Кеуде қуысын қарау – пішіні, тынысқа екі бөлігінің бірдей қатысуы; көмекші бұлшықеттердің тынысқа қатысуы; Тыныс жиілігін санау.
Кеуде қуысына пальпация жасау – кеуденің иілімділігі, дауыс дірілін анықтау.
Өкпе перкуссиясы – салыстырмалы, топографиялық.
Өкпе аускультациясы – негізгі және қосымша тыныс шуларын анықтау.
Тексеру нәтижесінде жиналған мәліметтерді қалыпты көрсеткіштермен салыстыру, өзгерген көрсеткіштерді дұрыс түсініп бағалау
Кеуденің екі бөлігінің тынысқа қатысуын жүргізу.
Науқасқа терең тыныс алдырып, жауырындар қозғалысы арқылы және күшейген тыныс көмекші бұлшық еттерінің (қабырғаралық бұлшық еттерінің) тынысқа қатысуымен бағаланады. Кеуденің екі бөлігі тынысқа бірдей қатысады; бір жағы қалыс қалады.
көмекші бұлшық еттерінің (қабырғаралық бұлшық еттерінің) тынысқа қатысуы
Кеуде пішінін анықтауды келесі көрсеткіштер арқылы жүргізді:
кеуде ұзындығы, көлденең және алдыңғы – артқы өлшемдерінің қатынастары салыстырылады;
бұғана асты және үсті шұңқырларының айқындығы бағаланды;
жауырындардың кеудегі жанасу деңгейі бағаланды;
қабырғалар орналасуы түрі (көлденең, қиғаш, жатыңқы) мен қабырға аралықтар алшақтығы (қалыпты, кеңейген, кішірейген) бағаланды;
эпигастральды бұрыш көлемін анықталды – алақандар қабырға доғасы үстіне симметриялық аймақтарға жалпағынан қойылды, үлкен саусақтар қабырға доғаларының түйіскен жері – қырларына орналасып бұрыш анықталады – тік = 90˚, доғалы – ›90˚; үшкір ‹90˚;
төс тұтқасы мен денесінің жанасқан жері – айқындылығы бағаланды;
Кеуде қалыпты түрлері – (нормостениялық, астениялық, гиперстениялық).
Тыныс алу жүйесі дерттерінің ақырғы кезеңдерінде кеуде пішіні өзгереді – эмфизематозды – бөшке тәрізді:
кеуденің төменгі бөлігі кеңейген;
эпигастрий бұрышы -доғалы-90˚›;
қабырғалар жатыңқы орналасқан, қабырғаралықтар ашылған;
бұғана үсті шұңқырларының
жазық немесе томпиып тұр;
жауырындар кеудеге толық жанасқан
Дауыс дірілін анықтау
Дауыс дірілін кеуденің артқы беткейінен анықтау. Қадамдар реттілігі:
1 – өкпе ұшында:
дәрігер саусақтары мен алақандарын бұғана үстіңгі шұңқырлары мен жауырын қылқалары үстіне қояды;
науқасқа «Р» әрпі бар сөздерді жуан дауыспен айтуды сұрайды;
2 – жауырын аралықта:
науқасқа қолдарын алдына айқастырып өзін құшақтап тұруын сұрау – жауырын арасы ашылады;
саусақтар мен алақандар жауырын қырына паралель орналастырып науқасқа «Р» әрпі бар сөздерді жуан дауыспен айтуды сұрайды;
3 – кеуденің төменгі бөлігінде:
науқасқа қолдарын түсіруін сұрау;
саусақтар мен алақандар жауырын астына орналасады: үлкен саусақ пен сұқ саусақ арасында жауырын ұшы, ал қалған 4 саусақ пен алақан жауырын асты және бүйірін қамтиды;
бірте-бірте (1-2 қ/а) төмен түсіп науқасқа «Р» әрпі бар сөздерді жуан дауыспен айтқызып анықтайды;
Дауыс дірілін кеуденің артқы беткейінен анықтау – дауыс дірілі қалыпты; күшейген, әлсіреген; анықталмайды.
Кеуде серпінділігін анықтау
Кеуде серпінділігін анықтауды реттілігі
дәрігер науқастың төсіне бір алақанын қояды;
екінші алақанын науқастың жауырын аралығына қояды;
алақан негізідерімен 1-2 рет шапшаң қысады;
дәрігер алақандарын кеуденің екі бүйіріне орналастырып жанынан шапшаң қысады;