[ 76 ]
Үшінші тарау
баға алуымның себебін кейін маған бір кісі айтты.
Монографиямды шығарғанда: «Кітап авторы ретінде
сол мұғалімнің атын да көрсетуің керек еді», – деді.
Ол соған өкпелі болды дегенді айтты. Рас-өтірігін
білмеймін, «естіген құлақта жазық жоқ» дейді ғой.
Кезінде ұлттық университетте «бір ректор жүзге
жуық ғылыми монография шығарыпты» дегенді
естуші едік. «Не деген мықты ғалым», – деп ойлайтын-
быз. Сонда егер қол астындағы бір мұғалім не студент
кітап дайындаса, өзінің атын «қыстыруға» міндеттейді
екен. Осылай жүз монографияның авторы болып шыға
келеді екен. Біздегі ғылымның жағдайы мүшкіл.
ОЙЫМДЫ МЕНЕН БҰРЫН КАМю ЖАЗЫП
ҚОЙЫПТЫ
Бірде жиған-тергендерімді бір кітап қыламын деп
ойлап жүрген едім.
Философияны алтыншы сынып-
тан бері көп оқығандықтан, осы жайлы жазамын де-
ген ой болды. Компьютеріме өз ойларымды топтап
жазып жүргенімде, қолыма француз жазушысы әрі фи-
лософы Альбер Камюдің «Сизиф жайлы аңыз» деген
еңбегі түсті. Менің ойларым сонда тұр екен. Ол ойлар
менен бұрын жазылып қойылыпты. Бір таңғалғаным,
бұл кітапты бұрын оқымасам да, өз пайымыммен осы
ойларға келген екенмін. Камю еңбегін 29 жасында
жазса, мен 23 жасымда соған келгеніме қуанып, өзімді
жұбаттым. Қолжазбамның файлын компьютерден
өшіріп тастадым.
Неміс ойшылы Артур Шопенгауэрдің былай дегені
бар: «Егер кейде баяу әрі үлкен қиындықпен өзіңнің
Ой салатын әңгімелер
[ 77 ]
ойың мен түсінігіңнің
арқасында бір кітапта дайын
күйде оп-оңай тауып алуға болатын ақиқат пен қо-
рытындыға келсең, ол ақиқат өз ойыңмен жете
алғандықтан бәрібір жүз есе құнды болады».
КӨП ІЗДЕГЕН КІТАБЫМ ЖАЙЛЫ
Менің қатты сүйіп оқыған кітаптарымның бірі Се-
рен Кьеркегордың «Или-или» атты еңбегі болды. Бірақ
оны іздеп табу оңай емес еді. Ойшылдың бұл еңбегі
Копенгагенде 1843 жылы жарияланғаннан бері орыс
тілінде бар болғаны бір-екі мәрте ғана жарық көріп,
соңғы рет, қателеспесем, кеңес заманында шығыпты.
Интернетте де не орыс, не ағылшын тілінде (дат тілін
білмегендіктен түпнұсқасын іздемедім)
таба алма-
дым. Демек, нағыз букинистік раритет.
Бұл еңбек үлкен екі бөлімнен тұрады және орыс
тілінде бірінші тарауын «Дневник обольстителя» де-
ген атаумен шығарыпты. Тек соны тауып оқыдым. Ол
жерде эстет адамның оқиғасы баяндалса, екіншісінде
этик туралы әңгіме көтеріледі. Бірақ ол бөлек кітап
болып шықпағандықтан, кітапты толығымен табу ке-
рек болды. Елдегі дүкендерден іздеп, Ресейдегі буки-
нистермен Интернет арқылы жазысып, бірнеше жыл
бойы таба алмаған соң, үмітімді үздім. Содан бір жыл
өткен соң, 2011 жылы, «Или-или» кітабының Ресейде
бар-жоғы 2000 данамен қайта басылғандығын есті-
дім. Мен бұны алдын ала білмей қалдым. Шыққаннан
кейін үш жыл өткен соң ғана Интернеттен оқып біл-
дім. Сатып алайын десем, таралымның барлығы өтіп
кеткен, кітап еш жерде қалмапты.