*Шешендік толғау
*Жер дауы
*Жесір дауы
Мақсаты:
а) Білімділік: Шешендіктің ұлы өнер екендігін паш ету,
адам бойындағы талант,терең білім,
қалыптасқан дағдының болуы - шешен болуға итермелейтінін
түсіндіру;
қазақтың хан,билерінің,
шешендерінің сөздерін есте тоқуға үйрету,
оқушыларға шешеннің бойындағы тағылымды қасиеттерді түсіндіру,
оқушылардың шешенге артылар жауапкершілік пен қойылатын
дәріптеу, шешендер туралы деректерді көбірек білуге шақыру,
жинақтарымен таныстыру.
Міндеті: *Оқушыларды тірек сөздер арқылы мәтін құрастыруға үйрету; * Сөздер жиынтығына логикалық ой шабуылын қалыптастыру; * Өз ойын еркін айтуға,қысылмауға,қалыптастыруға шақыру; * Арнайы сөздіктермен танысу,өз бетінше ізденуге бағыттау;
Күтілетін нәтижелер:
Өз бетінше ізденісі,зерттеу,шығармашылық тұрғыдағы қабілеттерді меңгереді;
- Сөйлеу шеберлігі, ойлау нақтылығы, білгенін жадында сақтай біліп,өмірге көзқарасы қалыптасады;
- Көркем әдебиеттерді оқып талдай білуге дағдыланып, белгілі тақырыптарға орай материалдарды өзі таңдап алады;
- Өз Отанының елін сүйген азаматы болу,азаматтық белсенділікті көрсету,саяси жүйені түсіну,саяси өмірдегі көзқарасқа өз бағасын бере алады;
Шешендікті меңгеру қабілеттілігіне сай өз түсінігі қалыптасады;
Мемлекеттік тіл - ана тілінде, ұлтаралық қарым - қатынас және шетел тілдерінде өзгелермен қарым -
қатынас жасауға мүдделі болады;
ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕМЕСІ
ИДЕЯСЫ:
Оқу құрылымында шешендік мазмұнын жүйелі басқару
ҚАҒИДАСЫ:
- қазіргі мектеп
- қазіргі оқу талабына сай ізгілікті көзқарас
ФУНКЦИЯСЫ:
- адамның адамшылығын жетілдіру;
- Шешендік сөздің табиғатын игеруі;
”Мен” тұжырымдамасының және қоғамдық мәдениетінің негізінде өзінің бейнесін тануы, қалыптастыруы;
Фактор
а) Ой ә) Әрекет б) Сезім
Ғылыми - теориялық ықпалдылығы:
Шешендіктің сырын іске асыру тұлғалық танымдық белсенділікті дамыту тұрғысына негізделеді.
Практикалық маңыздылығы:
Педагог әлеуметтік пікірлер мен шиеленістер жағдайында тұлғаның көзқарасына мән беруге, ал оқушылар шешен,би,батырлардың өсиеттеріне шынайы талдау жасауға, салыстыру мен сараптауға мүмкіндік алады.
-Ақпарат көздеріне тарату (әдістеме,тәжірибе)
-Шығармашылықпен,ғылыми ізденісті айқындау,мұғалімдердің жұмысын бағалау, көтермелеу, марапаттау;
-Үлгілі ата-ана,үздік оқушы,үздік тәрбиешілерді мектеп бұрышына жарнамалау;
-Теңдік әділеттілігін құру -бәріне бірдей сыйластықпен қарау;
Дүниеде теңіз терең емес,адамның жаны терең деп Мағжан Жұмабаев айтқандай халық тәжірибесі сияқты,тәрбие жүйесі бізге ғана емес,келер ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет. Осы заманғы қоғам қазіргі адамдардан үздіксіз өсіп отырған ақпараттар ағымында жылдам бағдарлау мүмкіндігін талап етеді.
Сондықтан қалыптасқан жағдайда оқушының ақыл ой мәдениетінің даму қажеттілігі туып отыр.Балаларымыздың болашағы олардың өмір дағдыларының қаншалықты қалыптасқанына байланысты.
Біз ұсынған тәрбие жүйесі шәкірттердің сағат сайынғы дамуына жағдай жасайтын жүйелі қарым қатынастар мен әрекеттердің жиынтығы, ал мектеп ұжымы адамдарда мәдени құндылықтарды меңгертеді,әрі өмірлік позициясында сақталып қалады. Тұлғалық -танымдық белсенділікті дамыту
моделі басқа адамдар арасында өз орны мен қасиетін,өз мүмкіндігіне тұлғаның баға бере білуін қалыптастырады.
ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ
Оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін, танымдық белсенділіктерін,тұлғалық қасиеттерін анықтай отырып,оқыта отырып шешендіктің қыр-сырына зерттеу – ізденіс,өз бетінше жұмыс, бақылау- тәжірибе жүргізу;
І деңгей: Ұйымдастыру (Кіріспе 2011 – 2012 жыл)
Шешендікке үйрету жобасын байқау (1 жыл)
ІІ деңгей: Негізгі (Сұқбат кезеңі 2012 - 2014 жыл)
Тіл сабақтарында , мектепке дейінгі мекемелерде, оқу орындарында сынақтан өткізу, зерттеулер жүргізу,тұжырымға келу, талдау (2 жыл)
ІІІ деңгей: Қорытынды (Жалпылау: өзін - өзі басқару кезеңі (2014 – 2015 ж)
Еркін, тұлғалық танымдық белсенділігіне сай, шарықтау мүмкіндігін ашу, тұлғалық - танымдық тұрғыдан шешендік белсенділігін жетілдіру (1 жыл).
РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1) Жобаның материалдық базасын қамтамасыз ету
- Материалдық техникалық база жасау (№ 81 орта мектеп,тәрбие орталықтары, ата - аналар университеті,сынып сабақтары)
2) Жобаны ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету
Шешендіктің жаңа құрылымын жасау, тіл сабақтарына ендіру;
3) Жобаны нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету;
Оқыта отырып шешендікке тәрбиелеу жүйесінің мазмұны мен құрылымын жаңартып, сабақта жұмысты нормалау негіздерін жасау, шешендік сөздің табиғатын стандарттау;
4) Жобаны ғылымилық - әдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету;
Танымның фундаментальды теориясы,шешендік сөздің жүйесінің ғылыми әдіснамалық тіл сабақтарында жаңа технологияларды ендіру.
ЖОБАНЫҢ ҚУАТТЫЛЫҒЫ
1. Педагогикалық ұжымдағы кәсіби бәсекелестіктің жетілуі;
2. Тіл сабақтарында тұлғалық - танымдық белсенділікті жан - жақты дамытатын шығармашыл, ізденімпаз мұғалім, ата-ана, бала санының жылма – жыл өсуі;
3. Өзін - өзі басқара алатын, танымдық ой - өрісі дамыған оқушылардың түрлі жоба, байқау,пән олимпиадасына, түрлі шешендік шығармашылық байқауларға қатысып, олардың «Шарықтау еркіндігіне» негіз бола алуы
1. Ұйымдастыру кезеңі (негізгі қағидаларды білу, жүзеге асыру)
-өзіңді,өзіңнің күнделікті сөйлеу стиліңді бақылау;
-жұрт алдында шығып сөйлеу;
-көркем әдебиеттерді,сөздіктерді қарап,оқу;
Ұжымдық жұмыс
Асан қайғының шешендік толғауларына арқау болған негізгі мәселелерді анықтау.Шешендік тәсілдер-параллелизм,қайталаулар,риторикалық сұрақтар екендігіне көз жеткізіңдер.
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
1.Параллелизм деген не?
2.Қайталаулар деген не?
3.Риторикалық сұрау деген не?
4.Асан қайғының жерге айтқан сындарын тауып,оқу.
5.Картаға түсіру.
6.Асанқайғының бағасын тұсына қысқаша жазу.
І топ
“Жиренше”
ІІ топ
“Бөлтірік шешен”
ІІІ топ
Жетес би
Шешендік сөз
Шешендік нақыл
Шешендік дау
І топқа
Балдан тәтті не бар? (өз ойларынан)
Ертеде Еламан деген жігіттің сұрақтарына Қамарсұлу былай деп жауап беріпті.Балдан тәтті не бар?Балдан тәтті екі жастың махаббаты.
ІІ топ.
Жақсы жігіт белгісі
Ерінің болар қаймағы.
Жақсы қарттың белгісі,
Елінің болар қаймағы.
ІІІ топ.
Жер дауы
Ертеде Қызылжардың Таспа жақ бетіне Шөмішкөл аулының Үсен атты бір адамы сиыр жаяды.Оны Қызылжардың адамдары даулайды.Ауылдағы көпті көрген Ізекеңе келіп жүгінеді.Сонда Ізекең:Таспа ұрпақсыз кеткен жан еді.Сол баланың аты аталып жатқан жерді дауға айналдырмаңдар.Таспаның оң жақ беті Шөмішкөлге,сол жақ беті Қызылжарға тиесілі емес пе?
Ауылдың айтқышбектері не дейді?
Бала тілі - бал
Бір күні Қызылжар ауылына әшейін концерт болатын болады.Содан көрші кішкене балалар қуанып,шулап жүреді.Солар сияқты қуанып келген Айсараға ата-анасы: Концерт қанша теңгеден екен-дейді.Сонда ойында ештеңе жоқ Айсара: концерт қарызға болады екен деп жауап береді.
Ата-анасымен серуендеуге шыққан Сабыржан балмұздақ жеймін деп еркелікке басады.Балмұздақ әкеліп берген ата-анасына тілі тәтті Сабыржан: Мен жылы морожный жеймін деп таң қалдырады.
Бір күні бастауыш сынып мұғалімі Жұбанышова Бағила апайдың сабағы болып жатады.Мұғалім оқушылардан: Аю қайда өмір сүреді,қайда жүреді?-деп сұрайды.Сонда Диас есімді бала: - Апай аю біздің үй жақта жүреді депті.
Гүлмира:
-Баян тезірек үлкен боп өсіп кетсе екен!-
Дейді анасына.
-Неге?
-Оның барлық әдемі киімдері өзіне тар боп қалады да,мен кием ғой-дейді ойланбастан.
Заринаның кофтасын шешіп жатып шашына ілініп қалғанын байқамай әкесі Оралбай тарта бастайды.
Шашы ауырып кеткен Зарина:
-Папа,жаймен шешіңіз шашымды жыртасыз,-дейді бар даусымен.
Ауылдағы ақ жаулықты әжелердің бірі Күлбайда апа қан қысымы көтеріліп,ауырып қалады.Содан ауруханаға жеткізеді.Жанындағы бес жасар немересі Балнұр ауруханаға жеткенде әжесін алып бара жатқан дәрігерлерді көріп: Ақыры аяғында масқара болып әжем бала туатын шығар деген екен.Бала тілі-бал деген осы.
- әрбір тақырыпты ғылыми әдіснамалық тұрғыдан зерттеу;
2. Сынып оқушыларын ғылыми әдістемелік критерийлерге сүйеніп
бағалау;
3.Шешендіктің ғылыми тұрғыда қызмет етуін ұйымдасыруда
оқушының пән мұғалімімен
ынтымақтастығы;
4. Міндеттерін сынып оқушыларына дұрыс,жүйелі түсіндіру;
Ғылыми басқару методологиясының фазалары:
Сабақтағы жұмыс мазмұнының анализі және негізгі мәселелерді анықтау;
Бағыттардың түріне сүйеніп мақсаттар қою;
І деңгей Ұйымдастыру 2011-2012ж
Қызметі:
1.Тіл сабақтарында жаңашыл әдіс-тәсілдерді,педагогикалық технологияларды тиянақты пайдалану үшін ұжым мүшелеріне теориялық,практикалық,ғылыми тұрғыдан шыңдалуына мүмкіндік жасау;
2.Мектепте тіл сабақтарының жұмысын жандандыру;
3.Қоғамдық орындармен жан-жақты байланыс орнату,озат тәжірибемен танысу;
4.Ағымдағы өзгерістерді анықтау,баға беру;
5.Шешендікті меңгерті үшін тиімді әдіс-тәсілдерді
табу,пайдалану;
Нәтиже:
1.Ағымдағы тіл мамандарының жұмыстарына рейтинг құрылып,бәсекеге қабілеттілігі артады,өз жұмысының нәтижесін көреді.
2.Ақпараттық технологияларды пайдалану шеберлігі артады.
3.Оқушылардың шешендік тұлғалық белсенділігіартады,өзін-өзі көрсету факторлары орын алады.
:
ІІ деңгей Негізгі (Сұқбат кезең) (2012-2014ж)
Қызметі:
1.Шешендікті меңгерту жұмысын жүргізудегі пән мұғалімдерінің,сынып жетекшілерінің бәсекелестігін арттыруға байланысты топ,секция құру;
2.Арнайы зерттеулерге сүйене отырып, мақсатты орталық құру,топтастыру;
3. Өзін-өзі басқару жүйесін мектептерде басқарта отырып,белсенді,шығармашыл тұлғаларды қалыптастыру,өз бетінше басқару құрылғыларының моделін жасау;
4.Шешендік сөздің саласының құрылымын ғылыми негізге бағыттау;
-Теңдік әділеттілігін құру -бәріне бірдей сыйластықпен қарау;
Шешеннің ұлы қасиеті –қажетті нәрсені айту ғана емес,сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау деп Цицерон айтқандай халық тәжірибесі сияқты,шешендік тарихы бізге ғана емес,келер ұрпақтарымыз үшін де қымбат қасиет. Осы заманғы қоғам қазіргі адамдардан үздіксіз өсіп отырған ақпараттар ағымында жылдам бағдарлау мүмкіндігін талап етеді.
Сондықтан қалыптасқан жағдайда оқушының ақыл ой мәдениетінің даму қажеттілігі туып отыр.Балаларымыздың болашағы олардың өмір дағдыларының қаншалықты қалыптасқанына байланысты.
Біз ұсынған шешендікке тәрбиелеу жүйесі шәкірттердің сағат сайынғы дамуына жағдай жасайтын жүйелі қарым қатынастар мен әрекеттердің жиынтығы, ал мектеп ұжымы адамдарда мәдени құндылықтарды меңгертеді,әрі өмірлік позициясында сақталып қалады.Шешендік тұлғалық -танымдық белсенділікті дамыту
моделі басқа адамдар арасында өз орны мен қасиетін,сөздік қорын өз мүмкіндігіне тұлғаның баға бере білуін қалыптастырады.