Timur Bektur : «Біздің замандастардың арасында за- манауи кітап жазуды бірінші боп қолға алдың, енді заманауи баспа ісін де қолға алып жатырсың. Алла Тағала берекетін берсін!» Shynggys Mukan



Pdf көрінісі
бет48/79
Дата11.05.2022
өлшемі1,57 Mb.
#142037
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79
Байланысты:
Күміс кітап (1)
Курсовая на тему (Развитие науки и образования в странах Восточной Азии), План Амиржана, sadokhin ap etnologiia, А5ЫМДЫ0 2, 1051303372soozh 3, 1706719713Srsp1, 114074018esse adisteme, УМК по физике рус, икттт, архивтану 2 тапсырма, Министерство образования и науки Республики Казахстан, Әсемдіктің қызметі, Спандияр Кобеев, қысқа мерзимди жоспар
Кітап оқудан кітап жазуға
[ 107 ]
қазақтың студенті емес, орыстың шовинисі сөйлеп 
тұр. Тақырып бойынша тапсырманы айтып тұрған 
студентті үздім де, жақсылап сөктім. «Бүгін «бес» үшін 
ұлттық мүддеңнен аттап жатсаң, ертең еліңді сатасың 
ғой», – дедім. Ұялып қалды. Осы эпизод менің есімде 
мәңгілік сақталып қалды.
Магистратурадан кейін ғылыми институтқа ба-
рып жұмыс істедім. Әлгі есімнен кетпейді. Расында 
да, қазақ тілінде ғылыми әдебиеттің аз екені белгілі. 
Бірақ таңнан кешке дейін: «Тіліміздің дамуына 
үкіметтің жаны ашымайды» дей бергеннен ештеңе 
өзгермейді. Әркім ана тілі үшін өзінің шеңберінде 
жұмыс істеуі керек. Сөзден гөрі ісімен дәлелдеу керек. 
Сөйтіп жүріп оқыған курсымның тақырыптарына 
сәйкес келетіндей етіп бір айдың ішінде қазақ тілінде 
ғылыми монография жазып тастадым. Ол үшін ешкім 
маған ақша беріп, басымнан сипамады. Бұл игі істі 
өзімнің борышым деп санадым. Сөйтіп, жиырма бес 
жасымда «Қарулы қақтығыстардағы ақпараттық тех-
нологиялар: әлемдік тәжірибе және келешегі» атты 
ғылыми монографиям жарық көрді. 
ІШКІ СҮЗГІНІҢ МАҢЫЗЫ ЖАЙЛЫ
2004 жылы газеттегі бір мақаланы көзім шалып 
қалып, түрік жазушысы Памук туралы алғаш рет 
естідім. Екі жылдан соң Алматыдағы «Академкітап-
тан» оның «Черная книга» романын көріп, сатып 
алып оқыдым. Бұл тамыз айында болған оқиға. Үш ай-
дан кейін Памук әдебиет саласында тағайындалатын 
Нобель сыйлығын иеленген тұңғыш түрік жазушы-


[ 108 ]
Төртінші тарау
сы атанды. Осыдан соң оның танымалдылығы ар-
тып, түгелге жуық романдары орыс тіліне аудары-
лып шықты. Осы күнге дейін жазушының барлық 
шығармаларын оқыдым. Солардың ішінде маған 
ерекше әсер еткені – алғаш оқыған романы. Содан бері 
он жыл өтсе де, шығармасын кеше ғана оқығандай 
сезімдемін.
«Черная книга» туындысында шығыс елдерінің 
әдебиетіне тән әсемдік бар, арасында сиқырға толы 
таңғажайып аңыз-әңгімелер кездеседі. Солардың 
бірінде кітап оқитын адамның ұлттық мүдде 
тұрғысынан ішкі сүзгісі болу керегі әңгіме етіледі. 
Әңгімесі «Тақ мұрагерінің оқиғасы» деп аталады және 
мен өз кітабымда соның кейбір үзінділерін қазақшаға 
аударып жариялауды жөн көріп отырмын:
«Бір кездері біздің қаламызда адам ғұмырындағы 
ең маңыздысы – оның өзімен-өзі бола алу немесе 
бола алмау мүмкіндігі екенін ашқан Мұрагер өмір 
сүрді. Оның бар өмірі өзін-өзі ашу болды және бұл 
оның бүкіл ғұмырының ісі еді. Мұрагер өмірінің 
осы жаңалықтарының тарихын Жазғышқа айтып 
жаздырған екен.
Мұрагер үшін айтып жаздыру – өмір сүру деген сөз
еді. Мұрагер қызыл ағаштан жасалған орындықта 
отырған Жазғышқа айтып жаздырғанда ғана өзімен-
өзі бола алатындығына сенімді болатын. Мұрагер былай 
дейтін: «Өзімен-өзі болу үшін адам баласы өзінің ғана үнін 
естіп, өзіндік тарих пен өзіндік ойларға ие болуы керек».
Бұл Мұрагердің айтып отырып жаздырғандағы 
тек қана өз даусын естуін білдірмейтін еді. Жазды-
ра бастағанда, ол өзге біреулердің тарихын ойлады; 
өз ойларын дамыта бастап, ол басқалар айтқан ой-


Кітап оқудан кітап жазуға
[ 109 ]
лармен бетпе-бет келді; өз қаһарында ол өзгенің 
қаһарының жаңғырығын сезді. Мұрагер адамдар-
дың өз дауысын тек іште сайрап жатқан дауыстан 
ғана таба алмасын ұқты, өз оқиғаларын ойласты-
рып жатып, кереметті өзгелерден білді. Мұрагер 
мұны «өзгелердің ойымен айқасу» деп атады. Жаз-
дырып жатып соғыс майданында жеңісті ұстап 
тұруға міндетті екенін пайымдады.
«Мұрагер Осман Жәлеләддин Әпенді: «Жер бетінде, 
мына қарғыс атқан жержүзінде, адамдар үшін ең 
маңызды мәселе – ол өзімен-өзі болу мүмкіндігі екенін 
білді және бұл мәселе ойдағыдай шешімін таппай-
тын болса, біздердің барлығымыз апатқа, жеңіліске, 
құлдыққа ұшырап, беделділер құрметсіздікке, ұлт 
жоғалу мен жойылуға, жойылуға ұшырайды», – деді.
Ол жиырма тоғыз жасқа толғанда, мүлде күтпеген 
тарихи оқиғалардың нәтижесінде бір сәтте-ақ тақ 
мұрагерлігінің кезегінде бесіншіден үшінші орынға 
ауысты.
Тақ мұрагерлігі кезегінде үшінші болған ол 
бүтіндей оқуға бет бұрды: таққа келуін керемет деп 
қабылдамай, жай тірліктің үрдісі деп білген әрбір 
мұрагер өзін келесі оқиғаға даярлап, мұның бәрін де 
кітаптың көмегімен істей аларына сенуі керек. Ол 
жан-тәнімен, қызығушылықпен, кітап беттерін жеп 
қоярдай оқуға берілді және әр кітаптан болашаққа 
бағытталған «керекті идеялар» алды; ақылдан алжас-
пау және жақын арада болашақтағы бақытты Осман 
мемлекетінде өзінің жарқын идеяларының орын-
дауына сенімін сақтау үшін ол жиырма тоғыз жыл 
ішіндегі өзінің уайымсыз балалық шағын еске түсіре-
тін барлық дүниеден құтылуды ойлады: ол әйелін, 


[ 110 ]


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет