Тыныс алу жүйесі[1] ағза мен сыртқы ортаның газ алмасу процесін қамтамасыз ететін тыныс алу жолдарының жиынтығы. Мазмұны


Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі



бет2/3
Дата13.03.2023
өлшемі106,83 Kb.
#172259
1   2   3
Байланысты:
эссе

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Толық мақаласы: Мұрын
Толық мақаласы: Көмей
Толық мақаласы: Кеңірдек
Толық мақаласы: Өкпе

Өкпе құрылысы: 1-оң жақ өкпенің төменгі бөлігі, 2-оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі, 3-оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 4-айыр без, 5-кеңірдек, 6-қалқанша шеміршек, 7-тіл асты сүйегі, 8-көмей сіңірі, 9-жүзік тәрізді желбезек, 10-париетальды өкпеқап, 11-сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігі, 12-сол жақ өкпенің төменгі бөлігі, 13-кішкене тіл, 14-жүрек ойығы, 15- үлпершекпен жабылған жүрек
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты ерекшеліктері болады.
Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге бөлінеді:

  • ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысыкөмейкеңірдек және бронхылар.

  • түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе;

Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:

  • жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақауыз қуысы;

  • төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.

Мұрын қуысы қызметі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері (кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы көмейге түседі.
Көмей қызметі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Көмей - іші қуыс түтік, қабырғалары сіңірбуын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам қатты жөтелгенде дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ арқылы кеңірдекке өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет