«Махаббат мейрамы»
«Махаббат мейрамының» бас кейіпкері Еркебұлан таланты тек оның архитектуралық өнердегі қабілеттілігінде ғана емес. Ақ жүрек жан Еркебұлан мектеп жасынан бірге өсіп келе жатқан досы әрі қызметтес әріптесі Қайназардың қызғаншақ мінезін, арам қылықтарын ұзақ жылдар бойы аңғарттықпен сезбейді. Басында бауырына салған Жұлдыздан айырылып, оның орнына Еркебұланды асырайды. Жұлдыз балалар үйінде өседі. Кейін екеуі кездесіп, ғашық болады. Жұлдыз екі қабат болады, содан ағалы – інілі екенбіз деп Алматыны тастап басқа қалаға кетуі Қайназардың қараниеттігімен жасалады. Еркебұлан ішімдікке салынып кетеді. Ақыры әділеттік жеңіп, бәрі орнына келеді.
«Көшпенділер» трилогиясы.
«Көшпенділер» трилогиясы – хронологиялық жүйеге құрылған, қазақы шежірелік сипат бойынша жазылған тарихи шығарма, қиялдан қосу бар. Трилогияның жанры жөнінде кезінде қазақ ғалымдары зерттеулер жүргізген Р.Бердібаев пен Ш.Елеукенов еңбектерінде «роман хроника» деп анықтама берілген. Ондағы баяндалатын оқиғалар негізінен тарихи жүйемен дамып, өрбіп отырады. Иә, әрине, трилогияда жазушының лирикалық шегіністерге, арғы-бергі дэуірлерге ауысып отыратын тұстар да жеткілікті. Ондағы суреттелетін негізгі оқиғалар, басты қаһармандар тарихта болған, деректерде сақталған аты бар.
Есенберлиннің «Алмас қылыш» романы — оның қазақ халқының ХУ-ХІІІ ғасырлардағы тарихынан жазған трилогиясының бір бөлігі. Архив тереңінде қозғаусыз жатқан неше алуан қымбат деректі ыждағатпен жинап, тарихи адамдар тұлғасының диалектикалық шындығын ашатын көркем шежіре, тартымды роман ұсынған автордың азаматтық еңбегі қалың оқырманын — шын сыншысын тауып отыр. Жазушы үшін бұдан артық мәр-тебе жоқ
Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері. "Алмас қылыш" романында Дешті Қыпшақтың (бұрынғы қазақ елінің бір атауы) қаһарлы ханы Әбілхайырдың кезінде қазақ руларының қазақ хандығы қол астына топтасуы, бір жағы — Әбілхайыр, екінші жағы — Жәнібек, Керейлердің тақ пен тәж үшін таласы, хан ордасындағы шытырман оқиғалар, алдау мен зорлықтар тізбегі баяндалған. Кітаптың бірінші бөлімі — Әбілхайыр ұлысының екіге бөліну жағдайын көрсетуге арналса, екінші бөлімі қазақ хандығының ішкі, сыртқы жауларымен кескілескен күрес үстінде шынығып ширауы, бұл жолдағы қыруар кедергілер мен қиындықтар көрсетілген.Романның басты идеясы — қазақ руларының бірлесу, бір хандықта ынтымақ құру мәселелері.Шығармада басты қаһарман Әбілхайырдың, сондай-ақ Жәнібек, Мұхаммед Шайбани, Бұрыңдықтардьщ, тағы басқа тарихта болған қайраткерлердің бейнелері жасалған. Автор олардың күрделі тұлғаларын бойындағы қайшылықтарын ашып көрсету арқылы жасайды. Мәселен, Әбілхайыр, бір жағынан, айлакер, ақылды айбарлы ел басшысы болса, екінші жағынан, өз мақсаты жолында ешбір арамдық, азғындықтан тайынбайтын мейірімсіз, қанды қол. Оның жүздеген жылдарға созылып, әріден келе жатқан Шыңғыс ханның үрім-бұтағының озбырлық саясатын жалғастырушы екенін де автор жасырмайды, хан екен деп, орынсыз дәріптемейді.Қалың әлеумет адамдары да романның басты идеясын ашуда елеулі қызмет атқарады. Мәселен, Асан қайғының Бердібек пен Әбілхайырға айтатын қатал сын сөздері, Әбілхайырдың Керей мен Жәнібек елін шабам деген екпінінің қол астындағыларының қолдамауынан су сепкендей басылуы сияқты көріністер бұған айғақ. Трилогияның
Автор сөз болып отырған заманның әлеуметтік, экономикалық, саяси ахуалын, қозғалыстың себебі мен салдарын зерт-тей келіп, солардың диалектикалық көркем шындығын көрсетуді мақсат еткен. Сонымен қатар романнан көркем шығармаға ғана хас көп әсерлі ақиқаттарды — адамдардың күйініш-сүйінішін, арманы мен өкінішін, ықыласы мен мұратын, кейіпкерлер тарихы мен тағдырын табамыз.
Суреткер өзінің көзқарасын төтелей айтып салмай оқиғалар меи характерлерді ауанына жіберіп, еркін сөйлеткен. Сондықтан да оқырман автор ұсынған шындықтың күнгей, теріскейін түгел шолып, бағдарлап, бағалауға мүмкіндік алған. Роман тарихи адамдарды көрсетуде жаңа қадам болып табыладьт Тарихи кітаптарда жазылған қысқаша тұжырымдар мен үкімдердің тасасында талай өмір, қайшылық арпалыстары жатқанын танимыз. Шығарманың бас қаһарманы — халық. Қозғалысқа күш берген, оны ондаған жыл бойында қазақ жерінде қаһарлы күшке, азаттық алаңына айналдырған құдірет те сол — халық. "Қаһар" атты кітабында I. Есенберлин XIX ғ. 30—40 жылдарындағы Кенесары Қасымов бастаған Ресей отаршылдығына қарсы қозғалыстың жай-күйін әңгімелейді. Мұнда жазушы жұртқа бұрыннан белгілі тарихи оқиғаларды тізе отырып, ондағы адамдардың күйініш-сүйінішімен, арман-өкінішімен, мұратымен, кейіпкерлер тағдырымен байытып көрсетеді.Қаһарда" қазақ даласында тәуелсіз хандық орнатуды мақсат еткен Кенесарының қол жиып күреске шығуы, тәуелсіздік үшін күресті қолдамаған сұлтандарға және патша бекіністеріне шабуылы, Кенесарының билікке қол жеткізу үшін патша өкілдерімен келіссөздер жүргізуі, талабы өтпеген жерлерде халық қанының төгілуімен есептеспей, күш қолданылатын істерге баруы баян етіледі. Осы жолдағы ханның қаталдығы, елдің күйзеліске ұшырауы, Кенесары дұшпандарының ұйымдасқан іс-әрекеттері, сан алуан адам мінездері көрсетіледі.Бір отаршылдан екінші отаршылдың артықтығы жоқ екені, бәрінің көксеген мүддесі қазақ елін бөлшектеп бөліп, әлсіретіп, қансыратып, талан-таражға салу, өз билігін жүргізу екенін жазушы ашып көрсетеді. Мәселен, Қоқан, Хиуа хандықтарына ұзақ уақыт тәуелді боп тұрған оңтүстік қазақтарының ауыр жағдайы, Ташкенттің құшбегі Бегдербектің жәрдем сұрап барған Есенкелді, Саржанды қасындағы нөкерлерімен бірге опасыздықпен өлтіріп жіберетін суреттер тарихи шындықтарға негізделген.Романда Кенесары бейнесі тарихи толық мазмұнда көркем сомдалған. Автор оның жеке басындағы ерлік пен парасаттың үйлесімін шебер аңғартады. Мысалы, Саржан мен Есенкелдінің құшбегі Бегдербек қолынан қапыда мерт болғанын естіп, "Ташкентті шабу керек" деген Қасым төренің кеңесін іштей қабыл көрсе де, соғысқа шығуға ертерек екенін түсініп, жоспарды кейінге қалдырады. Кенесарының Ақмола бекінісін алғанда көрсеткен ерлігі де әсерлі. Кенесары бастаған қозғалыстың белгілі батырлары — Ағыбайдың, Иманның, Төлебайдың, Басықараның, Жанайдардың, Бұхарбайдың эпизодтары да олардың батырлық бейнесін айқындай отырып, Кенесары тұлғасын толықтыра түседі.Романда Ресей патшалығының өр дәрежелі өкілдері бейнелері де бар. Солардың ішінде, әсіресе, Қараөткелдің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендиннің халыққа қаны қас мейірімсіздігі мен мансап үшін арын сататын арамзалық анық таңбаланған. Ол Омбы генерал-губернаторының сеніміне ие болып, билігі мен мансабынан айырылып қалмау үшін елдің бас көтерер адамдарын ұстап береді. Әйелі Зейнеп, баласы Шыңғыстың қылықтары да Қоңырқұлжаның шексіз азғындық өмір.
Уақыты өзге болғанымен, араларындағы қатынас үзілмейді. Тақырыбы сабақтас. «Алмас қылыш» - қазақтың бір кездегі Ақ Ордасын қайта қалпына келтіріп, тәуелсіз туы астында 300 боп бас қосып, бірігу идеясымен әдептелген. «Жанталас» концепциясы саны шағын ұлттық империялық жұтқыншағы зор ұлттар саясатына қарсы жан алып жан берген күресіне негізделген. «Қаһар» романы – халықтың еркіндік сүйгіш рухының жойылмайтындығын паш ететін шығарма. Жанр жағынан – роман – хроника. «Алмас қылыш» романының бас кейіпкерлерінің бірі Әбілқайырхан. Жәнібек романның Әбілқайырға қарсы қоятын кейіпкері.
«Жанталас» романында халқымыздың бірнеше ғасыр бойы бастан кешкен сұрапыл қиындықтары, тыныштық пен тәуелсіздік үшін күрестері кейде шежіре, бірде аңыз ретінде баяндалады. Екінші сөзбен айтқанда, мұнда. көркемделген тарих немесе тарихи-публицистикалық очерк сипаты басым. Соның бәрі негізгі идеяға — қазақ халқының қаһармандық, отаншылдық арпалысын, көпшілік бұқараның мұндай жанталаста шешуші рөл атқарғанын көрсетуге жұмсалған. Аңыздар мен шежірелер шығармада жеке өзіндік қызмет атқармайды. І. Есенберлин сол тарихи аңыздардың дәнін, негізгі ұйтқысын және бағытын ашуға ұмтылады. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресінің елеулі фактілерін, азаттық үшін соғысты ұйымдастырушылар еңбегін саралай отырып, автор тарихтың ғибратын, тәжірибесін оқырман алдына деректілікпен жайып салады. Демек, тарихи оқиғалар мен адамдар әрекетінің сипаты қазіргі дәуірдің талғам, таразысы тұрғысынан қаралады.
Достарыңызбен бөлісу: |