Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa сборник задач



Pdf көрінісі
бет22/78
Дата02.11.2022
өлшемі2,87 Mb.
#156208
түріСборник
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
Timss ж не pisa халы аралы зерттеулерге о ушыларды дайындау а а

 
11-тапсырма
Электромагниттік толқындар.
 
Егер 1990 ж. Қазақстанда республикалық екі телеарна және 4 радиохабар 
бағдарламасы болса, қазіргі кезде 50-ден 900 МГц-ке дейінгі аса жоғары 
радиожиілік аймағын қамтитын телеарналар саны үздіксіз көбейіп келеді. 
Байланыс құралдарына қойылып отырған заманауи талаптар олардың одан әрі 
жетілуін талап етеді, ақпаратты, бейнені, дыбысты жеткізудің сандық жүйесі 
енгізілуде, олар аналогтық теледидарды толығымен алмастыратын болады.
«KazSat-1», «KazSat-2», «KazSat-3» қазақстандық серіктер республикадағы 
серіктік байланысты, сандық теледидар және радиохабар байланыстарын 
қамтамасыз етуде (33-сурет).


34 
33-сурет – Серіктік байланыс
Техниканың 
дами 
түсу 
арқасында 
байланыс 
құралдарының 
аппаратуралары да жетілдірілуде.
Мысалы, қарапайым телефондық байланыстың орнын функциялық 
мүмкіндіктері аса жоғары сандық телекоммуникациялық жүйелер алмастыруда.
Байланыс құралдарының дамуындағы басты өзгеріске көпшіліктің қолы 
жетімді Интернет деп аталатын әлемдік электрондық жүйенің пайда болуын 
жатқызуға болады.
Сұрақ.
Байланыс құралдарының дамуы адамдардың қызметі мен 
күнделікті тіршілігіне қандай қолайлы жағдайлар туғызады? 
 
12
-тапсырма
.
Электромагниттік толқындар
.
Адамзат дүниесі гравитациялық өріс, радиоактивті сәулелер және 
электромагниттік сәулелер мұхитында өмір сүріп келеді. Әлемдік өркениеттің 
дамуы әр түрлі электр құралдарын, электрондық жабдықтарды кеңінен дүниеге 
әкелуде. Жоғары және аса жоғары кернеудегі электр жеткізу ауа желілері, 
радиохабар, 
теледидар, 
радиорелелік 
және 
серіктік 
байланыстар, 
радиолокациялық және навигациялық жүйелер, лазерлік маяктар, Wi-Fi, 
тұрмыстық микротолқындық пештер, мониторлар және т.б. жасанды 
электромагниттік өріс көздері табиғи электромагниттік фонға елеулі ықпал 
етуде. Бұл адамдардың қызметі мен күнделікті тіршілігіне қолайлы жағдайлар 
туғызады, алайда олардың денсаулығына байқатпай зиян келтірмек.
Сұрақ.
Ауа желілері арқылы электрді тасымалдағанда электромагниттік 
өрістер адамдар мен басқа тіршілік иелеріне қалай әсер етеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет