Тыныс алу жүйесі[1] ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. Мазмұны



бет1/3
Дата13.03.2023
өлшемі106,83 Kb.
#172259
  1   2   3
Байланысты:
эссе


Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.
Тыныс алу жүйесі[1] - ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы.

Мазмұны

  • 1Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы

  • 2Тыныс алу жүйесі түрлері

    • 2.1Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі

      • 2.1.1Мұрын қуысы қызметі

      • 2.1.2Көмей қызметі

      • 2.1.3Кеңірдек және бронхылар қызметі

      • 2.1.4Өкпенің қызметі

      • 2.1.5Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС)

  • 3Сыртқы тыныс алу жүйесінің патофизиологиясы

  • 4Тыныс алуды дамыту және гигиеналық талаптар

  • 5Дереккөздер

Тыныс алу жүйесінің жалпы сипаттамасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дем алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа көмірқышқыл газы айдалып тұрады. Бұл процесс кеуде қуысында орналасқан өкпенің альвеоларында (лат. - ойма қуыс, науа) жүреді. Тыныс алу кезінде өкпені атмосфермалық ауамен және одан газбен қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу жолдары арқылы жасалады. Дем алу және дем шығару қан айналым жүйесі арқылы ағзаның барлық мүшелеріне әсер етеді.
Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап, өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л. ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:

  • қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп аталады;

  • диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.

Тыныс алу жүйесі түрлері[өңдеу | қайнарын өңдеу]

  1. Жоғарғы тыныс алу: мұрын қуысы, жұтқыншақ, ауыз қуысы.

  2. Төменгі тыныс алу: көмей, кеңірдек, бронхы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет