Тілдік өзгерістердің ішкі,
сыртқы себептері.
Тілдік құбылыстарға себепші, болатын факторлар алуан
түрлі. Қазіргі заман тіл білімінде олардың ішіндегі ең
елеулісі ретінде екі түрлі факторға ерекше мән береді: оның
бірі — сыртқы фактор, екіншісі — ішкі — фактор деп
аталады. Егер тілдегі белгілі бір өзгерістің пайда болуына
түрткі, себепші болған жағдайлар тілдің өзіне, өз жүйесіне
тән, өзінің ішкі ерекшелігінен туған заңдылығы болса, ол
ішкі себеп болады да, тілдің өз заңдылығынан болмай, одан
тысқары, тілді қоршаған әлемнен, ортадан туған түрткі
болса, ол сыртқы себеп болады.
Сыртқы фактор
Сыртқы факторға тілді қоршаған ортадан болатын
алуан түрлі себептердің жиынтығы, өзгеден бұрын,
қоғамның тарихи дамуына, тілдік коллективтің
қоныс аударуларына, миграцияға, бірігуімен
ыдырауына, қатынас жасау формасының өзгеруіне,
мәдениет пен техникадағы прогреске байланысты
себептер жатса, ішкі факторға тілдің өмір сүріп
түрған жүйесін жетілдіре беру мақсатынан туған
себептер жатады.
Тілдік өзгерістерге себепші болатын сыртқы
факторлардың ең күштісі — қоғамдық
прогресс, қоғамның рухани өміріндегі,
өндіргіш күштер мен техникадағы,
ғылымдағы, шаруашылықтағы өзгерістер.
Қоғам өмірінде болатын мұндай прогресс тіл
дамуына елеулі ықпал жасайды.
Тілдер дамуына ішкі себептердің тигізетін
әсері де аз болмайды, олар тіл тарихының
барлық дәуірінде де оның дамуына үздіксіз
әсер етіп отырады.
Бірақ тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі
себептер мен сыртқы себептерді бір-бірімен
ешқандай байланысы жоқ, екі бөлек жатқан
дүниелер деп санауға болмайды.
Бұлар өзара бірлікте, қарым-қатынаста
болады. Тілде болатын өзгеріс-құбылыстар
қандай себептерден туса да тілдің ішкі
мүмкіндігіне, оның жүйелік сипатына
негізделеді, соған сәйкестенеді.
Назарларыңызға
Назарларыңызға
рақмет!
рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |