А) І.Есенберлин «Айқас»
азушы талантының бағын ашқан туындысы- «Айқас» романы. Дәурен-тағдыры қиын тұлға. Жау бомбасынан денесінде сау жері қалмай жарақаттанып, Сібірдің кіндігі-Иркутск госпиталында екі жыл сары жамбас боп жатады. Сүйікті жары Күнсарыны 42 жылдың басында баладан опат болғанын естиды. Жалғыз інісі Хасен соғыс мүгедегі.Не істеуге керек? Соғыс болып жатыр Міне, осы қарбаласта характер шым-шымдап ашыла бастайды. Дәурен бас көтерер ел азаматының ісін істейді. Оның сырлас серігіне: «Отанға... мыс, қорғасын,мырыш керек. Ағайын,жолдас, туған жерді қанша сағынғанымен адам өз міндетін ұмтуға қақы бар ма,сол арадағы бір геологиялық партияға жұмысқа орналасып, кен зерттеуге кірістім»-дегеніне кәміл сенесің.
«Ғашықтар»
«Ғашықтар» романы автордың шығармаларының арасында ерекше орны бар. Бұл кітап терең қайғы қасіретті басынан кешіруі арқасында адам жанының өсіп дамуының құпиялары көрсетіледі. Бұл шығарманың «Ғашықтар» деген атауы өте орынды. Себебеі адамдар өз қателіктерін көре отырып, сол кемшіліктерді түзетеді. Романда басты кейіпкер Жантастың сонау студенттік шағынан бастап , өмірдің әр қилы соқпақтарынан өтіп бір орында тоқтап қалмай қиындықтарға мойымай батылдық, сенімділік, адалдық, өмірге деген құштарлығын байқадым. Шығарманың басты ерекшелігі адам бойындағы мейірімділік, адалдық, өз ісіне беріктікпен сипат алады. Шығармада автор басты кейіпкердің мүсінші екенін және де өзге де кейіпкерлердің түр тұлғасын ерекше сипаттап, олардың сымбаттылығын , сезімталдылығын нақышына келтіре бейнесін айшықтады. Өмірде ғашықтық сынынан қиын сын бар ма? Шығармадағы Жантас пен Аяжан сол сыннан сүрінбей өте алды.
«Маңғыстау майданы»
«Мұхиттан өткен қайық»
Осы кітап жайлы Мұхтар ағаның естелігін оқыдым, Ілияс Есенберлин бұл романды жазуын жазып, бірақ бастыра алмапты. Себебі,басты кейіпкер прототипі- Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев. Ал «Светлов» деген Л.И.Брежнев, сол жердегі жазушы Айбол – Есенберлиннің өзі екен. Шынайы оқиға, шынайы кейіпкерлер, ғұмырбаяндық негізі бар. Д.Қонаев асыра мадақталған, жазғыз өзі ақылды, қалғандары ақымақ болып көрсетілген деген сынға қалған. Оның үстіне «Алтын Орда» жарыққа шығып, басы дауда қалған жазушыда мүмкіндік болмады. Бұл роман Есенберлин қайтыс болған соң, отыз жылдан соң, Мұхтар Мағауин өзі редакциядан өткізіп, жаңалап, 1991 жылы «Жұлдыз»журналының санында жариялайды. Түп нұсқасын, Есеберлиннің өз қолжазбасын музейге апарып тапсырады. Романда Қазақстанның ғарыштық мемлекетке айналғаны, Партия қайраткерлері Брежнев пен Қонаевтың халықты еңбекке жұмылдырып, ел басқарудағы кемеңгерлік қасиеттері шығармада шынайы баяндалады. Кітапта автор Брежневті «Светлов», Қонаевты «Ақылбек» деп бүркемелеп айтады. Қажет жерінде «Брежнев», «Қонаев» деп партия көсемдерінің аттарын ашық айтып, сол қалпында баяндайды. Жоғары айтқандай, «Мұхиттан өткен қайық» кітабында жазушы «Светлов» деп Брежневтің бейнесін жасайды. Оның Қазақстанда істегені, республиканы гүлдендірудегі үлесі, әсіресе, Бас хатшы көзіндегі қамқорлығы мен көмегі барынша айшықталады. Осы ғұмырнамалық кітаптағы деректер мен оқиғалар жазушының Брежнев бейнесін қалай сомдағанын дәлелдейді және қызықтырып, өзіне тартады. Өмірдегі шындықтан жазушы алшақ кетпейді. Көркем ойлар өмір шындығымен үйлесіп, иландырады, сендіреді. Жазушы Айбол бастан кешкендерін айта отырып, сол кездегі біраз белгілі лауазымды тұлғалар жөнінде әңгімелейді. Олардың ішінде Бас хатшы Светлов айрықша көз алдында тұрады. Өтірік жаламен жазаланып, партиядан шыққан Айбол Орталық комитетте өзінің мәселесі қаралған жиынға қатысады. Себепсіз партиядан шыққанын дәлелдеп сөйлейді. Оған неше түрлі құйтырқы сұрақтар қойылып, есі екеу, түсі төртеу болып, мүшкіл хәлге түседі. Біреулер оған қарсы, біреулер оны жақтайды. Жиналысты жүргізіп отырған Светлов бәрін тыңдап, соңында жазықсыз сотталып, партиядан шығып кеткен жазушыны ақтап, соңында «партия билетін» қайтару жөнінде шешім шығаруға нұсқау береді. Яғни, екінші хатшы Брежнев оның тағдырына осылай араласады. Брежневтің өзіне жасаған жақсылығы есінде ұмытылмастай болып қалған жазушы кітабында Партия қайраткерінің ерекше қасиеттері жөнінде толғайды. Үлкен басшы алдымен «адам факторын» алға тартып, қоғамда адами, кісілік қаситтердің жақсы болғанын қалайды. Жазалы болып, партиядан шығып, қайта партияға қабылдануы қаламгер жүрегін жаралаған ауыр жағдай еді. Міне, сондықтан, жазушы жан досы Ақылбекке (Қонаев) кейде сырын айтып, шапағаты тиген адамға деген құрметі мен сүйіспеншілігін бір сәт есінен шығармайды.
Достарыңызбен бөлісу: |