Тілді толғаған тоғыз хат тақырыбындағы мақалаға талдау



Дата28.01.2018
өлшемі33,63 Kb.
#35527
Тілді толғаған тоғыз хат

тақырыбындағы мақалаға талдау



(«Ана тілі» газеті, «Тіл тұғыры – ұлт ғұмыры» айдары)

28- қаңтар 2016 жыл


Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Бұл оқиғаның шет-жағасын Тұрсын­бек Кәкішұлы өз көзімен көрге­нін ай­тып берген. 1937 жылы С.Сейфул­лин ұсталды деп естігенде Т.Кәкішұлы 5-сынып оқушысы екен. Сол кезде С.Сейфул­линнің көп кітабы жыртылып, отқа тастал­ғандығының куәгері болған. Неге бұлай болды екен деген ой бала болса да осы кезеңде туындаған. Сәкенге деген алғашқы махаббаты да осы кезден басталса керек. Кейін С.Сейфуллиннің жұбайы Гүлбаһрам осы хаттарды сәкентану жолына түскен Т.Кәкішұлына берген. Алынған деректі хаттарды Т.Кәкішұлы зерттеп, жи­­нақ­­тап, мұражайға өткізген болатын. Біздің мақсатымыз – С.Сейфул­линнің осы еңбектерін насихаттап, халыққа жеткізу. «Әлі қазақша хат білмейтін адамдар фран­цузша білсе де Қазақстанда бір кезде іске аспай қалуы ап-анық нәрсе» деп жазады С.Сейфуллин. Қазір Қазақстанда ҚР Президентін сайлау кезінде үміткерлер тілден сынақ тапсырады. Бүгінгі күні Сәкеннің сол айтқаны келді емес пе? С.Сейфуллин аңсаған ана тіліміздің мәртебесі деген осы емес пе еді?! Мемлекеттік тілді білмесең, жо­­­ғары лауа­зымдық қызметтен үміттенбеуің керек. «Істі қазақшаға аударуды ауылдан, болыс­тан, ауданнан бастау керек. Мекемелерде істі қазақ тілінде жүргізу бір кісінің айтуымен болатын нәрсе емес, көптің күшімен, жалпы ынтамен, тегіс жұмылумен болатын нәрсе» деп, сол кездегі саясаттан жасқанбай өз пікірін айтқан. «Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізуге кірісу» еңбегінде «Қазақстанда еңбекшіл табына қызмет қылам деген адам, қай ұлттан болса да, бұл іске аз болса да, қолынан келетін қызметін шыңдап көрсетіп қалуы керек. Қазақстандағы қазағы көп жерлерде, қазақтан басқа халықтардың бір де адам жоқ жерлерде, мәселен қырдағы болыстарда, волостной исполкомдарда, ауылнай исполкомдарда, аудандық сот һәм милиция мекемелерінде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізуге қазір Қазақстан үкіметі кірісіп жатыр. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істерін басқарып тұратын комиссариаты һәм сот істерін басқарып тұратын комиссариаты күллі Қазақстанға жарлықтарын жібермек болып жатыр. Қазағы көп жерде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу ретінде ел аралаған, қала аралаған жұмыскерлердің бәрі де жәрдем қылып, жол көрсетіп, бұл мәселенің орындалуын тексеріп отырулары керек. Әртүрлі себептер айтылады. Ақша жоқ дейді. Қазақша іс жүргізуді білетін кісілер жоқ дейді һәм толып жатқан сары уайым, қауіп-қатерлерді жаңбырдай жауғызады. Әрине, ол белгілі. Ынтасыз іске, көңілсіз іске сансыз бөгет, сансыз ­уайым табуға болады. Бірақ біздің айтуы­мызша, бұл іске бөгеттің көптігі басқа себептерден… Кеңселерде қыз­мет істері қазақша жүргенде ғана бұл күнге шейін қадірсіз болып келген қазақша хат білетін адамдардың бағалары артады. Жұрт оқуға ынталырақ болып кіріседі…» деп өткір де болса, ащы шындықты жазып, С.Сей­фуллин тілінің болашағынан көп үміт күткен. Қазақстанның Орталық Кеңес Коми­тетінің 1923 жылғы тамыздың 3-жалпы жиы­лысында күн тәртібінде 9 мәселе қаралған. Соның ішінде, Қазақстан мекемелерінде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу туралы баяндамада айтылады. Онда былай делінген: «Онан соң Қазақстандағы қазіргі піскен бір зор тарихи мәселе – мекемелерде кеңсе істерін қазақ тілінде жүргізу ісі. Бұл туралы да жиылыс бірауыздан барлық Қазақстанда қазағы көп жерлерде мекемелерде кеңсе істері қазақ тілінде жүрсін, бұған әрбір аудан­дық исполкомдардың, болыстық ис­пол­комдардың істерін қазақшаға жүргізуге кісі даярлау үшін курстар ашылсын деген қарар шығарды».
Тәуелсіздік алғаннан кейін мем­лекеттік тілді оқып-үйренуде қиын­дықтар болды. Мамандар жетіспеді. Кейін жеделдетілген курстар ашылды. Қазіргі таңда, тіл білсем деген адамға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Тек ынта керек. Қадыр Мырза-Әли ағамыз: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп айтқандай, қиындықпен қол жеткізген тәуелсіздігімізді, тілімізді қастерлейік. Осы жолда еңбек еткен арыстарымызды ардақтайық!
Қорытынды:

«Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті.Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз.


Қазақ тілі және мәдениеті



кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Қ.С. Қалыбекова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет