Тілдің еркін меңгеруінің бұзылу формасының диагностикасы. Тілдің еркін меңгеруінің диагностикасының негізгі міндеттері ырғақты сөйлеу функциясының бұзылысын,ырғағын айқындау керек.
Жоғарыда айтылғандай , бұл-әртүрлі иерархиялық ұйымдастырылған жұмыс функциясы .Негізгі көрініс ырғағы болып Н.А. Бернштейннің интеративті белгілеуі болып табылады.Ол жүйелі және қайталанба сигналдар арқылы беріледі.Адам организміндегі, мысалы, жүрек қағысы ,дем алу т.б сияқты .Моторлы жүйеде бұл-ему ырғағы ,еңбектеу,жүру.
Итерациялық ырғақ ми қыртыс асты құрылымы арқылы жүзеге асады.Оның дұрыс жұмыс істемеуінен итерациялық ырғақ дұрыс жұмыс істемейді немесе жеткіліксіз қалыптасады. Бұндай бала итерациялық ырғақтың жаттығуларын жасауға қабілетсіз болып келеді . Олар:шапалақтау,қадамдап басу ,сөздер ырғағымен қадамдарын үйлестіре алмайды.
Бұл тіл бұзылысын түрін шартты түрде ми қыртысының итерациялық ырғағының бұзылуы деп атаймыз.Ол әртүрлі ырғақтағы топтармен және қиындықтарына қарай бөлінеді.Ырғақтық топтар әртүрлі музыкалық , жануарларға қатысты өлең шумақтарымен байланысқан.
Мидың оң жақ жартышарының зақымдалуы болса,онда ырғақ функциясы да бұзылады.Ондай бала белгілі әуен ырғағына сай қол шапалақтай алмайды,ырғаққа сай қозғала алмайды.Бұл бұзылыс түрін мидың оң жақ жартышарының амузиялық дизритмиясы деп аталады.
Ең қиыны болып тілдің прозалық қыртыс бұзылысы ырғағы болып табылады.Сөйлеу кезіндегі ойлау ең бірінші орында болуы керек.Сөйлеушіге семантикалық екпін қажет кезде ,мерзімді ырғақ үзіліс алу керек.Ми жарты шарларының арасындағы байланыс бұзылысы болса,онда ми координациясы да бұзылады.Бала прозалық ырғақта емес сөз айтуға қабілетті болса,онда жарты шар бұзылысы байқалмайды.Диагностиканың бұл түрі логопедиялық ,оның ішінде логоритмикалық тексеруге кіреді.Логопедиялық тексеруден бөлек ,психологиялық тексеру және кинезитерапиялық диагностика өте маңызды.
Тексеру қорытындылары салыстырылады,талданады,және қорытынды диагноз жүргізіледі.Төменде диагностикалық хаттамалар мен диагностикалық карталар берілген.Оларда балаларға арналған жаттығулар тізімі мен процедуралары, жасалған жаттығулардың қорытындылары жазылады.