Тыныс алу жүйесі



бет7/11
Дата11.12.2021
өлшемі0,51 Mb.
#99587
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
СОӨЖ гиста-11

Бронхтардың құрылысы. Бронхтардың қабырғасы 4 қабықшадан тұрады: шырышты, шырыш асты негіз, фиброзды-шеміршекті және адвентициалды. Қабықшалардың құрылысы бронхтардың диаметріне байланысты өзгеріске ұшырап отырады. Шырышты қабықшаның (tunica mucosa) үш қабатын ажыратады: эпителий, меншікті және бұлшық етті табақшалар. Эпителий бірқабатты, көп қатарлы призмалық кірпікшелі. Бронхтардың диаметрі кішірейген сайын эпителий жұқарады. Құрамына кірпікшелі, бокал тәрізді, эндокриндік, базальды жасушалар және терминальды бронхиолаларда жиекшелі, кірпікшелі, жиекшесіз, Клардың секреторлық жасушалары кіреді. Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы бойлай орналасқан эластикалық талшықтарға бай борпылдақ талшықты дәнекер тінінен тұрады. Эластикалық талшықтардың мұндай орналасуы бронхтардың ауаны жұтқан кезде созылуына және ауаны шығарған кезде қалпына келуіне септігін тигізеді. Шырышты қабықшаның бұлшық етті табақшасы жазық бұлшық ет тінінен тұрады. Бронхтардың диаметрі кішірейген сайын бұлшық етті табақша қалыңдайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет