Конспект жазамыз. В ә. Кекілбаев «Шыңырау»



бет10/11
Дата22.05.2022
өлшемі42,3 Kb.
#144486
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ағымдық 1

«Түйеші Қамбар»
«Құмырсқа қырғын»
Тақырыбы:Бірлік
Идеясы: “бірлік түбі — береке”, "бірлік болмай тірлік болмас",
Басталуы: Автордың жаңа қонысқа көшіп келуі, елу жылдық құмырсқа илеуі
Байланысы:кішкентай шымалдардың пайда болуы
Шиелінісуі: қара құмырсқалармен қоңыр құмырсқалардың төбелесуі
Шарықтау шегі; қара құмырсқалардың басымдығы
Шешімі;қоңыр құмырсқа илеуінде, жаңа құрылыс болып жатады.
Уақыт пен кеңістік:жаз, күз, қыс, көктем, жаз, күз
М.Мағауиннің бұл әңгімесіндегі көзге түсетін, көңілге ұялайтын ерекше жәйттар – символикалық пен философиялық сипаттардың берік жымдасып, табиғи кіріге түсуі. «Құмырсқа қырғындағы» өзгешеліктің бір ұшығы осында. Қаламгер бұл шығармасында тырнақ ұшындай көзге көрінер-көрінбес құмырсқалар тіршілігін адамдар өмірімен қатарластыра алады. Құмырсқалар әлеміндегі жаңа бір қақтығыс – бірі түстік дуалда, екіншісі терістік дуал түбіндегі ұсақ қара шымалдардың өзарасында өліспей бітіспес қырғын соғыс басталады. «Тірі жан шошырлық қырғын соғыс басталған. Бәрі біреуге қарсы, біреу бәріне қарсы. Бәрі бәріне қарсы. Шын мәнісінде, берік ұйымдасқан, әркім өз орнын, өз міндетін білген, және ешкім де жан аяп тартынбаған кенеусіз қырғын» [2, 100], - деп өз әулетінің болашақ өрісі үшін жан қиған мың сан құмырсқа өлігі мен өліспей бітіспес жанкешті ұрыс мыңдаған жылдық адамзат тарихында біздің саналы деп аталатын екі аяқты қауым әрі қорқынышты, әрі аянышты, дәл осындай ғаламат соғыстың талайын бастан өткерді. Автор көз алдында жүріп жатқан құмырсқа қырығынын адамзат басынан өткен қан майдандармен шендестіреді. Тек құрт-құмырсқа мына адамзат сияқты жеркөкті, бүкіл әлемді бүлдіріп жатқан жоқ, бар күресі – табиғи тіршілік төңірегінде деп түйеді. Шығарма өзегі – майталман жазушы шегіне жеткізе суреттеген құмырсқа өмірі. «Жекелеген құмырсқалар ішке кіріп, тары дәнінен сәл ғана үлкен, сопақша жұмыртқаларды тістеп алып шыға бастады. Мұндағы ең үлкен олжа – болашақ ұрпақ өндімек панасыз жұмыртқалар. Өз илеуіне апарады. Шайқап шығарады. Содан соң... ататегін білмейтін жетімдерді түгел жұмыскер – мұндағы билеуші жұртқа тегін азық-түлік жинайтын құл-құтан, немесе басқа бір, жат әулетпен соғысқа, тіпті, кешегі өз нәсіліне қарсы майданда алға салатын жанкешті жауынгер етіп шығарады. О, құдірет! Тура өзіміздің мәңгүрттер!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет