«Тілді жоғары оқу орнында оқыту мәселелері»


Р.Әмір туралы жазылған мақалалар мен Р.Әмірдің ғылыми және әдістемелік еңбектері



бет4/9
Дата08.06.2018
өлшемі183,64 Kb.
#41705
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Р.Әмір туралы жазылған мақалалар мен Р.Әмірдің ғылыми және әдістемелік еңбектері:

Хасенов Ә. Ұстаздық жолда // Қазақстан мұғалімі. 1980, 11-қаңтар.

Айтбаев Ө. Сөз-ой сәулесі // Қазақ әдебиеті. 1973,6-сәуір.

әміров Р.С. Жалпы білім беретін мектепті» 5-9 кластарына арналған қазақ тілі пәніні» бағдарламасы (жоба) // Қазақ тілі мен әдебиеті. 1993.№10-11012.

Бозжанова К., Әміров Р. Бастауыш Мектепте қазақ тілін оқыту. Алматы, 1964 жыл.

Асқарбаева А., Әміров Р., 2-3 класс: «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау. Алматы, 1971.

Әміров Р. 3-кластарға оқыту жұмысы (методикалық нұсқаулар жинағы) Алматы.1973 жыл.

Әміров Р. 3-класс «Қазақ тілі» оқулығына методикалық нұсқау (мұғалімдерге арналған көмекші құрал). Алматы. 1971 жыл.

әміров Р. Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған ). Алматы.1991.

әміров Р., Асылов Ұ., Жиенбаев у. «Қазақ тілі» 4-сынпқа арналған оқулық. Алматы. 1997 жыл.

Әміров Р., Әмірова Ж. «Қазақ тілі» оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған. Алматы. 1994 жыл.

Әміров Р. 1-класта қазақ тілін оқыту. Мұғалімдерге көмекші құрал. Алматы. 1962 жыл.

Әміров Р. 1-класта оқушыларды тілін дамыту үшін істелінетін жұмыстар. Алматы.1957 жыл.

Әміров Р., Бәкірова А. Қазақ тілі грамматикасы, емле, тіл дамыту. 1-класқа арналған оқулық. Алматы 1984 жыл.

Балақаев м., Әміров Р., Қазақ тілі. Алматы. 1965.

Уәйісова Г., Әміров Р., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі 2-класқа арналған. Алматы. 1998.

Әміров Р., Әуелбаева Ш., Бәкірова А. Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту.2-класқа арналған. Алматы. 1997жыл.

Қазақ тіл білімімен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалымның бірі - Маманов Ыбырайым 1907 жылы 10 мамырда Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ыбырайым – «Айман-Шолпан» жырында атақты Маман байдың ұрпағы.

Ы.Маманов 1927 жылы Алматы қаласындағы оқу-ағарту институтын бітірген соң, 1927-1928 жылдары Талдықорған облысындағы Сарқанд ауданы, Коммуна мектебінің директоры болып қызмет етеді. 1929-1932 жылдары Орал қаласында орта мектеп мұғалімі, 1932-1938 жылдары Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. 1938-1940 жылдары Алматы пед. Училищесінің оқытушысы, 1940-1991 жылдар арсында қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқытушы, доцент болып қызмет еткен.

«Қазақ тіліндегі көмекші етістіктер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған. Ғалымның «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулерінің қазақ тіл білімінің теориялық тұрғыда дамуы үшін маңызы ерекше деп білеміз.

Ы.Мамановтың Д. Әлімжановпен бірігіп жазған «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» деп аталатын оқулығы орта мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналып, 1965 жылы жарық көрген. Еңбек «Орта мектепте қазақ тілін оқытудың жалпы мәелелері», «Қазақ тілінен білім берудің методтары мен оқу жұмыстарын жүргізудің жолдары», «Грамматиканы оқыту методикасы» деп аталатын үш тараудан тұрады.

Сондай-ақ, анализ-синтез, салыстыру, индукция-дедукция, баяндау, әңгімелесу тәсілдерін пайдаланудың тиімді жолдары көрсетіледі. «Мұалім индукцмя-дедукциялық методты жақсы білсе, біріншіден, индукциялық тәсіл мен дедеукциялық тәсілдің ара жігін ажыратып, оларды бір-бірімен шатастырмайтын болады; екіншіден, индукциялық тәсіл мен дедукциялық тәсілді практика жүзінде байланыстыра біледі; үшіншіден, оқушыларды өздерінің белгілі бір білім шындығы мен зат танытудағы ойлау қабілеттілігімен дұрыс қоытындылар шығарып үйренуге шеберленеді» /80/

Зерттеушілердің пайымдауынша, әңгімелесу методы оқушылардың сабақ үстінде білім алу

Мұның да мәні ерекше. әсіресе, жас мамандар өздері түбірін таба алмайтын негніздерді мысалға алмауы керек екені анық.мысалы: көтер, тышан, т.б. сияқты тұлғаларды мысалға келтіріп, ұятқа қалған жас оқытущылар бар. Ғалымдар осыдан сақтандырып отыр. Ең алдымен, «оқушыларға сөздердің жалғауларын тапқызып, дағдыландыру үшін, мұғалім арнайы сөйлемдер дайындап келіп, тапсырмалар беріп отырғаны» дұрыс екенін ғалымдар ескертеді.



Ы.Мамановтың негізгі ғылыми-әдістемелік шығармалары:

Қазақ тілі (оқулық) А., 1949.

Қазақ тілін оқыту методикасы (оқулық) А., 1965.

Қазіргі қазақ тілі. Етістік. А., 1966.

Сопоставительная грамматика. А., 1966 (авт.бірл);

Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965;

Бақылау жұмыстары (сырттан оқушылар үшін). А., 1955.

Пединституттың сырттан оқу бөлімнің оқу жоспарына түсінік.А., 1964.

Қазіргі қазақ тілінің бақылау жұмысы. А., 1958.

Дәрісті қорытындылау: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны Ғалымдар қазақ тілін оқытудың ең ұтымды әдістері ретінде фонетикалық, грамматикалық, морфологиялық синтаксистік тәсілдеді айтады. Шынында да, дәстүрлі грамматикада сөз тұлғаларының формалық деңгейін анықтауда мұндай тәсілдердің оңтайлылығын, әрі мазмұннан формаға принципі бойынша талдау үшін, мұның қажеттілігін ешкім жоққа шығара алмасы анық.

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Әдіскер ғалымның мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектерін ата

  2. Р.Әмір Қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістемесі саласы бойынша қандай еңбек жазды?

  3. Ы.Мамановтың «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері қашан жарық көрді?

  4. Ы.Мамановтың морфологияға байланысты әдістемелік талдауы

Әдебиеттер:

1 Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, «Мектеп»1988.

2 Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965.

3. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы: Ғылым, 1977.

4. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.

5. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Алматы: Мектеп, 1995.

6. Х.Арғынов Жай сөйлем синтаксисін оқытудың методикасы. Алматы 1967.

7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

8.Б.Құлмағанбетова Құрмаласа сөйлемді оқытудың кейбір мәселелері Алматы, 1957 56-бет

9. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары. Алматы, 1982.

10. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет

11 Дәріс: Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым.

Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым

Мақсаты: Әдіскер ғалымдардың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы түсініктерін қалыптастыру.

Жоспар:


  1. Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым.

  2. Д.Әлімжановтың ғылыми еңбектері

  3. Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым

  4. Айтбай Айғабылұлының еңбектері


Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкенн үлес қосқан ғалымдардың бірі. Шын аты – Дәулетияр.1912 жылы маусымның 7 күні Алматы облысы Шелек ауданындағы Малыбай ауылында дүниеге келген. 1954 жылы профессор С.аманжоловтың жетекшілігімен «Некоторые вопросы принципа нагядности в преподаваний казахского языка» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды.

Профессор Ғ.Қалиев «Ұлттағы өмір» атты мақаласында Д.Әлімжановтың өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы мәнді деректер береді. Бұл деректер бойынша, Дәулет екі жасында анасынан жетім қалып, кедейліктің тақсіретін тартқан. Жеті-сегіз жасынан бастап ауылдың малын бағып күнін көрген. 1923-1925 жылдар елге келген кеңес үкіметіне сүйеніп, еті тірі бала «Қызыл отау» арқылы сауатын ашады да, кейін осы ауылда ашылған мектепте сабақ оқуын жалғастырады. Кейін комсомлға өтіп, белсенді болып. Оқуын тереңдетеді, 1931 жылы жұмысшылар факультетіне түседі. 1933 жылы абай атындағы педагогика институтының жанындағы дайындық курсына түсіп, 1934 жылы тіл және әдебиет факультетінің қазақ бөліміне студент болып қабылданады. 1938 жылы институтты бітірген соң, осы институттың қазақ тілі және қазақтілін оқыту әдістемесі кафедраларына оқытушылық қызметте қалдырылады, кафедра меңгерушісі (1961-1971), деканы қызметтерінде болады.

Ғ:Қалиев Д.Әлімжановтың ғылыми шығармашылығы туралы мынадай пікір айтады: «1940 жылдан кейінгі кезде қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына, пән ретінде қалыптасуына Дәулет Әлімжанов айтарлықтай үлес қосты: ол өзінедейінгі еңбек еткен ғалымдардың зерттеулерін, пікірлерін жинақтап, өзінің тәжірибелерін және республика мектептеріндегі алдыңғы қатарлы оқытушылардың тәжірибелерін сараптап, сол курстың оқыту әдістемесі» белгілі жүйеге келтіріліп, жас мұғалімдерге де, тәжірбелі мұғалімдерге де әрі теориялық, әрі практикалық басшалақ беретін үлкен ғылыми пәнге айналдырды» / Ұлағатты өмір. 224б/.

Дәулет Әлімжанов 1954 жылы профессор С.Аманжоловтың ғылыми жетекшілігімен «Қазақ тілін оқытудағы көрнекілік принциптерінің кейбір мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Оқытудағы көрнекілік әдістемесіндегі жаңа бағыттың, ғылыми саралаудың басы болды.

Ғалым филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулықты 1965 жылы «Мектеп» баспасынан шығарады. Бұл оқулық қазіргі күнге дейін әдістеме саласы бойынша негізгі оқулықтың бірі, әрі оқушы үшін табыла қоймайтын сирек еңбек.

Д.Әлімжановтың негізгі әдістемелік еңбектері:

Қазақ тілінің грамматикасы. Бастауыш мектептің 3-класына арналған. А., 1983 (авт. бірі); Некоторые вопросы принципа наглядности в преподаваний казахского языка. АКД., А., 1954.

Қазақ тілін оқыту методикасы. А., 1965 (авт.бірі);

Қазақ тілін оқыту методикасының программасы. А., 1961;

Фонетикалық таблица. А., 1962.,

Қазақ тілін оқыту методикасының бақылау-пысықтау жұмысы. А., 1964,1968,1969.

Қазақ тілі методикасының мәселелері. А., 1969 (авт.бірі);

Университеттер мен жоғарғы оқу орнында қазақ тілін оқыту әдістемесінің программасы. А., 1965.

Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері. А., 1972.

Қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалымның бірі – Айтбай Айғабылұлы. Айтбай Айғабылұлы 1936 жылы Ташкент облысы, Шыназ ауданы, Көтерме ауылында дүниеге келген.

Ана тілінің лексикалық құрылымын оқыту мектеп оқушылары үшін қызықты сала болумен бірге, үлкен жауапкершілікті де қажет етеді. Себебі, бала лексиканы ғылыми тұрғыда түсіндіре аламас да, ол сөздің ең басты белгісі оның мағына білдіруінде екенін, сөз мағыналарының әр түрлі болатындығын, кейбір сөздің бірнеше мағынасы бар екенін, ал енді бір сөздердің дыбысталуы мен мағыналары жағынан бір-біріменбайланыста болатынын біледі.

Ал лексиканы оқыту үстінде сол білімдері жүйеленіп әрбір лексикалық бірліктіңөзіндік ерекшеліктері мен белгілері тиянақталады. Бадла осыған дейінгі күнделікті іс-тәжірибесінде қолданылып жүрген сөздерін белгілі бір жағдайға орай, дәл құнарлы да бай сөз қорымен, оның ішкі салаларымен танысады. Өз тілінің сұлулығымен, әуезділігін, байлығын, сөзжасамдық құдіретін сезінеді. Ең бастысы, ана тілі адамның бүкіл саналы тіршілігінің бастау көзі екендігін оның рухани қажеттілігінің негізі екендігі түсінеді. Бұл түсінік баланың тіл туралы сапалы білім алуына, ол білімдерін өзінің тәжірибесінде берік орнықтыруы мен логикалық ойының дамытылуына басты түрткі болады.

Лексика бөлімінің білімдік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен, стилистикамен қатысып түсуіне, сөйтіп, бүкіл тілдік жүйені тұтас ұғып, оған өз көзқарасының қалыптасуына мүмкіндік береді.

Лексиканы оқытуда алға қойылатын мақсаттардың бүгінгі жастарды заманывмызға лайық тәрбиелеп шығу үшін үлкен маңызы бар.

Қазақ тілін оқыту бағдарламасы мен оқулықтарын жетілдіруге байланысты бірсыпыра талаптар жаңарғаны белгілі. Оқушыларға білім беру мақсаты мен міндеті тек оқыту процесімен іске асатындықтан, оқыту жүйесін барынша тиімді жолға қою – бірден-бір негізгі мәселе.

лексчикалық жаттығулардың екінші тобы тілді басқа салаларымен байланыстырып жүргізілетін синтетикалық жаттығу болып есептеледі. Яғни, лексикадан алған білімін одан бұрын өткен тараулармен байланыстырылған жаттығу. Ол үшін мынадай жатығулар жүргізілгені абзал.


  1. Берілген сөздердің лексикалық және грамматикалық мғыналарын топтастрыу: 1) адам, өсімдік, жануар, алтын, су. 2) қызық, жазық, әдемі, үлкен. 3) ойлану, жүру, сөйлеу, кебу.

Оқушылар үшін топқа бөлінген сөздердің зат атауы екенін, екінші топтағы сөздердің затың белгісі, сынын білдіретін анықтап, зат есім, сын есім, етістікке жататынын түсіндіру тиіс. Сол сияқты лекситкалық мағынаны сөздің жасалу жолына, қалдырылуына, шығу тегіне қарай ажырту да грамматикамен тығыз байланысты жүргізіледі.

  1. Мына түбірлес сөздердің қай сөз тобына жататынын анықтау: 1) келісім, келісті, келіншек; 2) орын, орынша, орыдық, орынды; 3) адам, адамдық, адамгершілік, адамды.

  2. грамматикамен байланысты жүргізілетін жаттығуындағы бір түрі сөздің түрлену барысын немесе сөз жасау барысындағы айырмашылықтарын ажырату болып табылады. Мысалы, белгілі бір сөзге септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын жалғау арқылы лексикалық мағыналарын салыстырып көруге болады. Оқушылар бұлайша түрленген сөздердің лексикалық мағынасы сақталып, грамматикалық мағынасында өзгерістер пайда болғанына көз жеткізеді.

Бұл айтылған жаттығу түрлері оқушылапрдың лексикалық мағынаны грамматикалық мағынадан ажыратуға көмектеседі, сөйтіп, сөздің қолданыс аясын жақсы меңгеріп, практикалық дағдысы артады, жазу мәдениеті жетіледі.

Ал стилистика саласымен байланысты лексикалық жаттығулар сөзді таңдап қолдануға, айтылатын ойға лайық сөйлем құрауға үйретеді. Бұған байланысты жүргізілетін жаттығу жұмыстары:



  1. Берілген сөздер мен сөз тіркестері қандай лексика-семантикалық топтара, қайсысы қандай стильдік тармақтарға жатады. Мысалы, балалар-балдар, қыз-нашар бала, тыныш-тиыш, бала-балақай.

  2. стилистика туралы ұғымды оқушыларға кеңінен түсіндіріп, ғылыми, көркем әдебиет, сөйлеу стильдерімен таныстыру.

5 снып жоспарында лексика материалдарына 10 сағат берілген. Оқушылар осы берілген сағат көлемінде сөздің лексикалық мәнін, оның тілімізде қолданылу орнын, қызметін түсіндіру, сөйтіп, олардың сөз байлығын артырады; сөзді тілдегі өзіндік өзгешелігін, яғни дыбыстық жағын, затты, сапаны, қимылды т,ю, мағынаны аңғартатынын түсіндіру 5 сынып оқушылары лексика тақырыбын өту барысында лексикалық ұғымдарын хабардар болумен қатар, олардың көркем әдебиетте қолданылуымен танысып, өз беттерімен оларды текстен табуға дағдыланады.

Сөз және оның мағынасы бойынша оқушылар тіліміздегі сөз байлығы туралы түсінік алып, олардың мағыналары, қолдану аясы бойынша дағдылануы мақсат етіледі. Сондай-ақ тілдегі сөз байлығының шексіз молығын, ал олардың сан алуан мағынаға не екенін түсіндіруі қажет.

Ана тілінің сөз байлығын үйрену, оның өзара мағыналық қатынасын түсіну арқылы оқушыда ең бірінші тіл туралы көзқарас қалыптасады. әрбір сөз – бейім ұғымдар атауы. Сондықтан сөз мағынасын түсіну арқылы оқушы өмірдегі сан-саналы құбылыс сырын, қолданылу аясын, әдеби тіл нормасын, жазу мідениетін меңгереді; өз халқының тарихына терең үңіліп, Отанын сүюге, патриотизмге тәрбиелейді.

Сонымен «Лексика» бөлімін оқыту барысында мына мәселелерді еске алу керек. Ең әуелі, мұғалім қазақтың сөз байлығын жете біліп, оны аса зор сүйіспеншілікпен оқыта білуі керек. «Оқушыны ғылымға баулығың келеді екен, - сол ғылымды өзің сүй, жақсы біл, сонда оқушы ғылымды да, сені де сүйеді. Сен оларды тәрбиелеу мүмкіндігіне ие боласың», - деген екен Л.Н.Толстой.

Мұғалім қашанда өзі терең білетін, сүйетін мәселесін түсіндіргенде бар пейілімен құлай айтады да, оқушының зейінін өзіне қаратады, баурап алатындай эмоция, сезім табады. Сонда ғана оқушының мұғалімге, мұғалім әңгімелеген мәселеге деген ықыласы, сүйіспеншілігі артады.

А.Айғабылов еңбектері мен ғалым туралы жазылған мақалалар:

Қазақ тілі лексикологиясы (методикалық нұсқау), Алматы, 1989.35 б

Мектепке ғылым негіздерін оқыту методикасын жетілдіру прблемалары. Алматы, 1982.232 б

Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері (методикалық жинақ). Алматы, Мектеп, 1982. 206 б

Мектепке қазақ тілін оқыту проблемаларын жетілдіру. Алматы, 1984.185 б

Серғалиев М., Айғабылов А., Күлкенова О. Қазіргі қазқа әдеби тілі. Алматы. Ана тілі, 1991. 213б

Айғабылұлы А. Морфонология мен морфологияның және сөзжасамның байланысы және өөзгешелігі // Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар Академиясының хабаршысы. Ғылыми журнал, 1998, №1

Айғабылұлы А. Қазақ тілі сабағы және тәрбие жұмыстары // Қазақстан мектебі. 1997 №7

Айғабылұлы А факультативтік курс // Қазақстан мектебі. 1981 №10

Айғабылұлы А Тіл ұстарту // Қазақстан мектебі. 1985 №8

Айғабылұлы А Қыстырма дыбыс туралы не білеміз? // Қазақ тілі мен әдебиеті 1993 №1

Айғабылұлы А «Үрдіс» пе әлде «заңдылық па?» // Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі мен ұлттық Ғылым Академиясының хабарлары.Филология сериясы 1999.№4

Айғабылұлы А Қазақ тіліндегі дауыстылар редукйиясы // Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының хабаршысы. 1992. №6

Айғабылұлы А Оқытуды оптималдандырудың кейбір мәселелері // Қазақстан мектебі.1983 №8

Айғабылұлы А Морфонология дегеніміз не? // Қазақ тілі мен әдебиеті 1992 №10,11,12

Айғабылұлы А Талапқа сай талпыну // Қазақстан мектебі. 1982 №6

Айғабылұлы А Лексиканы оқыту принциптері // Қазақстан мұғалімі 1981 №52

Аханов К. Тіл білімі негіздері. Алматы

Аханов К. Айғабылұлы А Қазақ тілін оқыту. Алматы. Метеп, 1983. 93б

Дәрісті қорытындылау: Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым.

Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым

Ал бұл айтқандар әрбір тақырыппен жеке сабақтарда жүйелі түрде орындалу үшін мұғалім қазақ тілінің «Лексика» бөлімінде нендей тәрбиелік жұмыс жүргізуге болады, оны қалай тиімді өткізу керек? деген мәселелерді мамандарының жоспар жасаған кезлен бастап ойластырады. Қай тақырыпта қандай міселе қарастырылуы алдын-ала жоспарлануды керек етеді.

Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:


  1. Д.Әлімжановтың ғылыми еңбектерін ата

  2. Әдіскер ғалымның Ы.Мамановпен бірге 1965 жылы «Мектеп» баспасынан шығарған оқулығының аты

3. Айтбай Айғабылұлының қазақ тілі әдістемесінің дамуына қосқан үлесі қандай?

4. Айтбай Айғабылұлының еңбектерін ата

5. Әдіскер ғалымның «Ережеден дәлдік – оқыту сапасының көрсеткіші» атты мақаласы
Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

2. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

3. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

4. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965
3-модуль. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа кезеңі
12 Дәріс: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер.

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдерін анықтау, ол туралы мәлімет беру

Жоспар:

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері

2. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990)



3. Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - дей отырып, басым міндеттердің бірі ретінде «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту» - деп көрсеткен [1]. 
Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы өшпей, жалғасып келе жатқаны – тіл құдіреті мен танымының тереңдігінің көрінісі. Адам баласының өз тіршілігінде көрген-білгенінен тоқып-түйгенін ойлап-толғап, қорытып, келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны – табиғи заңдылық. Бабаларымыздан қалған мәдени мұраларымыз бен баға жетпен құндылықтарымыздың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, жалғасын табуда ана тіліміздің ролі зор. Еліміздің егемендік алып, қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге ие болуына орай барлық жоғары оқу орындарында, мектептерде, колледждер мен лицейлерде қазақ тілін ана тілі ретінде, екінші тіл ретінде оқыту жұмыстары жүргізіле бастады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі өзіндік тарихы бар ғылым саласы.  
Басқа ұлт өкілдеріне арналып жазылған алғашқы оқулықтың авторы, оқу-ағарту, тіл мен әдебиет, білім салаларында құнарлы еңбек еткен талантты әдіскерлердің бірі – Телжан Шонанов. Т.Шонанов – қазақ тілін оқыту әдістемесінде тіл білімін зерттеуші ғалым, әдіскер, тарихшы, аудармашы, педагог ретінде көрнекті орынға ие. Оның жазған кітаптары мен оқулықтары, әр салада жазылған 100-ден астам ғылыми еңбектерінде мектептегі білім жүйесі, әдістеме, тіл мәселелері қаралады. 1933 жылы ғалымның қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуға байланысты «Учебник казахского языка для русской школы» деп аталатын оқулығы жарық көріп, кейін бұл оқулық күн талабына сай бес рет қайта басылып шықты [3]. 
Қазақ тілін оқыту әдістемесі саласына айрықша көп еңбек сіңірген көрнекті ғалым – Шамғали Харесұлы Сарыбаев. Ол қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту мәселесін 1933 жылдан бастап арнайы қарастыра бастады. Ш.Сарыбаев бірнеше жылдық зерттеу жұмысының нәтижесінде «Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен» /1941/ атты еңбегін жазып [4], натуралды, сұрақ-жауап әдісін қолданып, тіл үйретудің тиімділігінтәжірибе жүзінде дәлелдей отырып, 1943 жылы «Методика преподавания казахского языка в русской школе» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды [5]. Ш.Сарыбаев қазақ тілін басқа ұлтқа оқыту әдістемесі бойынша тұңғыш ғылым кандидаты болды. Ғалым орыс мектебінде қазақ тілін оқытудың ғылыми негізін салумен қатар, осы еңбегі арқылы оқытудың тәжірибесіне де көңіл бөлді. өз еңбегінде ғалым тілші сан әдісті қолданып, оқу материалдарын оқушының сапалы, жүйелі, тиянақты түрде меңгеруіне жол ашты. Ш.Сарыбаевтың ғылыми-әдістемелік мұрасын А.Ә.Орынбаев зерттеп, Ш.Сарыбаевтың әдістемелік мұрасының көп қырлылығын дәлелдеген [6]. 
Қазақ әдістемесі мәселелерін зерттеп, ғылыми еңбек жазған тілші-ғалым Сейіл Жиенбаев орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту мәселелеріне, әсіресе тіл дамыту, арнайы тақырыппен жұмыс істеу, сабақ беру әдісі, сөйлеуге үйрету, кітап оқу, жазу жұмыстары туралы мағлұматтар береді. С.Жиенбаев бірнеше оқулықтар мен әдістемелік кітаптардың авторы. 
Тіл – мәдениет қаруы. Тіл өмір сүріп отырған кезде сол елдің мәдениеті де өмір сүре береді. Тілді оқытудың негізгі мақсаты – тілді шынайы да толыққанды қарым-қатынас құралы ретінде үйрету. Әрбір тіл үйрену сабағы мәдениеттер тоғысуы, мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесі, себебі әрбір сөз сол елдің өмірі мен мәдениетін, қоғамдық ой-пікірін, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. Демек өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету, тіл үйренушілердің қазақ тілін оқып, жазу және мұғалімнен, оқулықтан алған білімдері қазақ елі жайлы жарнама емес, керісінше қазақ халқының көзімен қарау қабілетін дамыту негізі болып табылады. Ол қазақ тілін үйрету сабақтарында елтанымдық мәліметтерді енгізе отырып жүргізгенде жүзеге асады. 
Қорыта айтқанда Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымында көптеген әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде танымдық мәліметтер бағытында оқыту әдістемесі арнайы зерттеу нысаны болған жоқ. Біздің мақсатымыз қазақ тілін тіл үйренушіге ауызекі қатысым құралы ретінде ғана үйретіп қоймай, тіл үйренушіге үйренім жатқан тілдің ұлттық реалилерін таныта отырып, сол тілде еркін ойын жеткізе алатын, пікірталасқа түсе алатын, танымы кең тұлға ретінде қалыптастыру. 

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет