Тыныс алу жүйесі


Шырыш асты негіз қабықшасы



бет5/11
Дата11.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#99587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
СОӨЖ гиста-11

Шырыш асты негіз қабықшасы (tela submucosa) борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады. Мұнда аралас ақуызды-шырышты бездер орналасады, шығару өзектері шырышты қабықшаның бетіне ашылады. Бездер кеңірдектің артқы және бүйір беттерінде басым болады. Талшықты-шеміршекті қабықша (tunica fibrocartilaginea) 16-20 тұйықталмаған сақиналар түрінде орналасқан гиалинді шеміршек тінінен тұрады. Кеңірдектің артқы бөлігінде шеміршек сақиналарын жазық бұлшық ет жасушаларының шоғыры біріктіреді. Құрылысының осындай ерекшеліктеріне байланысты кеңірдектің артқы қабырғасы жұмсақ, бұл оның артында орналасқан өңеш арқылы ас түйірінің өтуін жеңілдетеді. Адвентициальды қабықшаны (tunica adventitia) борпылдақ талшықты пішінделмеген дәнекер тіні түзейді. ӨКПЕ Өкпе кеуде қуысының көп бөлігін алып жатады және оның пішіні тыны салу сатысына байланысты өзгеріп отырады. Сыртынан өкпе сірлі қабықшамен – висцеральды плеврамен қапталған.

Құрылысы. Өкпе екі бөліктен тұрады: ауа өткізу жолдары (бронхтардың бұтақтары) мен респираторлық (3 сурет).

3 сурет. Өкпе құрылысы(В.Г. Елисеев, Ю.И. Афанасьев, Е.Ф. Котовский бойынша)

А. Орта бронх

Б. Терминальды бронхиола

В. Респираторлық бронхиола

Г. Альвеолярлық жол

Д. Альвеолярлық қапшық

Е. Кіші бронх






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет