Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa сборник задач



Pdf көрінісі
бет21/78
Дата14.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#152963
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
7-тапсырма
Птеродактиль 
 
«Жоғалған әлем» фантастикалық фильмінің кейіпкері профессор 
Челленджер Жоғалған әлемнен птеродактильдің (31-сурет) екі жынысының 
бірнешеуін алып шықты.
31-сурет – Птеродактиль
1-
сұрақ
. Оған негізгі мекенінен тысқары жерде птеродактильдердің 
популяциясын сақтап қалу үшін қорықты қалай ұйымдастыру қажет?
2-
сұрақ
. Ол қандай проблемаларға тап болуы мүмкін?
8-тапсырма. 
Птеродактильдер 
 
Птеродактиль – бұл плацентарлық сүтқоректілер отрядына жататын 
ұшатын динозавр. Птеродактильдер үшін бас сүйегі тым ұзын әрі жеңіл болуы 
тән. Сонымен қатар олардың мойын омыртқасы созылыңқы және мойын 
қабырғаларынсыз болған.
Қанаттары жалпақ әрі мықты, ал ұшуға қажет саусақтары ашылмалы-
жиылмалы болған. Ірі түрлерінің қанаттарының құлашы 8 метрден 12 метрге 
дейін жеткен.
Егер қазіргі кезде птеродактильдер болған болса және оларды қолға 
үйретсе... Оларды қандай мақсатқа қолдануға болады?
Өз жобаларыңызды ұсыныңыздар.


33 
9-тапсырма. 
Жанартау
.
Жанартау (лат. vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді) – Жер 
қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан оның бетіне шығатын 
балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары (32-
сурет).
Жанартау атқылаған кезде оның терең магмалық ошақтарынан жер бетіне 
ыстық қоймалжың лава, газ және бу атқылайды.
32-сурет – Жанартау
1-сұрақ. Жанартаудың атқылауынан болатын зардаптарды атаңыздар.
2-сұрақ. Жанартаудың әрекетін шаруашылықта пайдалану жолдарын 
ұсыныңыздар. 
 
 
10-тапсырма. 
Лимон шырыны 
 
Лимон – ірі, салмағы 200-400 г., сопақша, сары түсті қалың қабықпен 
қапталған жеміс. Шырынының дәмі қышқыл.
Көптеген адамдар лимон шырынын тұрмыста кездесетін жағымсыз 
иістерді немесе лас болып көрінетін заттарды тазалауға қолданады. Лимонның 
құрамында адам денсаулығына пайдалы С дәрумені бар, темірге бай, эфир 
майы, кальций, калий т.б. болады. 
1-
сұрақ
. Тұрмыста лимон қышқылын қолдану жолдарын ұсыныңыздар. 
2-сұрақ. Аталған қасиеттерін ескере отырып, лимонды адамның 
денсаулығын жақсарту мақсатында қалай пайдалануға болады? 
3-сұрақ. Өз ұсыныстарыңызды жазыңыздар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет