Тілеуберді Балғын Тілеубердіқызы
1. Бастауыш мектепте дүниетану және жаратылыстану бағдарламасының негізгі бөлімдері,оған сипаттама
Бастауыш мектепте дүниетану және жаратылыстану пәндері оқушылардың қоршаған ортаны,табиғаттағы денелерді және құбылыстар туралы танып білу мақсатында енгізілген.Біз өмір сүретін орта туралы,жалпы әлем туралы мағлұмат береді.Сонымен қатар бастауыш сыныпта алған білімдерін жоғары сыныпта өтілетін биология,химия,география пәндерін меңгеріп кетуіне ықпал жасайды.Дүниетану пәнінің бағдарламасы оқушылардың қиялын дамыту мақсатында оқытылады.Дүниетану оқу пәнінің мазмұны адам,табиғат,қоғам және отбасы,денсаулық,қоршаған орта туралы,олардың бір-біріне әсерін,өзара байланысын,тәуелдігін қарастырады.
Дүниетану пәні "Адам","Қоғам",Табиғат" бөлімдерінен тұрады.Пәннің мазмұны бойынша қоршаған дүние туралы көзқарас және ондағы адамның орнын,рөлін қарастырады.Заттар мен құбылыстардың белгілері,ерекшеліктері,ұқсастықтары туралы ұғым туады.
Жаратылыстану оқу пәні балалардың ойлау дағдыларын,берілген тапсырмаларды өздігінен ізденуін,дұрыс тұжырым жасауға үйретеді.Жаратылыстану пәні оқушылардың ғылыми зерттеушілік қасиеттерінің дамуна ықпал жасайды.Жаратылыстану бағдарламасының негізгі бөлімдері "Мен зерттеушімін, Өсімдіктер, Жануарлар,Адам, Жер және ғарыш, Табиғат физикасы, Жарық және Дыбыс" сияқты бөлімдерді қарастырады.
" Мен зерттеушімін" бөлімінде әр түрлі өсімдіктерге зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Зерттеу жұмысын бөлме өсімдіктерімен,сыныпта тәжірибелер жасап,олардың тұқымдарын өндіру,т.б. кішігірім зерттеу жұмыстарын тәжірибе жасау арқылы жүргізеді.
" Өсімдіктер" бөлімінде өсімдіктердің табиғаттағы,адам өміріндегі маңызы,олардың құрылысын,өсу деңгейін,фотосинтез процесінің қалай жүретіндігі,олардың өсуіне қолайлы жағдайларды қарастырады.
"Жануарлар" бөлімінде жануарлардың тіршілік ортасы,олардың алуантүрлілігін,т.б.
2.Yлескіде ұйымдастыралатын сабақтың мақсаты
Үлескідегі сабақ дегеніміз мектеп маңынан арнайы бөлінген жерде оқу-тәжірибе сабағын өткізу.Оқушылардың үлескіде өткізілетін жұмыстарының негізгі бағыты өсімдіктер мен жануарларды өсіру,баптау,оларды күнде бақылау және зерттеу жұмыстары жүргізу болып табылады.Сонымен қатар сынып сабақтарында, үйірмелерден алған білімдерін толықтуға мүмкіндік жасайды.Үлескіде өткізілетін сабақтар оқушылардың қызығушылығын арттыруға,ынталандыруға ,сабақта алған білімдерін өмірмен байланысын білуге ықпал етеді.Үлескідегі сабақта ағаштарды егу,ағаштардың басына құстарға ұя жасау,құстарды тамақтандыру жұмыстарын ұйымдастыруға болады.Осындай жұмыстар арқылы балалардың адамгершілік қасиеттері,табиғатқа қамқорлық жасау,қоршаған ортаны қорғау дағдылары қалыптасады.Үлескідегі сабақтарды көбінесе көктем және күз мезгілдерінде ұйымдастыруға болады.Үлескідегі сабақтан алған білімдері сынып сабақтарымен байланысып,толықтырылып отырады.Мысалы,үлескіде отырғызған тұқымның суретін салу,т.б сызба жұмыстары сыныптағы сабақта жасалынады.Үлескідегі өткізілетін сабақтарда мысалы, өсімдіктердің өсіп,дамуын күнде бақылау,көзбен көру арқылы,қолайлы жағдайлар жасау арқылы және өнбей қалған тұқымдар болса не үшін өнбеді,себебін анықтау арқылы оқушылардың ой өрісі дами түседі,ізденушілігі артып ,шығармашылығы қалыптасады.
3.Топтық жұмыстар және оның дүниетану,жаратылыстанудағы маңызы
Топтық жұмыстар белгілі бір мақсатпен біріккен адамдар тобымен жүргізілетін жұмыстарды айтамыз.Топтық жұмыстар арқылы оқушылардың өзара қарым қатынасы артады,ұйымшылдығы,топпен жұмыс жасауға үйренеді.Дүниетану және жаратылыстану пәндерінде топтық жұмыстар оқушылар белсенділігін арттыру,зерттеу,тәжірибе жүргізу кезінде салыстыру жұмыстарын жүргізу мақсатында,сыныпта бәсекелестік арқылы оқушыларды талаптандыру мақсатында жүргізіледі. Топтық жұмыста оқушылар бір бірімен пікір алмасады,идеяларымен бөліседі,өз көзқарастарын қорғауға тырысады.Топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылар топта сыныптастармен біріге отырып,көзқарастарын ұсынуға және қорғауға , барынша белсенділі көрсетуге мүмкіндік алады. Топтық жұмыс өткізуде топқа оқушылардың деңгейіне байланысты бөлу керек,оқушылар тапсырмаларды бірігіп жасауы қажет.Топтық жұмыс сөйлеудің дамуын,оқу әрекеттерін қалыптастыруға әкеледі.Дүниетану,жаратылыстану сабақтарында топтық жұмыс басында алдымен мұғалім проблема тудырады,содан кейін барып оқушыларды оопқа бөлу және тапсырмаларды бөлу жұмыстары жүргізіледі.Топтық жұмыстың басты шарты өзара іс қимыл негізінде жүзеге асыралады.Бұл барлық топ мүшелері арасында өзара түсіністіктің болуына ықпал жасайды.Дүниетану және жаратылыстану пәндерінен оптық жұмыстар жүргізу қазіргі жаңа бағдарлама бойынша білім алудың бір тәсілі деуге болады.Топтық жұмыс нәтижесінде оқушылар берілген материалды жақсы меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |