Байтохина Асемгуль Турмаганбетовна С есебі
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ІІІ деңгей 07.06.2015ж
Ақтөбе облысы бойынша ПҚБАИ
Ақтөбе қаласы
Рефлексия мен даму бойынша рефлексивті есебі
Білім беру ісіне деген талаптың өзгеруіне байланысты педагогикалық қызметкерлердің кәсіби білімін жетілдіру ісі де жаңа әдістерді талап етіп отырғаны ақиқат. Ол әдістер мұғалімнің өздігінен дамуын,өздігінен жетілуін және өзін көрсетуін ынталандыратындай дәрежеде дамыту, ізгілендіру бағытындағы жұмыстар болуы шарт.
Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние - жекелеген оқуышылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізуі қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі. (Нұсқаулық 7 бет ). -деген нұсқаулықтағы сөзді негізге ала отырып менде сабақтарымды осы ерекшеліктерге бағыттап жоспарлап отырдым. Бастапқы уақыттарда жоспарларым қарапайым түрде беріліп отырды. Онда тақырыпқа қатысты нұсқаулық пен таратпа материалда берілген жоспардан аспай сол жоспарға қадалып сонымен сабақ өткізетінмін. Ал сонғы курстарда бірге жұмыс жасайтын әріптестерімнің кеңес берулерімен курста қолдау көрсету үшін келетін эксперттердің нұсқауымен жоспарымда да өзгерістер пайда бола бастады. Сонғы екі лек бойынша жоспарды құру блум токсонимиясы негізінде жүргізілді. Блум таксономиясы негізінде сабақ жоспарын құруда да ерекшелік бар. Яғни әр бір тапсырманы орындау барысында жүйелілік болатынына көзім жетті. Тапсырмаларды түрлендіріп жоспарлай бастадым. (В1). Бұл болашақ тәжірибеме көп өзгерістер әкелгені сөзсіз. Осының негізінде сабақтарымды жоспарлауда; Үйренушілердің қажеттіліктері мен оқу жоспарының талаптарына жауап беретін оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерін енгізетін жүйелі оқыту бағдарламаларын әзірлеп жоспарлауға кірістім, үйренушілерді оқуға уәждейтін және сыни ойлауды дамытуға түрткі болатын тапсырмаларды жоспарлап отырдым, жеке тәжірибені жақсарту және дамыту мақсатында оқу мен оқытуды бағалауды жоспарлап дайындап қалыптастырушы бағалау және рефлексия алып отырдым. Мысалы, «Бірге ойлаймыз, сөйлейміз. «білу түсіну қолдану» критериилері арқылы, «Екі жұлдыз бір тілек», «Қабырға журналына модуль идеясын түсінуі» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалаудың маңызын ұғына түсуіне көмектесетіндігін тәжірибемде байқадым. Кері байланыс алмай сабақтың қандай дәрежеде өткенін, мұғалімдер негізгі тақырыпты түсінгенін түсінбегенін біле алмайсын сол себепті әр бір сабақтың соңынан «Алты қалпақ», «Түймедақ», «ОНДТ», «Активатор», «Бес саусақ» т.б. пайдаланып отыруға тырыстым. Жоспарлауда мен көбіне топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерін ұйымдастыруға назар аударуды жөн көрдім. Жоспарлауда мұғалімдердің өзіндік ерекшеліктерін ескермейінше өзіне баға беріп, өзгелерді бағамдай алуы мен сыни ойлауға қалыптасуы мүмкін емес болғандықтан олардың қалай оқуы мен қиындықтарын, ерекшеліктерін ескеру маңызды. Сондықтан, мен жоспарлауда мұғалімдердің типтерін ескеруді ойладым. Яғни кейбір келетін топтар теоретиктер болып келеді, кейбір топтар прагматиктер болып келеді кейбілеулері белсенділер немесе бақылаушылар болып келеді.Осы турада біршама бақылаулар жүргізіп Девид Колбтың зертеуін негізге ала отырып топты Хони мен Мамфордтың тестін беру арқылы қай тыңдаушы қай топқа жататындығын біліп алып сабақты жоспарлауда тапсырмаларды ұйымдастыруда да қандай әдіс тәсілдерді пайдалануға болатындығын анықтап алып отырдым. Соңғы оқыған тобымда түрлі деңгейдегі топ тыңдаушылар отырды. Біреулері мықты теорияны жақсы білсе, келесісі практиканы мықты орындады, ал енді бірі тып тыныш отырып бақылаушы қызметін атқарды. Белсенділерде өздерін бар қырынан көрсетуге тырысты. Осындай топ өкілдерімен жұмыс жасай отырып сабақты жоспалағанда түрлі зерттеушілердің еңбектерімен танысып түрлі әдіс тәсілдерді мұғалімдердің қажеттіліктеріне сай жоспарлап отырдым. Жоспарлауда топтық жұмыстарды ұйымдастыруда мен «Топта талқылайық» әдісімен картиналарды ретімен орналастыру, «Топтастарыңмен пікір бөліс әдісі бойынша» визуалды айғақтар арқылы көлік түрлерін сараптау ретімен орналастыру, «Көршіңе әңгімелеп бер әдісі» бойынша ауызша алынған ақпарат туралы сыни ойлауна отырып жоғары және төменгі дәрежелі сұрақтарды дайындау, «Тыңдап отырған үштік» әдісі, «Сұрақтар шеңбері» әдісі, «Радиоға қоңыраулар шалу» әдісі, «Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі, «Алты қалпақ әдісі», топта «Ақтөбе қаласына метро қажетпе?» деген сұрақ төңірегінде талқылау жүргізу төңірегіндегі тапсырмаларды дайындап, жоспарладым.
Мұғалім өмір бойы оқитын, білім алатын, дамитын тұлға сондықтан менде үздіксіз білімімді жетілдіріп отыруға тырысамын осы турада Психология критического мышления. – СПБ.:«Питер». Дадли оқыту әдістері бойынша Астан қаласында – 2013 ж. жылы басылып шығарылған Дадлидің оқыту әдістері бойынша да біршама нәрсені үйрендім деп айта аламын. Мыс: сабақты жоспарлауда «Бинго», «Факт немесе пікір», «Әуе шары», «Пазл», «БАП» (басқа адамның пікірі), «Әр адам әрқайсысын оқытады», «Ыстық орындық», «Карточкалар иерархиясы», «Әткеншек», «Алты сұрақ» т.б әдістерін пайдалануды үйреніп сабақтарыма жоспарладым. Бұл әдістердің барлығы ойлауға, креативті шешім қабылдауға, проблеманы шешуге топта бірлесе жұмыс жасауға негізделген әдістер болып есептеледі. Сондықтанда осы әдістерді пайдаланып сабақтарымды жүргізуімің мақсаты, сабақ қызықты өтіп сол әдістерді мұғалімдер өздері түсініп кететіндей етіп жоспарлауға тырыстым.
Міндетті түрде әр бір сабақты жоспарлап өткізу барысында біз формативті бағалаудың жүргізіліп отыратындығын білеміз, бірақ осы формативті бағалауды қайткенде тиімді жүргізсек бізге де мұғалімдерге де тиімді болатын тұстарына көп назар аудара бермитініз хақ. Осы турада өз тәжірибе қысқаша тоқталатын болсам сертификатталғанға дейн мен бізді ағылшын тренерлерінің жалпылама түсіндіріп өткізген сабақтарының мәнін соның ішінде формативті бағалау не үшін тиімді пайдалану керектігіне көп мән берген жоқпыз. Әлбетте ол біздің бастапқы сертификатталғанға дейінгі және сертификатталан уақыттағы сабақ жоспарларымызға формативті бағалауды көп пайдаланбағанымыз бастапқы В1 есетерімізде көрініп тұр. Бірақ кейін сертификатталғаннан кейін әркімнің іс-тәжірибесі өсіп жетіліп дамитындығы анық. Сондықтан өз жоспарларымда да формативті бағалаудың түрлерін бұрын соңды нақты енгізбегенімді мойындаймын. Жалпы формативті бағалау менде «екі жұлдыз бір тілек», «үш шапалақ», «от шашу», және кері байланыс алу арқылы жүргізілгенін айтқым келеді. Ал соңғы екі лек бойынша өткізген курстарымда біршама өзімде даму болды. Мысалы, «Бірге ойлаймыз, сөйлейміз. (топ мүшелері әр біреуі топтастарын бақылап отырады әр бір топ мүшесіне есептеу парағымен баға беріп отырды.)., Тасырманы орындау барысында қандай қиындық туғызғандығы жөнінде білу түсіну қолдану бойынша берілген критерии арқылы жеке өз өздерін бағалау жүргізілді. Сонымен қатар «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша жұптастарының сабаққа қатысқаны туралы өз ойларын ортаға салды. Бұл, мұғалімдердің оқуында тәжірибелік тапсырмаларды орындай отырып жүргізілген өзіндік бағалау, жұптық бағалау, әр бір топ мүшесін бағалауда болашақ мұғалімдердің өздерінің тәжірибе барысында қалыптастырушы бағалаудың маңызын ұғына түсуіне көмектесті. «Алты қалпақ», «Түймедақ», «ОНДТ», «Активатор», «Бес саусақ» т.б. кері байланысын алу арқылы мұғалімдердің қай тұста қиналып жатқандарын, қай жерде көмек керек болып жатқандықтарын, қай тапсырмаларға түсінкіремей қалғандарын анықтап алып отырдым. Сол арқылы мұғалімдерге көмек көрсетуге тырыстым.
Сабақты жақсарту мақсатында түрлі тапсырмаларды сараланған түрде әрбір мұғалімнің жеке қажеттіліктеріне сай ұйымдастырып сабақты формативті бағалау үшін мұғалімдерге қосымша ақпарат беру арқылы критериилерді өздері таңдап құруға болатындықтары туралы берілген эксперт әріптес пікірлері мен үшін құнды болды. Сондықтан, сабақтарымда саралау тәсілдерін қолдануды ұйғардым. Ол үшін мен ақпарат көздерін іздей бастап бірге жұмыс жасайтын әріптестерімнен сұрап солардың тәжирибесінен өзіме қажеттісін таңдауға тырыстым, «Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар» Астана -2013ж ЦПМ. көмекші құралын негізге алдым бұнда әр бір таныстырылымды дайындауға арналған нұсқаулар бар екен. Ол мұғалімдердің оқуында таныстырылымдар мен есептерін жазып жетілдіру үшін көп көмектеседі екен. Мен бұрын оған көп мән бермеппін. Болашақта енді әр бір тапсырманы жоспарлап орындату үшін алдын ала ақпарат көздерін тапсырып өздеріне критериилерді құрғызып отыратын болсам мұғалімдердің оқуында жақсы жетістікке жетеді деп ойладым. Осы соңғы тәжірибеде мен сабағымда жоғарыда аталған нұсқаулықты сонымен қатар тараптпа материалдарында берілген деректерді ақпарат көзі ретінде тыңдаушыларға таратып беріп өздеріне критерилерді құрғызып сол арқылы «Екеуі үйде үшеуі қанақта әдісімен» критериилерді талқылап әрі қарай жұпта бір-бірінің есептерін таңдаған критерилер арқылы бағалау парағына белгілеп, осы бағалау парағына өз өздерінің де есептерін де бағалауын жоспарладым. Сол уақытта сабақ соңында алынған «ОНДТ» әдісі арқылы кері байланыстан мұғалімдердің алдын ала ақпарат көздері арқылы өздері таңдаған криитерилермен жұмыс жасағандығы ұнағандығын, әріптестерінің көмегімен таныстырылымдарына түзетулер жүмыстарын жүргізетін тұстары барын, жұптасының таныстырылымдарын бағалау үшін оқуда мұқият оны қарау керектігін және топта жұмыс жасау арқылы көп нәтижеге жетуге болатындықтарын атап өткен. Осы кері байланыстан өзіме түйгенім сабақтың жоспарланған тапсырмаларының орындалғанын оның мұғалімдерге рефлексиялық есептер жазу мен таныстырылымдарды дайындауда көп көмегін тигізетіндігіне көзім жетті. Болашақта міндетті түрде сабақтарымды сәтті болуы үшін мұғалімдердің ерекшеліктерімен сұраныстарына қатысты тапсырмаларды жоспарлап отырамын деп шешім қабылдаймын.
Сонымен қатар басқа да зертеушілердің еңбектерін пайдалынп отыруға тырыстым. Мысала айтар болсам А.А. Бизяева «Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия» Псков-2004ж, әдебиетінде мұғалімдердің рефлексиялауы туралы былай деп келтіреді: «Мұғалімнің өз кәсіби тәжірибесін рефлексиялауын түсіну маңызды болып табылады. Тәжірибе+рефлексия=даму деп тұжырымдағандай әр бір мұғалім өзіне өзі рефлексия жасап өз ісін жақсарту мақсатында аянбай еңбек ету арқылы ғана жоғары нәтижеге жетеді. Рефлексивті түсіну ол дамып жетілуге мүмкіндік береді. Мұғалім түрлі ақпаратты қабылдауға ашық болуға, түрлі көзқарасты жан-жақты ойдан өткізуге, басқа адамдардың мәселелерін түсінуге, әр бір адамның пікірімен келсісе біліп сыни көзқарас білдіруге талпынуы қажет. Сонымен қатар мұғалім белгілі бір нәтижеге жету үшін міндетті түрде оқушылардан кері байланыс алуы қажет кері байланыс алмай оқушылардың оқуында нәтижеге жетуі еш мүмкін емес. Мұғалім сабақта көшбасшы бола отырып оқушының жағдайын түсініп оған көмекші да қамқоршы бола білуі керек. Оның өз пікірімен идеясын ашық айта алуына мүмкіндік жасап, кері байланыстары арқылы олардың сабақ барысында туындаған проблемаларын шешуге көмекші болуы керек. Солардың жеке ерекшелікеріне сай сабақ жоспарын өзгертіп құрып отырулары қажет. (1) –деп айтып кеткендей мен де өзімнің тарапымнан мұғалімдердің тәжірибеден өтулері кезінде сабақ жоспарларын құруда көп көмек көрсетіп қайткенде сабақтары нәтижелі болулары үшін жеке сыныптың ерекшелігіне сай әдістерді жоспарлауда, қалыптастырушы бағаны таңдауда, кері байланыстың түрлерін нәтижелі қолданып отыруларына көмекші болуға тырыстым. Сонымен қатар екінші бетпе-бет кезінде тәжірибелерін рефлексиялау барысында тыңдаушыларға қайткенде есептерін жақсартуға болатындығы туралы формативті пікір беріп отырдым. Әрине менің тарапымнан берілген формативті пікірді олар жақсы қабылдап есептеріне біршама жақсарту жұмыстарын енгізді. (В2) Болашақта мүғалімдерге есептеріне рефлексия жасау кездерінде әлі де формативті баға беру үшін әдіс тәсілдерді жетілдіруім керек. Ол үшін міндетті түрде өзім өз ісіме рефлексия жасап отыруым қажет екенін түсіндім.
Болашақта әлі де өз іс тәжірибемде сабақтарымды жоспарлауда мұғалімдердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып олардың қабылдау деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды таңдап, сол тапсырмаларды орындап түсінуі үшін өзім нұсқаушы көшбасшы боламын деген мақсат қоямын. Сонымен қатар мұғалімдердің есептеріне формативті баға беру кезінде түрлі әдіс тәсілдерді сабақ барысында ұйымдастырып ақпараттық ресурстарды тарату арқылы критериилерді өздеріне құрғызу арқылы өзара бағалау, топтық бағалау, өзіндік бағалауды көптеп қолданамын деген ойға келдім. Әлбетте әлі де болса мұғалімдер рефлексия жазуда көбіне сипаттама ретінде қарап нақты қорытынды мен ой толғамды жаза алмайтындықтарында мүмкін оған басты өзіміз кінәліміз шығар. Өәткені эксперттердің біздерге берген формативті бағалаулары арқылы соны байқаймыз. Бірақ сол кемшіліктерімізді жою үшін бар күшімізді салып еңбек етіп жатқандығымыз анық. Адам өмір бойы білім алады, өмір бойы оқиды демекші менде ұстаз ретінде оқушы басқалардың көмегі арқылы үйренуші екендігімді жасырмаймын. Сол себепті алдағы уақытта тәжірибелерімде міндетті түрде өз кемшіліктерімді жойып нақты өз ісіме өзім толық рефлексия жасай алатын маман болып сол білгенімді алдымда отқан мұғалімдерге қайткенде де үйретуге тырысамын деп уәде етемін. Жаңа әдіс – тәсілдерімде мұғалімдердің сыни ойлана отырып, шығармашылығын дамыту жоспарымда бар. Осы жоспарымды іске асырсам жаңа формация мұғалімін дамытамын деп ойлаймын. Бұл мұғалімдерді ескі стереотиптерден арылтып, өз ойын, өз пікірін ашық айтып жеткізе білетін, оқуды саналы түрде ұғынатын жеке тұлғаның тұлғалық қасиетін жетілдіреді деп есептеймін. Қорыта айтқанда, бұл бағдарлама идеяларын жетілдіруде маған көптеген ой тастап, әлде де білім беру жүйесінде ізденіс арқылы табысты тренер, құзыретті мұғалім болуыма эксперттердің формативті баға берулері маңызды. Ең алдымен өзіңе деген сенімділік және түзету жұмыстарын жүргізуге бағыт беріп отыратын қолдаушы керектігін мойындаймын. Мұғалімнің ұстанымы – оның көзқарасы, қабылданған шешімнің және іс – әрекетінің негізі. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,7 – бет) дей келе.- Сөз соңында өз ойымды белгілі педагог К.Ушинскийдің «мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді – тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жоғалады» - деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.
Пайдаланған әдебиеттер:
.А. Бизяева «Психология думающего учителя: педагогическая рефлексия» Псков-2004ж,
Дьюи Д. (1997). Психология и педагогика мышления. Пер. с англ. Н.М.Никольской. –М.: Совершенство.,
Халперн Д. (2000). Психология критического мышления. – СПБ.:«Питер».
«Оқыту мен оқудың белсенді әдістері» Дадли оқыту әдістері бойынша NIS. Астана қ. – 2013 ж. жылы басылып шығарылған басылым.
Асхат Әлімов «Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер» Астана-2014ж.,
«Формативное и суммативное оценивание результатов обучения» Оценивание результатов обучения: Метод. пособие. – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014. – 108 с.
«Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдар» Астана -2013ж ЦПМ.
Достарыңызбен бөлісу: |