Кеуде қуысы пішінін бағалау кезінде келесі белгілерге мән беру керек:
көлденең және алдынғы – артқы өлшемінің ара-қатынасын;
эпигастральды (құрсақ үсті) бұрышының мөлшеріне;
қабырға бағытына және қабырға аралық кеңістіктің еніне, сонымен қатар бұғаналар мен жауырындардың орналасуына.
Кеуде қуысының тыныс қозғалысын әуелі тыныштық жағдайда, содан кейін терең тыныс алған кезде (науқас тік тұрған жағдайда) анықтайды. Кеуде қуысының екі бөлігінің де симметриялы қозғалысына көңіл аудару қажет (тыныс актісінде ауру жағы қалып отырады).
Тыныс жиілігін анықтау (тыныс жиілігі минутына 16-20 рет). Тыныс қозғалысының жиілігін минутына санау арқылы жүргізеді.