§45. Цифрға тіркелетін % (процент), 0С (Цельсий) таңбаларынан кейін жалғанатын қосымшалар дефис арқылы жазылады: 50 %-kе, 10 0С-den tómen.
§46. Күшейткіш буынмен келетін сөздер дефиспен жазылады: ap-anyq, qyp-qyzyl, sap-sary, jap-jaqsy, súp-súıkimdi, quba-qup. Бірақ appaq, kókpeńbek болып жазылады.
§47. Кірме негіздер, аббревиатуралар мен сандардың төл және шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулары, сондай-ақ ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: breın-rıng, kofe-breık, market-meıker, shoý-bıznes, tok-shoý, blıs-saýal, feıs-baqylaý, art-kafe, pop-mýzyka; MP4-pleerleri, USB-tasymaldaýshy, SD-karta; VIP-palata, IT-mamandar, PR-menejer.
§48. -aq, -aı, -aý, -dy, -di, -mys, -mis, -tin, -tuǵyn шылаулары дефис арқылы жазылады: sen-aq, shamaly-aq, kelmeıdi-aý, ádemisin-aı, aıtqan-dy, barypty-mys, kelipti-mis, kóretin-di; еrek-tin, bar-tuǵyn, joq-tuǵyn.
§49. Қысқарған сөзге қосымшалар дефис арқылы жалғанады: AAQ-nyń, QazUPÝ-ǵa, TMD-ǵa (§73-75 қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |