Конспект жазамыз. В ә. Кекілбаев «Шыңырау»



бет1/11
Дата22.05.2022
өлшемі42,3 Kb.
#144486
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ағымдық 1


Бейсенбекова Фариза КО-31
Ағымдық №1


Тапсырма 1
1.Төмендегі көрсетілген шығармаларды оқып, әдеби- теориялық талдау жасап , конспект жазамыз.
В)Ә.Кекілбаев «Шыңырау»
Экспохиция: Еңсепке Байсал байдың өтініші.
Байланысуы: Еңсептің құдық қазуына кірісуі.
Даму: Еңсептің басы тасқа соғылып үні тек өзіне естілуі.
Шарықтау шегі: Құдықтың тереңдей түсуі.
Шешімі: «Еңсеп өлген атанған шыңырау»
Еңсеп – дүние қуып, өзін еңбек жолында құрбан ете алатын, ішкі ойын жасырып, томаға тұйық жүретін адам. Автордың моральдық-этикалық проблемасы: қанағатсыздық, қөрсеқызарлық, дүниеқоңыздық. Еңсеп сол қанағатсыздығынан, көреалмаушылығының құрбаны болды. Шынын айтсам, Еңсепті бұл оқиғада мен кінәләй алмадым, себебі оның арманы «еңсеп қазған» деген құдық қазу, өз кәсібінің мойындалған маманы болу, бірақ Еңсеп сәл-ақ қалғанда адастыда қалды. Онсызда көңілі теңізге түскен қайықтай қалбақтай қалған, ішкі қорқыныш жегідей жегіп кетті, алды артын аңдай қалмады. Мен Еңсепті аяймын, шын мәнінде... Өзімді алғашында далада баяғыдан жабық түрған, жан-жағы құрғақ балалар ғана ойнайтын құдықтың жанында жүргендей сезіндім, автор мені алдап, құдықтың қақпағын ашқызып, түбін көкжиектей тарылтып, үңілтті, ал мен болсам а деген қалыпта айқаймен тұңғиыққа қарай құлдырамды да кеттім, құлап келем, құлап келеп, жоғары емес төмен ұшып келіп, түб дегенім сағым, сағым дегенім шыңырау түбі болып шыққандай, Еңсептің өліміне гүрс етіп жер болдым. Мен үшін Еңсеп өлімі тұман келе жатып, орға құлаумен тең болды.
Еңсептің шыңырау түбіндегі монологтары образды айқындаушы құрал, лирикалық шегініс пен монолог арқылы Еңсептің қаншалық терең екенін анықтай аламыз.
«Күй»
«Ханша Дария хикаясы»,
Тақырыбы: батырлық, ерлік
Идеясы: Шынайы батыр адам батырлықты, өжеттілікті қадірлей біледі.
Кейіпкерлері: Шыңғыс хан, Қасар, Гүрбелжін, Ан-Июан, Дэван, үшінші әйелі Чахэ, бекзада Аша Гамбу, Шидүрге, шал, күзетші әйел.
Композиция:
Символ- қос мүйіздегі пайда болған сызат.
Деталь – көгершін.
Психологиялық деталь – Гүрбелжіннің желең көйлегі.

Әбіш ағаның тарихи тақырыптағы шығармаларынан алғашқы оқыған шығармам еді, Әуезов пен Есенберлин, Оралхан ағадан тілі ерекше, Шыңғыс ханның билігін, мотивін тың қалыпта көрсете білгендей... Образды беру, сюжетті жүгірту тәсілі арқылы қанқұмар, айлакер, қанды көз, өз ақылын, көргенін алдына салып, әділетті, оңтайлы шешім шығара білетін, айтқан сөзін далаға ұшырмайтын, сертіне берік, қалағанына жетпей қоймайтын қайсар мінез, шын мейірім, көңілден ада, көпті көрген қажырлы егде тартқан кәрі қыран Шыңғыс ханды көреміз. Ол көзі түскеннің жанын сыртқа айналдыра, іш құрылысын ақтара адам тани білетін сыншы. Көреді, біледі, таниды, тапса құрметтей біледі, бірақ қаупі бар ма, жоқ па деп ойланып, өз пайдасына қарай ығыстырады. Нағыз билік адамы, адам мінезін жори, артын баға білетін айлакер саясатшы. Сол себепті, жүректе оты,кеудесінде намысы барды аямайды, бағынбай кетерін біледі, сақиналарын алып жинағаны, өз бетінше құрметтегені. Сол себепті, қайсар мінез Гүрбелжіннің желең көйлегін құшақтап, бетіне басты, өзінің жеңілгенін мойындады, арманда кетті...






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет