Тілеуберді Балғын Тілеубердіқызы
1.Отбасы - әлеуметтік институт ретінде
Отбасы әлеуметтік шағын орта болып табылады.Бұл некеге түру,туыстық немесе бала асырап алу арқылы отбасы құрылады.Отбасының барлық мүшелері бір-біріне жауапкершілікте,бірлікте, татулықта болуы керек.Отбасы түсінігі басқа адамдар мен байланыс жасау және тұлға ретінде қалыптасу,физиологиялық қажеттіліктер негізінде қалыптасқан.Осы қажеттіліктер арқылы отбасы құрылымы жасалады.Отбасы мүшелерінің,отбасыдағы балалардың санына қарай үлкен және кіші отбасылар болады,сонымен қатар отбасы құру уақытына байланысты жас отбасы,т.б айтуға болады. Отбасының құрылуы алдымен ер мен әйел арасындағы қарым-қатынастан басталады.
Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болмау салдарынан қазіргі кезде ажырасулар көп болып отыр.Әртүрлі себептерге байланысты отбасы қатынасының бұзылуына әкеп соғуда.Отбасындағы ажырасудың себебіне байланысты балаларды тек анасы немесе әкесі тәрбиелеуіне байланысты толық емес отбасы көбеюіне әкеліп соғады.Сонымен қатар, ерлі зайыптылардың біреуінің өмірден өтуіне байланысты да толық емес отбасыға әкеп соғады.Экономикалық,экологиялық өзгерістер де отбасының құрылымына әсер етеді. Қазіргі уақытта отбасының құрылымы осындай әр түрлі себептерге байланысты әлсіреген.Негізгі отбасы мүшелерінің міндеті қарт адамдарға,балаларға қамқорлық көрсету,оларды күту,балаларға дұрыс тәрбие беру болып табылады.
2.Бала тәрбиесіндегі радио,теледидардан берілетін мүмкіндіктерді ұтымды пайдалану жолдары
Қазіргі уақытта ата- аналар бала тәрбиелеуде кері әсер ететін құралдың бірі телефон деуге болады.Балаға қолына телефон ұстатып қоюдың әсерінен балалар әр түрлі керексіз,түсініксіз видеожазбаларды көру арқылы кері әсерлерге тап болуда.Мұндай жағдайларға ата аналар мән бермейтін болған.Ал қазіргі уақытта балалардың білім сапасын арттыру мақсатында цифрлы технологиялар, жаңа ақпараттық технологиялар қолданылып жатыр.Бала дүниеге келгеннен бастап ақпаратты қажет етеді.Сол ақпартпен өсіп жетіледі.Сондықтан бала тәрбиелеуде,балаға білім беру де біз балаға берілетін ақпараттың дұрыстығына мән беруіміз қажет. Мектеп те баспасөз құралдары арқылы,радио,теледидар көмегімен тәрбие береді.Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына дұрыс тәрбие ықпал етеді.Теледидардың балаларға әсері өте көп,бала теледидардан не көрсе соған қызығатын болып өседі.Ойындар немесе ертегілер әр түрлі іс шараларды көретін болса,ол баллардың уақытын өткізумен қатар ақыл ойын ,дүниеге көзқарасын қалыптастырады.Кішкентай баланың көрген нәрсесі оның жеке басының қалыптасуына ықпал жасайды.
3.Отбасында кездесетін кризистік жағдайлардың бала тұлғасының дамуына әсері
Кризистік отбасы дегеніміз отбасындағы қажеттіліктердің болмауынан туындайды.Отбасындағы алғашқы кризистік кезең ерлі зайыптылардың отбасы құрған кезінде бір біріне үйренісуі кезінде орын алады,одан кейін бала туылғаннан кейін де кризистік жағдайлар болуы мүмкін.Мұндай кризистік жағдайлар да отбасы мүшелері бір біріне түсіністікпен қарап,қателіктерін кешіріп,дұрыс шешімге келуі керек. Ал бір біріне өшігіп,кек сақтап,дауға ұластырған жағдайда өздерінң денсаулығына да кері әсерін береді және де бала тұлғасының дамуына да кері әсер беретіні сөзсіз.Сонымен қатар материалдық жағдайларға байланысты кризистің болуы,мысалы отбасында әр бала дүниеге келген сайын отбасының табысы азая түседі,көп балалы отбасыларда көбінесе материалдық жағдайдың жетімпеушілігі көп кездеседі.Осындай кризистік жағдайлар тұрмыстық жағдайларға байланысты кейде балалар арасында да бай, кедей деп бөлінуіне,отбасы дағы зорлық зомбылық жағдайлардың болуы,қол жұмсау сияқты көріністерді балалар өз өмірінде басқа балаларды ұрып соғуға,ашулы ызалы болып өсуіне,өмір сүргісі келмеуіне әкеліп соғады.Сондай ақ бала кезден ақша мәселесінен қиындық,таршылық көрген балаларда ұрлыққа,тонаушылыққа баруы мүмкін,зиянды затттарды тұтынуына темекі,нашаға әуестенуіне әкеледі. Кей жағдайларда баланың үйден қашуына да осы кризистік отбасы жағдайлары себеп болады.Мұндай жағдайлардың барлығы балалардың барлық жағынан дамуына,мысалы психикасының бұзылуына,зиянды заттарды пайдаланғаннан денсаулығының бүзылуына,баланың теріс қылықтары мен жаман әдеттерінің қалыптасуына өзіндік кері әсерін тигізеді.Баланың қиын мінез құлығының қалыптасуыда отбасыдағы ата-анасының қарым қатынасының дұрыс болмауынан туындайды.Сондықтан,кризистік жағдайлар да ата аналар мәселені дау дамайсыз,түсіністікпен шешуі қажет.