§27. da, de, ta, te шылаулы тіркестерімен келген күрделі сөздер бөлек жазылады: bar da kel, aıt ta qoı, qara da tur, kir de shyq. Бірақurda-jyq, asta-tók, ýda-shý тәрізді лексикаланған тіркестер бірге әрі дефис арқылы жазылады. §28. Негізгі сөзге тіркескен aldy, arty, asty, ústi, mańy, jany, ishi, syrty, basy, tusy, sheti, boıy сияқты көмекші есімдер бөлек жазылады: esik aldy, úı arty, kópir asty, ústeldiń ústi, qala mańy, bazar jany, aýla ishi, qora syrty, qystyń basy, júrek tusy, aýyl sheti, ózen boıy, tula boıy.
Е с к е р т у. Aldy, arty, asty, ústi көмекші есімдерімен келіп, атаулық мағынаға ие болған сөздер бірге жазылады: saılaýaldy naýqan, mektepaldy top, tilarty dybysy, sózaldy syńary, tisarty daýyssyzy, jerústi jumystary, jerasty sýlary.
§29. Идиомалық, фразалық тіркестердегі әрбір сөз бөлек жазылады: qas batyr, shynjyr balaq, shubar tós, shıki ókpe, qara ter, ıek artty, bas tartty, bet burdy, ıin tires. Бірақ атау сөздің орнына жүретін лексикаланған тіркестер бірге жазылады: basqosý, atsalysý, aqkóńil (§38-ді қараңыз).