«Тілдік қарым-қатынас орнатуда артикуляциялық жаттығулардың маңызы»



Дата24.12.2019
өлшемі175 Kb.
#54665
Байланысты:
баяндама

«Күншуақ» шағын орталығы


«Тілдік қарым-қатынас орнатуда артикуляциялық жаттығулардың маңызы»

Орындаған: Сақтағанова Н.Ә

Жоспар:

І.Кіріспе



1.Тіл – қарым –қатынас құралы

ІІ.Негізгі бөлім

1. Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз не?

ІІІ.Қорытынды

1. Артикуляциялық жаттығулардың маңызы

ІV.Пайдаланылған әдебиеттер:

-«Тілашар- Логопедия» журналы

-«Дефектология» журналы

Статистакаға сүйенсек қазіргі кездегі түрлі дәрежедегі тіл кемістігі бар балалардың көбеюі – қоғамның шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселенің бірі болып табылады.

Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Адамда сөйлеуде арналған негізгі орган болмайды. Сөйлеуге өңеш, өкпе, жұтқыншақ, тіл, тіс, ерін, ұрт, жақ қатысады. Баланың миының даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана дұрыс сөйлей бастайды.

Әр жастағы балаларда сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары кездеседі. Олардың інішде ең көп тараған түрі- дыбыс айту кемшіліктері. Мұндай кемшіліктер өз бетінше кемістік ретінде де, сөйлеу тілініңбасқа, күрделі бұзылыстарының құрамында болуы да мүмкін. Бірақ дыбыс айту кемшілігінің ең қарапайым түрін де «кемістік емес, кейін түзеліп кетеді» - деп жайбарақаттықпен қарауға болмайды. Олар балалардың өсуіне кері әсерін тигізіп, өз тілін меңгерудегі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Кейіннен бала оқып, жазып үйренуде де, жазбаша сөйлеу тілінде көптеген қателер (дислексия, дисграфия) жіберетін болады. Тіл кемістігі бар балалар өз кемшіліктерінің себебінен өздеріне достар таба алмай қиналып, сөйлеуден де қорқады. Ондай балалардың жалпы және ұсақ моторикалары да толық дамымайды. Өздеріне басқалар тарапынан сұрақтар қойылса жауап беруден қашқақтап, сұрақтарды толық тыңдамай мазасызданып, әр түрлі ретсіз қимыл-қозғалыстар жасайды (басын қасу, қозғалақтау, тамағын қырнау т.б), сенімсіз, мазасыз, жасқаншақ балаға айналады. Бұл қиындықтар бала өскен сайын тереңдей түседі. Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс жүргізуде әр түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға болады.



Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз не? Және оның маңызы қандай? Артикуляциялық жаттығулар дегеніміз – ол сөйлеу аппаратының бұлшықеттерін шынықтыратын, оның мүшелерініңқимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып тұрады. Артикуляциялық жаттығудың басты талабы – жүйелілік. Жаттығуды орындау кезеңі автивтіжәне пассивті болып екіге бөлінеді.

-активті, бала барлық тапсырманы өз бетімен орындағанда;

-пассивті, балаға қимылдарды дұрыс орындауға үлкен кісі көмектеседі.

Егер бала артикуляциялық аппарат ағзаларымен қажетті қимылдарды дұрыс орындай алмаса, оған көмектесу керек. Оны механикалық дыбыс қоятынжәне массаж жасайтын зонд аппаратымен немесе тілге массаж жасау арқылы көмектесуге болады.

Артикуляциялық жаттығулар төменгі тәртәппен ұйымдастырылады:


  1. Ересек адам жаттығу атауларын атай отырып, алдағы орындалатын жаттығулар туралы айтып береді.

  2. Оның орындалуын көрсетеді.

  3. Бала жаттығуды орындайды, ал ересек адам оның орындалуын бақылайды.

Тіл кемістігі бар балаларға жалыңтпаш айтқызу , тіл ұстарту жаттығулары, саусақ ойындарындарын қолдану өте тиімді. Үлкендер баламен сөйлескенде немесе серуендеп жүргенде балаға мимика арқылы дыбыстардың айырмашылығын ккөрсететін қарапайым жаттығуларды жасауы керек. Мысалы: Сіз баламен үрмелі аспапта ойнап отырсыз, сол арқылы сіз ерінді труба секілді етіп көрсетеміз. Бала тілін тақылдатуды, жоғары көтеруді қаншалықты ерте үйренсе, талап ететін дыбыстарды тез айтуды үйренеді. Мысалы: бала жымияды, ерін шүйіреді, жылайды, аттың жүрісіне салып, таңдайын қағады мұның барлығы сөйлеу тілдік дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін бұлшықеттерді белсендіреді. Балаға ауызды кең ашып , «Ыстық» деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкене жауып, «Суық» деп айтқызыңыз. Балада ауыз-қуыс қимыл қозғалысы, нақтылығы, күші біртіндеп дамиды. Бұл фонемалардың күрделі артикуляциялық құрылымдарды біріктіруге қажетті сөйлеу мүшелерін қалыптастыруға көмектеседі.

Дыбыстардың 5 түрлі айтылу кемшілігі бар:



  1. Сигматизим – с-сь,з-зь; ц, ш-шь, ч, щ, ж

  2. Ротацизм – р-р, р-ль

  3. Ламбдацизм – л-л, л-ль

  4. Каппацизм – к-к, г-к, х-х

  5. Йотацизм – і


Осы орайда тіл кемістігін туғызатын аномалияларды атап өтсек:

Каппацизм туғызатын аномалия – қатты таңдай бик жіңішке болып келеді де, тіл мен таңдай толық қабыспайды.

Ламбацизм – тіл асты желбезегінің күрт қысқаруы салдарынан тіл ұшының созылмауы, жоғары көтерілмеуі. Бұндай жағдайда хтрургиялық операция туралы шешім қабылданады.

Ротацизм – тіл асты желбезегінің қысқалығы, биік және жіңішке шектен тыс үлкен немесе жіңішке икемі кем тіл.

Сигматизм – тіл ұшын таңдайға көтере алмайтындықтан болады.

Ысқырық дыбыстарға арналған артикуляциялық жаттығу түрлері: «Піл», «Тәтті тосап», «Сағат», «Тарақ».

Ызың дыбыстарға арналған: «Түтікше», «Жымию», «Тісімізді тазалаймыз», «Ашуланған мысық».

Діріл дыбыстарға арналған: «Әткеншек», «Сылақшы», «Ат шауып келеді», «Күрекше».

Жаттығуларды отырған қалыпта орындау керек. Себебі бұл қалыпта баланың арқасы түзу, денесінің бұлшықеті босаңсыған, қолы мен аяғы жайлы қалыпта болады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикуляциясын көріп,сонымен қатар ол тапсырманы орындау барысында өз ернімен тілін көру керек. Жаттығулар қол айнасымен немесе үлкен айна алдында орындалады. Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын тұрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды алғашқы кезде дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтанүлкендерге шыдамды болуы керек.



Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында білім берудің жүйесі жасалып, мемлекетіміз әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Балабақшаның білім беру жұмыстарында жаңа технологияны қолданудың арқасында бізге көмекке жаңылтпаштар, саусақ ойындары, тіл ұстарту жаттығулары, сергіту сәттері, жылылық шеңберлері, түрлі дидактикалық ойын-жаттығулары көмекші бола алады. Жаңа технологияның тиімділігі баланың шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады.

Сонымен қорыта айтқанда, балабақша балаларының тілін дамытуда түрлі ойын, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану – осы бағыттағы атқарылатын игі іс-шараларының нәтижесіз қалмайтындығының айқын дәлелі деп санаймын. Ең бастысы, күнделікті қарым-қатынас кезіндегі сөйлеу қорқынышынан арылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет