Timss және pisa халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға арналған есептер жинағын әзірлеу есептер жинағы разработка сборника задач по подготовке учащихся к международным исследованиям timss и pisa сборник задач



Pdf көрінісі
бет7/78
Дата14.10.2022
өлшемі2,87 Mb.
#152963
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78
15-тапсырма. Иммунитет
Жақсы иммунитет адамның көтеріңкі көңіл-күйін білдіреді, вирусты 
немесе бактериялы инфекциялық аурулар жұқтыру ықтималдығын азайтады. 
Егер адамды өз организмінің қорғаныс күштерінің жағдайы мазалайтын болса, 
иммунолог дәрігерге баруы және иммунограмма тапсыруы тиіс, ішектерінің 
микрофлорасының құрамын зерттеуі қажет. Иммунитеттің әлсіреген жағын 
анықтап, оны қалыпқа келтіруі тиіс. 
Тез шаршағыштық, әлсіздік, ұйқысыздық, сонымен қатар ерінде ұшықтың, 
көзде теріскеннің, арқа терісінде шиқанның шығуы – адам организмі қорғаныс 
күштерінің әлсіреуін көрсетеді. Ангина, тонзиллит, құлақтың қабынуы, 
гайморит тәрізді инфекциялық аурулармен ауруға бейімділігі артады. Сонымен 
бірге организмнің жасалып жатқан емді қабылдауы бәсеңдейді, сауығу үдерісі 
созылып кетеді.
1-сұрақ.
Иммунитетті қалпына келтіру – адамның өз организміне қамқорлықпен 
қарауды талап ететін кешенді үдеріс. Иммунитетті нығайтудың тәсілдері (өз 
ойларыңызды жазыңыздар): 
1. Ұйқы –
2. Дұрыс тамақтану –
3. Белсенді дене шынықтыру әрекеті –
4. Күйзеліс әсеріне шектеу қою –
2-сұрақ. 7-кестеде келтірілген мысалдардың қайсысы иммунитетті қалпына 
келтіруге көмектеседі? (Ия/жоқ).


11 
7-кесте – Иммунитетті қалпына келтіру жолдары
Мысалдар 
Ия/жоқ 

Көкөністер және жеміс-жидектері бар тағамдар 

Адамдар көп жиналатын жерлерге бару 

Энергетикалық сусындар ішу 

Мекен жайды ауыстыру 

Таза ауада көп жүру, серуендеу 

Тағамға жартылай дайындалған өнімдерді қолданбау 

Бассейнге бару, салқын сумен құйыну, қарама-қарсы душ қабылдау 
 
16-тапсырма.
Назгүл алма және лимон шырынымен эксперимент жасамақ болды. Ол 
алманы екіге бөліп, кесілген жағымен жайпақ ыдысқа салды. Алманың бір 
бөлігіне лимон шырынын сығып тамызды. Біраз уақыттан кейін лимон 
шырынымен «қорғалған» бөлігінің ақ қалпында қалғанын, ал алманың «таза» 
бөлігі қарайғанын байқады.
Алманың «таза» бөлігі неліктен қарайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет