«Тіл туралы Заңның» орындалуы туралы мәлімет.
Әр ұлттың өз ана тілі бар. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Әр адамның өз тіліне деген құрметін өз ұлтына, Отанына деген құрмет деп білу керек. Тіл мәселесін көтеруде барлық іс-шараларды ұтымды ұйымдастыруға жаппай колледж ұжымы ат салысады. Тілдің діңгегі одан әрі күшею үшін әлі де талай игі істер бірігіп атқарылады. Тіл үшін күрес –тәуелсіздікке қосқан үлес деп есептейміз, тілімізге шынайы жанашырлық танытуға колледжіміздегі басқа ұлт өкілдері де ат салысатынына сенеміз.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.
Тіл туралы Заң 6 тарау және 27 баптан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |