|
§19. Сөз соңындағы k, q, p әріптері тәуелдік жалғауы немесе көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ, b ( ý)
|
бет | 8/19 | Дата | 24.02.2022 | өлшемі | 94,34 Kb. | | #133092 |
| Байланысты: жана латын әлипбиіБұл бет үшін навигация:
- Бірақ
§19. Сөз соңындағы k, q, p әріптері тәуелдік жалғауы немесе көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ, b ( ý) болып жазылады: júrek – júregi, súıek – súıegi, kúrek – kúregi; qazaq – qazaǵy, baıraq – baıraǵy, taraq – taraǵy; kitap – kitaby, aspap – aspaby, lep – lebi; ek – egedi, tók – tógedi; taq – taǵady, baq – baǵady; kep – kebedi, keýip, jap – jabady, jaýyp, tap – tabady, taýyp. Бірақ sap – sapy, sapynda, tarap – tarapy тәрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.
§20. Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде қосымша сөздің тәуелдік формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, otbasyna, otbasyn, otbasylar, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasylar, otaǵasyna, otaǵasyn, otaǵasylar, myńbasyn, myńbasyna, myńbasylar. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.
§21. Түбір сөзге -hana, nama, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor тәрізді араб, парсы тілінен енген және -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тәрізді төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады: kitaphana, ádisnama, emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qaıratker; sezimtal, uǵymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen, qyzben.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|