ТІРЕК ҰҒЫМДАР Анықтауыштық қатынас – зат пен құбылыстың атауы болатын есім сөз тіркестері сыңарларының арасындағы алдыңғысы анықтайтын, соңғысы анықталатын қатынас.
Атауыштық тіркес – сыңарлар арасындағы байланысы тұрақты, зат пен құбылысты тура мағынада атайтын, бөлек жазылатын күрделі сөз.
Ашық дауысты – жақтың кең ашылуы арқылы тек үннің қатысымен жасалатын дыбыс.
Әріп – дыбыстың әліпбидегі графикалық таңбасы.
Біріккен сөз – бірнеше түбірден бірігіп, бір ғана зат пен құбылыстың атауы болатын, бірге жазылатын күрделі сөз.
Дыбыс – айтылымдағы ең кіші тілдік бірлік.
Емле – жазу нормаларын қалыптандыратын ережелер жиынтығы, орфография.