«Тілді жоғары оқу орнында оқыту мәселелері»



бет1/9
Дата08.06.2018
өлшемі183,64 Kb.
#41705
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК

ПОӘК


042-18-28.1.24/03-2016


ПОӘК

«Тілді жоғары оқу орнында оқыту мәселелері»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


______2016 жылғы

№ 1 басылым








5М020500 Филология мамандығы магистранттарына

арналған

«Тілді жоғары оқу орнында оқыту мәселелері»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР










СЕМЕЙ

2016
Мазмұны


1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.

Аймауытов Жүсіпбек– көркем сөз шебері, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым. Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу , оның дұрыс өсіп, қанат жаюына көмек көрсету мәселелеріне талдау жасаған. «Тәрбиеге жетекші», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» атты кітаптары, «Тәрбие», «Әдет заңы», «Ана тілін қалай оқыту керек» атты мақалалары жарық көрген.

Айғабылұлы Айтбай - қазақ тілі әдістемесінің дамуына үлкен қосқан ғалым. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» (1982), «Қазақ тілін оқыту методикасы» (1988) атты еңбектері жарық көрді. «Ережеден дәлдік – оқыту сапасының көрсеткіші» атты мақаласы бар.

Арғынов Хасен - әдіскер ғалым. «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі қазақ тілінің әдістемесінде жеке сала бойынша жүйелі курс жасаудағы іргелі зерттеу болып саналады. Қазақ тілін оқыту әдістемесін пән ретінде жаңа сатыға көтерді.

Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулықты 1965 жылы «Мектеп» баспасынан шығарды.

Әмір Рақыш – қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, п рофессор. Мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері: «3-класта бірыңғай мүшелерді оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды жақсартайық», «10-класқа сөз құрамын оқыту», «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде», «Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту методикасы», «Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту», «Қазақ тілі оқулығын (3-класс) пайдалану жөнінде методикалық нұсқау», «Орыс мектептерінің 2-3 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын методиклық нұсқау», «1-класта қазақ тілін оқыту»; «1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар»; «Грамматика, емле, тіл дамыту»; «Қазқ тілі»; «Қазақ тілі. 3 жылдық бастауыш мектептің 1-класына арналған оқулық»; «Қазақ тілі. Сегіз жылдық мектепті» 1-класына арналған»; «Қазақ тілі. 2-класқа арналған»; «Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту. 2-класқа арналған»; «2-3 класқа қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау»; «Қазақ тілі орыс мектептері үшін»; «Қазақ тілі. 3-класс начальной русской школы»; «Қазақ тілі. 3- класқа арналған»; «3-класс. «Қазақ тілі» оқулығына методиклық нұсқау (мұғалімге арналған көмекші құрал)»; «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған)»; «Қазақ тілі. 4-класқа арналған оқулық»; «Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған».

Байтұрсынұлы Ахмет – алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым, қазақ тілінің оқыту әдістемесін негіздеген, әдістеме ғылымының көш басшысы, қазақша сауаттандыратын әліппені – «Оқу құралын » жазған, «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Бастауыш мектеп», «Жалқылау », « Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалар жазған. Сауат ашу құралы ретінде жазылған « Оқу құралынан » бастап, « Әліп-би» мен « Тіл құралда» қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.

Басымов Қажым - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі. Оқыту әдістеріне байланысты «Грамматика оқыту жөнінде », « Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек», « Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік », «Түрлі-түсті сөздерді » деген мақалалары бар.

Бегалиев Ғали - әдістеме ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым.

«Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы »(1940), «Әріп, дыбыс,буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау.» «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектері бар.



Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар.

Жиенбаев Сейіл – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы»,«Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбекер жазған.

Маманов Ыбырайым - қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым. «Айман-Шолпан» жырында атақты Маман байдың ұрпағы. «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері жарық көрді.

Ұйықбаев Иманбай - әдіскер ғалым. «Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілі методикасының очерктері» әдістемелік еңбектері мен орта мектептің 8,9 сыныптарына арналған оқулықтары бар. «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі жарыққа шыққан.

Сарыбаев Шамғали – қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басқан ғалым. «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы», т.б. ғылыми мақалалары жарыққа шықты. «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» кітабы бар

2 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму кезеңдері
1 Дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы, даму тарихы және мәселелері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері, пән ретінде қалыптасуы және даму жолдары туралы мағлұмат алу

Жоспар:

1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы түсінік.

3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» - институттың филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.

Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.

Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.

Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.

Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық



Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері, пән ретінде қалыптасуы және даму жолдары алу
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы түсінік.

3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы.



Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

 

2 Дәріс: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер



Мақсаты: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары туралы мағлұмат алу. Оқушыларға ХІХ ғасырдағы оқу жүйесі туралы түсінік беру. Ауыл молдаларының мектепке қосқан үлестерін таныту. Қазақ зиялыларының қазақ даласында ашқан мектептері туралы мағлұмат беру

Жоспар:

  1. ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі.

  2. А.Яссауидың даналық мектебінің болуы.

  3. Мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыттары

Адамзат баласының мәдени, рухани кеңістігіне назар ауарар болсақ, олардың биікке көтерілуінің, бойын түзеуінің, жоғары өрлеуінің басты шарты өнер мен білім екенін аңғарасыз. Елдің рухани өркендеуі, мәдениетінің биіктігі, ең алдымен, көкірек көзінің ашықтығымен, санасының саулығымен, білімділігімен де байланысты. Бүтін халық мәдениетінің биік деңгейі, тек ел арасынан шыққан ұлылардың үлкен тізімімен ғана анықталмасы анық. Сондай ақ, жалпы халықтың, сауаттылығы, таным – түсінігінің кеңдігімен де сипатталады. Осы орайда қазақ жұртының жалпы сауаттылығының деңгейін анықтайтын мектеп – медреселердің болуы, олардың ерекшелігі мен басты бағытын анықтаудың өзектілігі айқын.

ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі болғаны туралы нақты тарихи дерек жоқтың қасы. Дегенмен, қалалы жерлерде оқу ісінің белгілі сипаты болғанын ешкімжоққа шығара алмасы анық. Басқасын былай қойғанда, Әбу Насыр әл-Фараби ибн Синалардың, М.Қашқари мен Ж. Баласағунидің, А.Югнеки мен А. Яссауидың алғашқы білім алған жерлері осы түркілік топырақ екені баршаға белгілі. Тақыр жерге шөп шықпайды дегендей, бұл ғұламалардың өнген, өскен ортасында білім ошақтары болғаны рас. Мұның үлкен айғағы А.Яссауидың даналық мектебінің болуы, оның шәкірттерінің даналық жолды жалғастыруы дер едік.

Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі

Бұл мектептер, негізінен, орыс тілінде дәріс беріп, жалпы білім негіздерін үйретумен айналысты, тілмаштық іс жүйесін үйретті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақмола мен Семей өңірінде мектеп-интернаттар ашылды. Кейін көп ұзамай олар ауыл шруашылығы училищелері болып қайта құрылды. Осындай мектептер кейін Орал мен Торғай аймақтарында, одан кейін Жетісу, Сырдария облыстарында ашылады. Жер – жерде екі кластық орыс – қазақ училищелерінде дәріс беріле бастайды. Ресми мәліметтерге қарағанда, 1911 жылы Қазақстанда 350 оыс –қазақ училищесі жұмыс істейді де, онда барлығы 6756 қазақ баласы оқиды. Орыс – қазақ мектептерінде бірінші жылы ана тілі, орыс тілі, арифметика, ән-күй, дін сабағы жүрген. Ал екінші жылы тарих, география, жаратылыс тану пәндері оқытылған.



Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер

Мұндай мектептердің де өзіндік ролі мен орны, маңызы ерекшке болды. Халықтың қолдауының арқасында бұл оқыту жүйесі ауыл-ауылда кеңінен тарады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының үлкен тобының қалыптасуының негізі осы мектеп үлгісі десек қателеспеген болар едік. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қазіргі аяулы тұлғалары, мәдениет корифейлерінің әуелгі ұстазы осы ауыл молда – мұғалімдері болған. Әптиектен бастап оқытып, олардың мұсылманша сауатын ашуына ықпал жасады.



Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Мұндай мектептерде білім салалары толық оқытылып, халықтың дәстүрлі мен салты негізінде білікті кәсіби мамандар сабақ берді.Жәңгір мектебі, Айғаным медресесі, Мамания мектебі және Ы.Алтынсарин ашқан мектептерде тарих, география, есеп, қазақ тілі, ескіше оқу, дін сабағы сияқты іргелі, негізгі пәндерден дәрістер берілгені белгілі.

Бөкей ордасыныңатақты ханы Жәңгірдің бастамасымен 1841 жылы қазақ жерінде тұңғыш зиялы мектеп ашылады. Басқа да мектептер сияқты мұнда да жергілікті халыққа білім нәрін берумен саналы түрде айналыса бастайды. Ғылымның негізгі салаларынан дәрістер оқытылады. Оқытушылар әр жерден шақырылып, таңдап алынады.

Дарынды деп танылған мектеп бітірушілер өз білімдерін Ташкент пен Бұхара қалаларында жлғастыруға мүмкіндік алады.



Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Елдің рухани өркендеуі, мәдениетінің биіктігі немен байланысты?

  2. ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісі қалай қалыптасқан?

  3. Профессор Мекемтас Мырзахметовтың «Әріптер неге өзгерген» деген мақаласында не жазылған?

  4. «Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе» оқу құралының авторы



Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

5. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6.

6. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.

 
3 Дәріс: Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері.



Мақсаты: Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлерімен танысу. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы алатын рөлін көрсету

Жоспар:

1. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі

2 Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері.


1850 жылы Орынбор қаласында қазақ балаларына арналып 7 жылдық мектеп ашылды. Бұл мектепке Ыбырай Алтынсарин 9 жасында түсіп, оны 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітірді. Жаңа ашылған мектепке 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырай оқуға түсті. Жергілікті өкімет орны оқушы қазақ балаларына өзгеше түрлі киім кигізіп, қазақша тамақ астыртып жүргендегі мақсаты – патша өкіметінің өрескел реакцияшыл саясатын бүркеу еді.

Ы. Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтіп, оны ілгері алып бара алатын кадрлар даярлауды ірі мақсат етіп қойды. Мұндай кадрларды ол тек азаматтық халық мектептері арқылы ғана дайындап шығаруға болатындығын ұғынды. Ы. Алтынсарин Қазақстанда халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны жолға қоюды, оған дұрыс бағыт беруді үлкен арман етті. Халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны ілгері алып бару үшін алғашқы кезде «түгел беріліп, халықты сүйетін, мен сияқты қазақ керек» ,- деп жазды ол. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалды.

Ы. Алтынсариннің аса көрнекті тарихи еңдегінің бірі – ол тұңғы рет Қазақстанда азаматтық халық мектептерін ашты, сол мектептреде орыс тілін және қазақтың ана тілін жеке пән етіп енгізіп, оны оқушы балаларға білім жолымен үйретті, азаматтық мектептерді патша үкіметінің реакцияшыл миссионерлік саясатына да, реакцияшыл ислам дініне де қарсы ұстай білді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин бұл идеяны өзінің шығармаларын да дәріптеді, іс жүзінде де асыруға жедел кірісті. Оның ашқан мектептері қазақ даласына ұлы орыс халқының демократияшыл озат мәдениетін тарататын тіректі пунктке айналды. Алтынсарин ағартушылық жұмысын іске асыруда талай қиыншылықтарға кездесті, оған ағарту жұмысын тыңнан ұйымдастыруға тура келді. Торғай облысының бас қаласы Орынбор болды. Барлық облыстық мекемелер сонда тұрды. Ал Ы. Алтынсарин облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалғаннан кейін, үш жылға жуық Торғай қаласында тұрып, одан соң Қостанай қаласына көшіп барды, сонда тұрып облыста ағарту жұмысын басқарды. Ол Қостанай қаласына үш шақырымдай жерде, Тобыл өзенінің иініңде, бір кішкене көлдің жағасында, өз қаражатымен үй салдырып, сонда тұрып, инспекторлық қызмет атқарды. Өзінің өлер шағында , сол үшін орыс-қазақ мектептерінде істейтін мұғалімдерге бағыштады. Ол үй келешекте демалыс үйіне айналды. Ал 500 десятинадай өзіне тиісті жерін, ол Қостанай қаласында ашылғалы жатқан ауылшаруашылық училищесіне бағыштады.

Ы. Алтынсарин ауыл шаруашылығы мамандарын, өнеркәсіп мамандарын даярлап, шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, осындай игілікті істің негізін салуды арман етті. Халықтан қаражат жинап, ол Торғай қаласында ремесленое училище ашып, қазақ балаларын жалпы пәндерден тыс түрлі қолөнер кәсібі мамандығына, ұсталыққа, тері илеу мамандығына үйретті. Қостанай қаласында ауыл шаруашылық училищесін ашуға жоғары үкімет орындарынан рұқсат сұрады, бұл мектептің пайдасына, өзіне тиісті 500 десятина жері де бағыш етті. Бұл училищені ашуға жоғарғы үкімет орындарының рұқсаты Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін барып алынды. Сөйтіп, Осы ауыл шаруашылық училищесі Алтынсариннің талабы бойынша Қостанай қаласында көп ұзамай-ақ ашылды.

Ы. Алтынсарин Қазақ халқының тарихында бірінші рет педагогикалық білімнің іргесін қалады. Ол орыс-қазақ училищелерінде математика, физика, химия, география, тарих, орыс тілі, қазақ тілі пәндерін оқытты. Блаларға орыс тілін оқытуға және ана тілін оқытуға айрықша көңіл бөлу керек екендігін дәлелдеп, мұғалімдерге нұсқау берді. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинскиймен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгілерінде құрастырды. «Қазақ хрестоматиясы» 4 бөлімнен құралды: бірінші бөлім-өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелерден, ертегілерден құралды; екінші бөлім-үлкен кісілер тұрасындағы әңгімелерден құралды; үшінші бөлім-ел әдебиеті нұсқауларынан, әр түрлі өлең-жыраулардын; төртінші бөлім-мақалдар мен мәтелдерден құралды. «Қазақ хрестоматиясына» арналған сөз басында автор: «Ең алғашқы рет туып отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның мүмкін кейбір кемшліктері болар, бірақ ол дегенмен, ізсіз жоғалып кетпес, ең алғашқы рет оқытылайын деп отырған кітап ретінде көзделген мақсатқа дөп келер деген сеніммен өзімді-өзім жұбатып отырмын»,-деп жазды. Ы. Алтынсариннің осы бағасының өзі де, бұл еңбектің қазақ мәдениетінде үлкен орын алатындығын, өте маңызы зор екендігін сипаттайды. Аотынсарин ғылымды дәріптеп қана қойған жоқ, ол қазақ жастарына ғылымды меңгеру жолдарын да көрсетті. Оқу барысы, тәрбие жұмысы үлгілі сатыға қойылған халық мектептерін ашты.

Дәрісті қорытындылау: Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Ы. Алтынсариннің еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі

  2. «Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе» оқу құралы

  3. Ы.Алтынсарин – кемеңгер әдіскер



Әдебиеттер:

1.Шағын комплектілі мектепте педагогикалық үрдісті басқаруға мұғалімді даярлаудың ерекшеліктері. Республикалық семинар кеңестің материалдары. Өскемен ШҚМУ, 2002.

2. Шашақова А. Халық тәлімі – тәрбие бастауы. – Алматы: «Рауан». – 1994. – 112 б.

3. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Ғылым», 1986. – 512 б.

4. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, «Мектеп»1988.

5. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965.

6. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.

7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

8. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет

9. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, «Ауыл мұғалімі» журналы, 1938 ., №14

10.Досмұхамедұлы Х. Аламан/ -Алматы,1991ж.

11. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.




2-модуль. Қазақ тілін оқытудың ғылыми негізі
4 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы

Мақсаты: А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызын түсіну. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру

Жоспар:

  1. Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауы.

  2. ХХ ғасырдағы басылымдар.

  3. Байтұрсынұлы Ахмет – алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым.

  4. Ахмет Байтұрсынұлының мектеп туралы, оқу-білім туралы ойлары

  5. Ахмет Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп» атты мақаласы жайлы

Ұлы далада соғылған алғашқы қоңырау арқылы қазақ баласы мектеп табалдырығын аттады. Енді осы білім шаңырағында жүйелі түрде іргелі пән ретінде жүргізілетін сабақтардың оқулықтары мен оқу құралдары жазылып, олардың бағдарламалары жасалуы қажет болды. Бұл үлкен де ауқымды, әрі жауапкершілігі мол іс еді. Сондықтан да, ең алдымен , қазақтың көзі ашық оқығандарының бәрі де бұл іске жабыла кіріседі.

Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Шора», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесін де айту парыз. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау жайы үнемі күн тәртібінде тұрды. Айталық, Ж.Аймауытовтың «Ана тілін қалай оқыту керек?» деген мақаласы «Жаңа мектеп» журналының № 2 санында 1919 жылы жарияланды. Мақалада қазақ тілін оқытудың өз кезіндегі өзекті мәселелері көтеріледі.

Ең әуелі география, математика, табиғаттану, педагогика, қазақ тілі, әдебиет, тарих т.б. пәндерінен қазақ тілінде оқулық жазу ісі белсенді түрде іске асырыла бастады. С.Асфендияров, Ә.Бөкейханұлы, М.Жұмабаев, Х.Досмұханбетов, М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы сынды қазақ халқының біртуар азаматтарының бұл бағыттағы бастамалары бүгінгі таңда қалың орман қауымға белгілі.

Қазақ тілінің төл оқулығын ана тілінде алғаш рет жазып, оның әуелгі терминологиясын қалыптастырған айтулы ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлына дейін жазылған қазақ тілі туралы бірлі-жарым орыс тіліндегі оқу құралдары болғанмен, қазақ тілінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Қазақ тілінің грамматиксына тыңнан түрен салған, оның барлық салалары бойынша алғашқы терминдерін жасап негізгі жүйесін қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлы болды.

Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік бағытта жазылған « Тіл жұмсар» атты еңбегінің мәні зор. Тіл – құралдың жеке бөлшектерін түсіндіру жолын белгілеп берген бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесі пәнінде алатын ролі мен маңызы ерекше болмақ.

«Тіл жұмсар» - қазақ тілін оқыту әдістемесінің басы. Ғалымның өзі көрсетіп бергендей, тіл туралы еңек жазу бар да, оны балаға оқыту жүйесі бар: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады» (1992,336)

«Жақсы дерлік де, жаман дерлік те бір әдіс жоқ Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің болуы – түрлі әдісті бөлу; керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу», - деп ой түйіндеген әдіскер-ғалым. Ахмет Байтұрсынұлының жазғандарынан алар тағылым үлгі мол. Қай кездегі мұғалім не оқытушы болса да, оқыту әдісін көп білуі шарт. Әр әдісті орынды қолдана білсе, қайсібір әдіс болса да өз орнында орынды көрінері даусыз.

Әдіскер – ғалым оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшін,мынадай әдістемелік қағидаларды ұсынады:


  1. Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;

  2. Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;

  3. Сабақты алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру;

  4. Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету;

  5. Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқтуға, жандандыруға тырысу;

  6. Алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану;

  7. Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді.

Ғалым ұсынып отырған қағиданы қай-қайсысы болса да балаға дәріс беру жүйесінде ешқашан ескірмек емес. Мектеп мұғалімі үшін үнемі есте болатын негізгі ұстанымдар деп бағамдаймыз.

Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған « Оқу құралынан » бастап, « Әліп-би» мен « Тіл құралда » қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет