Бейсенбекова Фариза ко-31



Дата11.05.2022
өлшемі16,96 Kb.
#142361
Байланысты:
114074018esse adisteme
Курсовая на тему (Развитие науки и образования в странах Восточной Азии), План Амиржана, sadokhin ap etnologiia, Күміс кітап (1), А5ЫМДЫ0 2, 1051303372soozh 3, 1706719713Srsp1, УМК по физике рус, икттт, архивтану 2 тапсырма, Министерство образования и науки Республики Казахстан, Әсемдіктің қызметі, Спандияр Кобеев, қысқа мерзимди жоспар

Бейсенбекова Фариза КО-31
Эссе
Мен таңдаған мамандық
Мамандық-әр адамның жанына жақын болған өмірлік таңдауы. Мен таңдаған мұғалім мамандығы әлемдегі бүкіл маман иелеріне білім беріп, бағыт беруімен ерекшеленеді. Мұғалім мамандығы үлкен жауапкершілікті қажет етіп қана қоймай, қаншама жанның жарқын болашағына себепші болмақ. Мұғалім балаға білім берумен қатар, тәлім-тәрбие берумен айналысушы ата-анадан кейінгі бірден-бір жан болып табылады. Мектеп оқушының екінші үйі болса, демек, мұғалім сол үйдің бикесі, әрбір баланың ішкі жан-дүниесін түсіне де сырласа да білетін дана, дара тұлға. Шындығында, бүкіл әлем бас июге лайық мамандық-мұғалім мамандығы деп білемін. Мұғалім-мектептің жүрегі. Мұғалімді ескек деп алсақ, мектепті қайық деп ұғыналық. Ал ескексіз қайық ертеме, кешпе суға бататыны анық. Ал, мұғалімнің беделі оның қан-шалықты білімді екенімен өлшенетіні айтпаса да түсінікті болар, сірә!
Көптеген балалар, болашақта қандай кәсіпте жұмыс атқаратынын айтуға қиналады. Өйткені, мамандық таңдау – өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әрине, ересек адамдар осы мәселе бойынша кеңес беруге тырысады. Бірақ, әрбір оқушы өзіне ұнаған мамандықты таңдауы керек деп ойлаймын. Мұғалім – балаларды мектеп табалдырығынан алғаш болып қарсы алатын адам. Ол сыныпқа кірген әрбір оқушыға жылулығы мен білімін береді. Ұстаздың ең үлкен бақыты – шәкірттерінің жетістіктігі. Бұл мамандықты мәңгілік деп атайды. Мен келешекте мұғалім болуды армандаймын. Неге ұстаз болғын келеді деп сұрасаңыз, мен балаларды жақсы көремін. Олардың дамуын және жетілуін байқау, оқушыларға қиындықтарды жеңуге көмектесу және баланың ішкі жан-дүниесін тану, мені қызықтырады. Мұғалім балаларға сабақ оқыту барысында, өзіде көп нәрсе үйренеді және білімін тереңдетуге мүмкіндік алады. «Мұғалім-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті». Ұстаз болу ол-оқушыларды сүю. Білікі ұстаз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын ұлы тұлға!». Ғылымды күшті меңгерген және өз ісін сүйетін мұғалім міндетті түрде шәкірттеріне жемісті ықпал жасай алады деп ойлаймын. Егер мұғалім өте беделді болса,онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне,сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы,өзінің мінез-құлқы мен іс-әрекеттері,дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай,ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды екендігі жайында М.И.Калинин тұжырымдайды. Тіпті, Мұхаммед пайғамбарымыздың өзі мұғалім жайлы, «Ілім үйреніп,одан соң оны басқаларға үйретпеу-мол дүние жиып,оны керегіне жаратпай,көміп қойғанмен бірдей»,-деп баян еткен. «Сонымен қатар, елдің надандығымен алысатын, таза еңбекті сүйетін жандар ол-мұғалімдер»,- деп сеніммен айта алар едім. Мұғалім мамандығы қарым-қатынас жүйесінде болуымен ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы қарым-қатынас жасау іскерлігін жоғары деңгейде игеруді талап етеді. Қарым-қатынас арқылы мұғалім тұлғаға ықпал етіп, оның тәрбиелі болуы мен білімінің қалыптасуына жағдай жасайды әрі дұрыс пен бұрысты саралап түсіндіруге қабілетті. Қарым-қатынас, яғни, сөз-мұғалім еңбегінің басты қаруы.
Мамандық таңдаудың өзі қаншама жауапкершілікті қажет етеді. Ал, мұғалім болу құмырсқаға жүк артқанмен тең. Себебі, құмырсқа жүгі қанша ауыр болса да өз бағытын жоғалтпайды.Сол сияқты, білікті мұғалім де өз жоспарларын, алға қойған жобаларын ешқашан да артқа шегермейді және қалайда өзі белгілеген биік шыңның ұшар басынан бой көрсетері хақ.
Мемлекеттің болашағы-жастар, ал жастардың мәңгілік ел құру жобасын жүзеге асыру үшін үлес қосушы білікті мұғалімдер болып қала бермек. Осының бәрін біле тұра, мұғалім мамандығының құдіреттілігін түсіне алмаған біреу болса, ол осы дүниедегі ең соқыр тіршілік иесі деп білер едім!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет