Тыныс алу жүйесі



бет1/11
Дата11.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#99587
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
СОӨЖ гиста-11




СОӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ: . Тыныс алу жүйесінің Морфо - функционалдық сипаттамасы. Мұрын қуысының, назофаринстің және көмейдің құрылымдық ерекшеліктері. Бронх ағашының құрылымы, дамуы және функционалды маңызы.

Орындаған: Усенова Жансая

Тексерген: Нұрмұхан Гүлмира

ТЫНЫС АЛУ жүйесі

Тыныс алу жүйесінің көмегімен жұтқан ауадан оттегі сіңіріліп организмнен көмірқышқыл газы шығарылады. Тыныс алу жүйесі екі бөлімнен түрады: ауа өткізу жолдарынан және респираторлық бөлімнен. Ауа өткізу жолдарына мұрын қуысы, көмекей, мұрынжұтқыншақ, кеңірдек, бронхтар жатады. Респираторлық бөлімнің құрамына бронхиолалар, альвеолярлық жолдар, альвеолярлық қапшықтар кіреді. Бұл құрылымдар өкпе ацинусын құрайды. Дамуы. Көмекей, кеңірдек және өкпе эмбрионалдық дамудың 3-4 аптасында алдыңғы ішектің вентральды қабырғасының өсіндісі түрінде пайда болады. Көмекей мен кеңірдек эмбрионалдық дамудың 3 аптасында алдыңғы ішектің вентральды қабырғасының қап тәрізді тақ өсіндісінің жоғарғы бөлігінен дамиды. Ол төменгі бөлігінде екіге бөлініп, оң және сол өкпені береді. Кейін бұл қаптардың өзі көптеген ұсақ қапшықтарға бөліп, араларына мезенхима кіре орналасады. 8-ші аптада қысқа, түзу түтікшелер түрінде бронхтар пайда болады, 10-12 аптада олардың қабырғасы қатпарланып, призмалық эпителиймен қапталады (бронхиалды бұтақтар жүйесі қалыптасады). Дамудың бұл сатысында өкпе безге ұқсас болады (безді саты). Эмбриогенездің 5-6 айында терминалды және респираторлық бронхиолалардың, сонымен қатар капиллярлар торымен және жүйке талшықтарымен қоршалған альвеолярлық жолдардың дамуы өтеді (каналикулярлық саты). Бронхиалды бұтақтарды қоршай орналасқан мезенхимадан жазық бұлшық ет тіні, шеміршек тіні, борпылдақ талшықты дәнекер тіні, альвеолалардың коллаген және эластикалық элементтері дамиды. 6-7 айдан туғанға дейін альвеолалар мен оларды қаптайтын 1-ші және 2-ші типті альвеолоциттердің дамуы өтеді ( альвеолярлық саты).Эмбрионалдық даму барысында альвеолалар қабысқан көпіршіктер түрінде болады. Туылған соң алғашқы дем алу кезінде альвеолалар ашылып, ауаға толады, қабырғалары жұқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет