Ұтымды тамақтану (Сыныптан тыс сабақ)



Дата01.02.2018
өлшемі48,76 Kb.
№2 мектеп-гимназия

Ұтымды тамақтану

(Сыныптан тыс сабақ)

Өткізген: Б.Дәрібаева

2015-2016 оқу жылы

Мақсаты: Оқушыларға тамақтану тәртібі мен тағам құрамы , дәрумендер жайлы түсінік бер.

Әр атпал азамат баладан өседі.Соған байланысты оны бала шақта тәрбиелеу керек. Үлкендердің «баланы жастан» дейтініде сондықтан.Бала тәрбиесіндегі ең басты мәселенің бірі-оны дүрыс тамақтандыру.Өйіткені дүрыс тамақтанған баланың денсаулығы да зор болып өседі.


Әрине,жаңа туған жас нәресте өмірінің алғашқы айларында, көбіне 1 жасқа дейін,емшек сүтін емеді. Емшек сүттімен оның организмінеқажетті заттар жеткізеді. Ал 1 жастан 1,5жасқа дейінгібалалар тағамыәр түрлі болуға тиіс.Олардың құрамына сүзбе, ірімшік, ет,бидай наны,қант, майда жарма,қарақұмық жармасы,күріш,картоп,капуста,сәбіз,қызылша,жас және кепкен жеміс,т.б енеді.Бұл өнімдердің әрқайсысынан бала үшін арнайы тағам дайындаудың қажеті жоқ.Жалпы отбасы үшін пісірілген көкеніс сорпасынан 1-2 қасық, еттен бір кесек,тағы басқалардан осындай аз-аздан беріп отырса жетіп жатыр.

«Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» дегендей, ұтымды тамақтану, яғни, ден­саулықтың мықтылығы адам­ның немен және қалай тамақ­тануына тікелей қатысты екенін естен шығармау қажет. Амери­калық диетолог Поль Бруг «Адам 99 пайыз дұрыс тамақ­танбаудан зардап шегеді» депті. Демек, тамақты жеткілікті деңгейде ішу керек. Тамақты артық ішу де зиян. Мәселен, дамыған елдерде ересектердің 50 пайызға жуығы салмақтан артық зардап шегеді екен. Та­мақты артық ішу артық салмақ қостырып, холестериннің кө­бейуіне әкеледі. Дененің май­лануы атеросклероз (қан тамыр­ларының ішкі бетіне холес­териннің сіңіп, жиналып, түйін тәрізді шоғырланып қалуы) бен жүректің ишемиялық (қанның бір жерде азаюы) ауруларына себеп болады. Сондықтан, қа­лып­тан тыс тамақтануға бол­майды.

Тағамның құрамында 650 әр түрлі қосылыстар бар. Олардың ең бастысы белок, май. көмірсу, микро- және макроэлементтер фосфор, кальций. натрий, йод, кобальт, қалайы, марганец, калий және т.б. Сонымен бірге тағамдық заттар құрамында витаминдер,
органикалық қышқылдар, неше түрлі фитонцидтер, крахмал бар, клетчаткалар болады.
Ұтымды тамақтану — ол клеткалар (жасушылар) қазақша құ-рамына қажетті заттар мен ағзаны қамтамасыз ететін қуат, қимыл және тағы басқа қажеттігін өтейтін, заттар алмасуын қажетті деңгейге ұстайтын тағамдарды пайдалану.

Егер біз дұрыс түрде тамақтанатын болсақ, онда еске ұстау қабілетіміз артып, денеміз сауығып, көңіл-күйіміз кетеріле түсетіні сөзсіз. Қандай да аурулар болмасын, біз олардың алдын алар едік. Егер күнделікті қолданылып жүрген азық-түлікте сіңімділігі жағынан құнды тағамдар жеткіліксіз болса, мұның өзі адамның денсаулығына, көңіл-күйіне кері әсерін тигізеді. Дұрыс түрде тамақтанған адамзат баласы 150-200 жыл жасар еді деп, жазады Дж. Гласс өзінің әлемге әйгілі еңбектерінін, бірінде 

Профессор Шерманның айтқанындай, тағамның көмегімен сіз өзіңіздің организміңізге оның жастығы мен саулығын ұзартуға қажетті өмірдің ұзақтығын арттыруға алғашқы қадам жасау үшін өзіңізді «клеткалардың шөліркеуі мен ашығуын» басатын оңтайлы әдіске үйретуіңіз керек. Ең алдымен дұрыс тамақтану жөнінде қысқаша әңгімелеп өтейік. Ұтымды тамақтанудың негізгі принциптерін білу арқылы сіз салауатты өмір сүре алатын боласыз. Басқаша айтқанда, тепе-тең тамақтана білу 180 жасқа жету жолындағы алғашқы қадам болып табылады. Бұл үшін күнделікті тағам мәзірінде белгілі мөлшерде белоктар (бұршақ, жаңғақ, т.б.), майлар (өсімдік майы), сондай-ақ, витаминдер мен минералды заттар (көкөністер) болуға тиіс. Күнделікті тағамда крахмал мен қантты молынан пайдалану денсаулыққа зиян екенін есте ұстаған жөн.

Асханада тамақтану кезіндегі әр оқушының өзін -өзі ұстау мәдениеті

*Тамақ алдында және тамақтан соң қол жуу –адамды көптеген ауру сырқаулардан сақтайды;

*Тамақ ішкенде жағымсыз сөз, жиркенішті заттар айтылмайды;

*Кезекті шайнамды жұтып болмай, аузыңызға басқа тағам салмаңыз, әбден шайнап болған соң жұтады;

*Түрегеп тұрып тамақты жеуге болмайды;

*Су ішкенде ыдысты бірден төңкере салмай, бөліп-бөліп ішкен жөн. Тамақты аузыңа аз-аздан сал;



Тамақты тәулік ішінде ішу мөлшеріне көзқарас өзгеріп отыр.

Бұрын тәулік ішінде пайдаланатын тағамның көбірек мөлшері таңертеңгі және түскі астың үлесіне сәйкес келетін. Қазіргі кезде атқарылатын жұмыстардың көпшілігі механикаландырылған және автоматтандырылған. Сондықтан да көп жұмыстарды атқаруда дене еңбегінің қатысуы, яғни энергияны жұмсау азайып отыр. Осыған орай, көпшілік диетолог ғалымдар жұмыс уақытында тойып тамақ ішудің тиімді еместігін ескертеді. Тойып тамақтанған адамдардың асқорыту мүшелерінің қарқынды жұмыс істеуіне сәйкес, оларға қан көп келеді. Оның есесіне миға қан аз келеді де, адамның ұйқысы келеді. Осы арқылы мидың жұмыс істеу қабілеті төмендейді. Ғалымдар осыны ескере отырып, тәуліктегі төрт рет тамақтанудың мынадай ережесін ұсынады. Бір күн ішінде пайдаланатын тамақ калориясының 20% таңертеңгілік, 20% кешкі астың үлесі болуы тиіс. Ал, сәскелік және түскі астың әрқайсысына 30% үлестен келу керек деп есептейді. Тәулік ішінде пайдаланатын жалпы тағамдар құрамында 15% нәруыздар, 30% майлар, 55% көмірсулар болғаны тиімді. Әрбір ас ішудің арасын созып алу асқазан ауруларына шалдықтыруы мүмкін. Тамақты сылқия тойып ішу де зиянды. Кешкі асты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішкен дұрыс.



  • Бір күнде 4 мезгіл тамақтану қажет.

  • Таңғы ас 25%

  • Түскі ас 40%

  • Сәске ас 15%

  • Кешкі ас 20%

  • 1. Таңғы асқа сүт ботқалары , көкініс салаты

  • 2. Түскі асқа 1-ші және 2-ші ыстық тағамдар. Олар еттен немесе балықтан дайындалған көкініс болмаса жеміс салаты. Кепкен жеміс сусыны, шырын.

  • 3. Сәскелік ас – жеміс не көкініс шырыны сүт пен жемістер (алма, банан, алмұрт, апельсин т.б.)

  • 4. Кешкі ас –жеңіл болғаны дұрыс. Сүт немесе айран, көкініс, жарма тағамдары, жемістер (алма, банан, алмұрт, ананас т.б.)

  • Осы кеңестерді бере отырып «Дені сау ұрпақ -ұлт болашағын қалыптастыруда» өз үлестерімізді қосайық дегім келеді.

Қорытынды

Жеке денсаулықты сақтау үшін әрбір адам өз ағзасында ауру туғызбау үшін не істеу керек екендігін білу керек. Бұл өте қажет, өйткені барлық аурулардың туу себебі бір - ол білімсіздік, денсаулығына көңіл аудармаудан туындайды.“Ауру –астан”дегендей, әр адам ішетін ауыз суы мен күнделікті тамағының сапасына көңіл бөлгені жөн. Таза су,құнарлы тамақ,сіңімді тағам адам бойындағы түрлі ауруларға деген иммунитетті жетілдіріп, қорғаныш қабілетін арттырады. Адам ағзасына қоршаған ортаның қолайсыз факторларының 80% тамақ арқылы беріледі екен. Елбасы жолдауында ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алудың тиімді екенін үнемі көрсетілген. Денсаулыққа белгілі - бір мөлшерде сақтанудың арқасында ғана жететін болғандықтан: мөлшермен ішіп жесең, денің сау болады, мөлшермен еңбек етсең, күш қосылады.
Каталог: uploads -> doc -> 09a1
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09a1 -> Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Әже» Сабақтың мақсаты
09a1 -> Сабақ тақырыбы Модуль таңбасы бар квадрат теңдеулерді шешу
09a1 -> Оқулық, суреттер. Үй жұмысын тексеру


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу