Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет47/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)
Курсовая на тему (Развитие науки и образования в странах Восточной Азии), План Амиржана, sadokhin ap etnologiia, А5ЫМДЫ0 2, 1051303372soozh 3, 1706719713Srsp1, 114074018esse adisteme, УМК по физике рус, икттт, архивтану 2 тапсырма, Министерство образования и науки Республики Казахстан, Әсемдіктің қызметі, Спандияр Кобеев, қысқа мерзимди жоспар
Төртінші тарау
Алматының бір шетінде тұрамын, ал редакция екінші 
шетінде орналасқан. Сонда да ерінбей барып, редакто-
рымен кездесіп, осы газетте жұмыс істегім келетінін 
айттым. Редакторы шамамен отызға әлі жете қойма-
ған бір келіншек, есімі – Танакөз. Редакциясы қазақ 
тілді екен, қырықтың ар жақ, бер жағындағы үш-төрт 
қызметкері бар екен. Алдарында қалыңдығы әртүрлі 
бірнеше қазақ-орыс сөздіктері жатыр, барлығы тіл 
мамандары болса керек. Танакөз мені менсініңкіремеді. 
Артымда тәжірибем жоқ, бұған дейін газеттерде жұмыс 
істемегенмін. «Мына баланың қолынан не келеді?» – 
деп ойлаған шығар ішінен. Сонда мен: «Маған тап-
сырма беріңіз. Жаза алсам, сіз де, біз де ұтылмаймыз. 
Қолымнан келмесе, көрерсіз», – дедім. Алдында жат-
қан қазақша газеттерден бірнеше мақаланы іріктеп 
алды да, аударып келуге бір аптадай уақыт берді. Мен 
ұзақ созбай, түнімен аударып, ертеңіне алып бардым. 
Орыс тілін жетік меңгергендіктен, қазақшадан ауда-
ру еш қиынға соқпады. Танакөз маған сенімсіздікпен 
қарады да: «Саған кім көмектесті? Шыныңды айт!» – 
деді. «Ешкім», – десем, сенбейді. «Олай болса, маған та-
ғы бір мақала тапсырыңыз, осы жерде, көз алдыңызда 
аударып берейін», – дедім. Бұдан да сүрінбей өткен соң, 
көзі жетті де, жұмысқа екі апталық сынақтан кейін
алынатынымды айтты. Екі апта бойы әрі-бері жүру 
үшін ақшам тек жолға ғана жеткендіктен, таңғы то-
ғыздан кешкі алтыға дейін түскі ас та ішпей жұмыс 
істедім. Аударған мақалаларым газетке шығып жүрді. 
Бірде тіпті штаттағы қызметкерлеріне жұмыста-
рымды үлгі етіп көрсетті.
Екі апта өткен соң, Танакөз жақсы жұмыс істеге-
німді айта отырып, штатта бос орын болмағандықтан-


Кітап оқудан кітап жазуға
[ 105 ]
мыс жұмысқа тұрақты ала алмайтынын жеткізді. 
Екі апта жүргенім үшін бір тиын беру түгілі, газет 
бетіндегі аудармашылар қатарында менің есімімді 
де көрсетпеді. Мұңаймадым, ащы болса да тәжірибе 
дедім. Көп ұзамай бұл газет жабылып қалды.
Бір жолы газет дүңгіршегінен жаңадан шыққан 
Vox Populi журналын сатып алдым. Орысша шығатын 
мықты аналитикалық басылым болатын. Бір жыл 
оқып жүрсем де, редакциясына хабарласуға баты-
лым жетпеді. Ақырында тәуекелге барып, Юлиана
Алексеенко деген кісіге хабарласып, осы журналға 
мақала жазғым келетінін айттым. Ол да басында 
тәжірибем болмағандықтан аса қызыға қоймады. 
Бұл жолы да тапсырма беріп сынап көруін өтіндім. 
Ұсынған тақырыбы бойынша мақала жазып жіберіп 
едім, Юлиана бірден хабарласты да, рақметін айтып, 
келесі санында мақалам жарияланатынын хабарла-
ды. Он үш мың теңге қаламақымды өзі әкеліп те берді. 
Содан бері Vox Populi журналына бір жылдай уақыт 
жазып жүрдім.
2010 жылы Юлиана хабарласып: «Кітап жазғың 
келе ме?» – деп сұрады. «Артық тәжірибеден ешқашан 
бас тартпау керек» деген қағиданы ұстанатын мен 
оған бірден келістім. Бұл кітап Алматы туралы бол-
ды. Келер жылы мегаполисте Азиада ойындары 
өтетіндіктен, осы кітапты шығаруды қолға алыпты. 
Кітапты бірнеше адамнан тұратын ұжым жазды. Мен 
Алматының театрлары, фестивальдері, мұражайлары 
туралы мақалаларды дайындап бердім. Кітап орыс 
және ағылшын тілдерінде шықты. Қаламақымды да 
берді. Бірінші кітабың шыққанда қайталанбас ерекше 
сезімде болады екенсің.


[ 106 ]
Төртінші тарау
НАМЫСҚА ТЫРЫСЫП ЖАЗҒАН КІТАБЫМ 
ЖАЙЫНДА
Магистратурада оқып жүргенімде бакалавр 
студенттеріне дәріс бердім. «Баланың ойы далада» 
дейді ғой, семинарға түн ұйқысын қиып дайындала-
тын студенттер бар, оқуға салғырт қарап, баға үшін 
оқитындар да аз емес. Қазақ тілінде ғылыми ақпарат 
аз болғандықтан, орысшасын іздейтін. Кітапханаға 
барып дайындалу үрдісі жиырмасыншы ғасырдың 
атавизмі болып бара жатыр. Қазір білім емес, баға 
үшін оқитын студенттер көп, бір түн қалғанда ғана 
тапсырманы естеріне түсіріп, ғаламтордан тақырып-
қа орай орысша ақпарат тауып, соны басып шығарып, 
сабаққа алып келеді. Соның өзінде алдын ала оқып 
дайындалмай, тура кафедраға шығар алдында ғана 
бір көз жүгіріп шығады. 
Бірде семинар қабылдап жатсам, сабақ айтып тұр-
ған студент орыс тіліндегі оқып алған ақпараттарын 
автоматша сайрап айтып тұр. Ғылым болған соң 
объективті болсын деп барлық дереккөздермен 
жұмыс істеген дұрыс, бірақ «бес» аламын деп ұлттық 
мүдде тұрғысынан дұрыс баға беру керек нәрселер 
де болады. Адамда ішкі сүзгі болу керек. Түрік жазу-
шысы Орхан Памук «Черная книга» еңбегінде оның 
маңызын атап өтіп: «Ішкі сүзгісі жұмыс істемейтін 
ұлттар өзімен-өзі бола алмай, ақыры құрып тыныш 
табады» дейді (ол туралы келесі әңгімемде оқи ала-
сыздар). Иә, объективтілік үшін барлығымен таныс 
бол, бірақ ұлттық мүддеңді сатпау керек. Ресейдің 
ғалымдары да бірдей емес, шынайылары да бар, 
пропагандистері де жетеді. Бір қарасам, алдымда 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет