Тапсырма - 2
1.Төмендегі көрсетілген шығармаларды оқып, әдеби- теориялық талдау жасап , конспект жазамыз. - Д.Исабеков «Қарғын» романы, «Пері мен періште», «Өкпек жолаушы»,
«Сүйекші»
Тақырыбы:Аманатта қалған кінәсіз бала
Идеясы:Қиындық көрген баланың, тірлік таңдамауы
Басталуы: Желтоқсанның ызғарлы күндері, Үндеместің өз жасын білмеуі
Байланысы:әкеснің 3 бозаға тойған жігітке кезігуі,бір жігіттің өлімі
Шиелінісуі: 2 жігіттің Кеңкелесті ұрып тастауы,содаң соң «сүйекші» болуы
Шарықтау шегі; Өмекейдің суйекшіні іздеп келуі
Шешімі;Тұңғыштың өлімі, Үмітайдың жерлеу рәсімін өткізуі
Кейіпкерлері, Үндемес, Қомша - әкесі,Бәдіғұл – ауыл молдасы, Тілеуберді - бай, 3 жігіт – бозаға тойған, Тілеуберді – бай, Доскей- өлген жігіттің әкесі, Үкітай – Дскейдің улкен ұлы, Сақау –атшы, Өмекей –аманатқа қамқаоршы, анасы, диуана шешей
Уақыт пен кеңістік: желтоқсан, «Үндемес сарыбы», сүт пісірім уақыт, күз,ақпан үскірігі, Шерәлі ауылы, көктем
Дулат Исабековтің «Сүйекші» повестінде тек өз заманының ғана емес əр замандағы адам бойындағы ізгілік пен зұлымдық концепциялары сөз болады. Əлем ойшылдары Ф.Кафка мен Ж.Сартрдың жеке тұлғаның өз тағдырьна қатыссыздығы жəне өз өміріне параллель өмір суруі тəрізді идеялары негізінде туды деуге болатындай. Жапандағы жалғыздық, "құдайы жоқ мынау əлемде" (Қ.Мырзалиев) күнелту (өмір сүру емес - күнелту; не жить а существовать) тақырыбы əдебиетімізде бұрыннан-ақ бар. Сөзіміздің дəлелі ретінде М.Əуезовтің "Қорғансыздың күні" əңгімесін алуымызға болады. Сонымен қоса, Ш.Айтматовтың «Боранды бекетіндегі» əлемдік концепцияның тууына себепкер болған мəңгүрттік ұғымы заман өте келе тек формасын ғана өзгертіп отырады. Осындай мəселелердің теориялық жəне əдіснамалық негізін Қазақстан жəне шетел ғалым- Вестник КазНУ. Серия филологическая, №2(132). 2011 285 дарының көркем əдебиеттегі кейіпкерлер мен образдар көрінісі жайлы жазылған, көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан талдаған, сондай-ақ Д.Исабеков шығармашылығын зерттеген еңбектер құрайды. Э. К. Хасенова
"Сүйекші" повесіндегі басты философиялық ой – қауқарсыз жалғыздық. Кедей отбасында өмірге келген Тұңғыштың ештеңеге ұмтылмай, ешқандай мақсатсыз өмірден өтуінің сыры неде? Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырдың адамзат әлеміне соншама қасірет әкелуінің себебі бар ма? Жазушының тақырып таңдау болмысы да өзгеден тым бөлек. Не үшін сүйекші? Қазақта көр қазушылық кәсіп болған ба? Жазушы ұғымындағы кейіпкерлер жан-жақты. Тіршілік пен Сүйекші сарындас шығармалар. Екі повесті оқи отырып жазушының әр детальді тиімді пайдалана білгеніне қуанамыз. Астарлы әзілмен, жеңіл юморлы штрихтармен-ақ кейіпкер психологиясын өте жақсы талдаған.
Достарыңызбен бөлісу: |