СоөЖ 3 Бейсенбекова Фариза ко-31 Дебат технологиясы туралы түсінік және оның ерекшеліктері. Қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта, интеграциялай оқыту



бет1/2
Дата11.05.2022
өлшемі16,69 Kb.
#142358
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1051303372soozh 3


СОӨЖ 3
Бейсенбекова Фариза ко-31
1.Дебат технологиясы туралы түсінік және оның ерекшеліктері. Қазақ тілі сабағында жеке тұлғаны дамыта, интеграциялай оқыту.
Дебат технологиясы білім алушының шығармашылық белсенділігін арттырады, сонымен бірге зерттеушілік, ізденушілік қасиеттері қалыптасады. Дебат тенологиясына құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады: жақтаушы және даттаушы топ. Әр топтың құрамында қатысушылар саны шектеулі болады. Ол үшін арнайы уақыт белгіленеді. Өткізілетін дебат сабақ тақырыбына немесе тәрбиелік – әлеуметтік тақырыпта сабақ уақытында немесе сабақтан тыс уақытқа бекітіледі. Дебат әдісі бүгінде қазақ тілінде пікірсайыс, пікірталас, ойкөкпар т.с.с. сияқты атаулармен қолданылып жүр. Қалай аталса да негізгі міндеті бір бұл әдістердің негізгі мақсаты да бір. Олай болса, пікірталастың негізгі мақсаттарын атап өткенді жөн көрдік:
- Білім алушының шешендік дағдысын жетілдіру.
- Талқыланатын мәселеге сыни көзбен қарау.
- Тақырыпты түсіну.
- Талқылаушыны ойландыру.
- Тақырыпқа сай ақпараттарды зерттеу, түсіну, қорытындылау.
- Өз пікіріне дәлелдер келтіру.
- Өз бағытын түсіну.
- Қарсыластарының ойын дұрыс қабылдау және түсіну.
- Қажетті ақпараттарды орнымен пайдалана білу.
- Пікірталасты пайдалана отырып, қатысушының білімін жетілдіру.
- Сайысқа қатысушыларды шыншылдыққа тәрбиелеу.
- Өзіне және өзгелерге құрметпен қарау.
- Қарсыластарының идеясын теріске шығаруда орынды пікірлер келтіру.
- Өз ойының дәлдігіне сендіре білу.
- Қарсы жаққа ұтымды сұрақтар қою.
- Уақытты тиімді пайдалану.
- Топпен жұмыс жасауға үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет