Тілдің дамуы туралы бірнеше қате
көзқарастар болды.
Мысалы, Н.Я.Марр тіл дамуының әр түрлі сатысы
бар және ол сатылардың әрқайсысы белгілі бір
қоғамдық формацияға (айталық, феодалдық
қоғамға, капиталистік қоғамға, социалистік
қоғамға) сай келеді деп есептеді.
Ағайынды Шлегельдер мен Гумбольдтың тілдің
өткен дәуірін – классикалық дәуір, тілдің гүлденіп
дамыған дәуірі, ал бергі дәуірлер – тілдің азу,
бүліну дәуірі деп есептеулері ешбір шындыққа
жанаспайтын, мүлдем қате көзқарас.
Неміс лингвисі Август Шлейхер тілдің дамуының өсімдік
пен хайуанаттардың өсіп дамуынан айырмашылығы жоқ,
– деп есептейді. Шлейхердің
пікірінше, тіл биологиялық
организм сияқты туады, өседі, қартаяды; ақырында өледі.