Дауыссыз дыбыс әріптерінің емлесі
Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптер: b, d, f, g, ǵ, h, ι, j, k, l, m, n, ń, р, q, r, s, t, v, ý, z, sh, ch.
§3. b, g, d, f, h, j, к, l, m, n, p, q, r, s, t, v, z, sh, ch және ı, ý (§6-ны қараңыз) әріптері сөздің басында, ортасында, аяғында жазылады: baılyq, kóbelek, arab; gúl, kógal, pedagog; dáýlet, baǵdar, asteroıd; fılosofıa, múftı, paragraf; hıkaıa, qahar, tarıh; jospar, ereje, muqtaj; kúmis, shekpen, berik; lebiz, alash, táýekel; máńgilik, qaımaq, ǵalym; namys, kóne, dastarqan; parasat, kópir, talap; qurmet, maqtanysh, bolashaq; ras, ertegi, ómir; saıasat, kelisim, aıtys; tabıǵat, qatal, sáýlet; vırýs, avtor, rezerv; zerde, bilezik, qundyz; shańyraq, búrshik, qylysh; chempιon, kaýchýk, senvıch; ıá, qaıyń, saı; ýaqyt, áleýmet, taý. Ashshy, tushshy, keshshe сөздерінде екі sh әрпі қатар жазылады.
§4. ǵ әрпі сөз басы мен ортасында ғана жазылады: ǵarysh, aǵash, samǵa.
§5. ń әрпі сөз ортасы мен соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń, meń, zań.
ı, ý әріптерінің емлесі
§6. ı, ý әріптері дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, ıaǵnı, qoıan, saıa, ıod, faıl, aıkıdo, mezozoı, ýaǵyz, ýaqyt, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn, aıýan, keıýana.
§7. уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен жазылады: ıgilik, ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt.
Е с к е р т у. Қосар уı (ый) әріптері тек sуı (сый), tуı (тый) түбірлерінен жасалған сөздерде жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý; tуıym, tуıylý, tуıý.
ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің ı (-й) жұрнағы жалғанғанда, екі ı әрпі қатар жазылады: baıy – baııdy, keıi – keııdi.
§8. uý (ұу), úý (үу) дыбыс тіркестері cөздің барлық буынында ý әрпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, jazý, kelý, barý.
Достарыңызбен бөлісу: |