Тыныс алу жүйесі аурулары бар науқастарды тексеру тәсілдері



Дата12.09.2020
өлшемі15,49 Kb.
#77987
Байланысты:
пац клин жағ


2.09.20

Тыныс алу жүйесі аурулары бар науқастарды тексеру тәсілдері

Тапсырма №1

Басты шағымдар: кеудедегі шаншу, жөтел, қақырық бөлу, қан қақыру, ентігу және дене қызуының көтерілуі жатады.

Кеудедегі шаншу. Кеудеде болатын шаншудың негізгі себептеріне:
Дем алу мүшелерініңң аурулары;
Кеуде сарайы қабырғасының аурулары;
Жүрек-тамыр жүйесінің аурулары;
Рефлекторлы аурулар жатады.
Жөтелдің себептері:
1.Тыныс жолдарындағы  бөтен денелер (шаң, қан, құсық т.б.)
2.Тыныс   алу   мүшелерің   қабынуы   (ларингит,   трахеит, бронхит, пневмония т.б.).
3.Плевра аурулары (рефлекторлы)
4.Басқа жүйелердің аурулары (жүрек-тамыр, несеп шығару, эндокриндік, бауыр  т.б.). Жөтелдің пайда болу механизмі: қақырықтың, бөтен дененің т.б.-әсерінен  трахеядағы, бронхтағы көмегейдегі  кезбе нервтің тарамдары (n faryngeus superior) қозады. Бұл қозудан туатын  импульс сопақша мида орналасқан  жөтел орталығына жетеді. Одан  импульстер көмей еттерінің нервісіне (п, ) диафрагма   (п, ) және басқа  да дем алу бұлшық еттерінің (жұлын нервілері) қозғалтпа нервтеріие  тарайды. Бұның нәтижесінде демді  терең ішке тартқаннан кейін, демді бір неше рет жылдам  сыртқа шығарғанда жөтел туады. Жөтелді сипаттағанда оның ырғағына, тембіріне, пайда болатын уақытына, түріне және оған тіркеспе  құбылыстарға көңіл бөлу керек.

Қан қақырудың негізгі себептері:


Өкпе туберкулезі
Бронхоэктазия ауруы
Өкпе абсцессі мен гангренасы
Крупозды пневмония
Өкпеде қан іркілу (жүрек шамасыздығынан).

Тапсырма №2



Дем алыстың сиреуі

жөтел

Инспираторлы демікпе

ентігу

Тыныс алу жүйесі ауруларының негізгі шағымдары

кеудедегі шаншу, жөтел, қақырық бөлу, қан қақыру, ентігу және дене қызуының көтерілуі

Тыныс алудың жиілігінің,тереңдігінің,ырғақтылығының бұзылуы

ентігу

Тыныс алу жетіспеушілігі

ентігу

Дем алыстың жиілеуі

кеудедегі шаншу,

Экспираторлы ентікпе

ентігу

Дауыс дірілі симптомы

дене қызуының көтерілуі

Тапсырма №3

Рецидив-белгілі бір құбылыстың қайталануы,жазылған сияқты болған аурудың қайталануы.

Ремиссия - науқас адамның жағдайының уақытша түзелуі.

Симптом - аурудың белгісі. Мәселен, ауыз шырышты қабығына әр түрлі морфологиялық элементтер бөртіп шығады. Солардың ішінде ақ таңба лейкоплакия ауруына тән белгі болса, жалпақ қызыл теміреткінің негізгі белгісі — қатты түйіншектің пайда болуы.

Синдром-ауру белгілерінің жиынтығы. Бір патогенез негізінде бірнеше ауру белгілерінің қатар кездесуі. Мәселен, Бехчет синдромы; Стивенсан — Джонсон синдромы

Этиология (грек. аіtіa – себеп және logos – ілім) - аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім.

Экспирация –демді сыртқа шығару.

Инспирация – демді ішке алу.



Эмфизема – өкпенің өз қалпына кеңейіп кетуі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет