Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар



бет73/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Эндоплазмалық тор. Ақуыз трансляциясын жүргізетін, липидтерді синтездейтін органоид. Мембрана системасы - цистерн, сыртқы ядерлі мемрана қабаты. Ол барлық эукариоттарда болады. Эндоплазмалық тордың сыртында көп мөлшерде рибосомалар орналасқан. Қап секілді ораулы болады, эндоплазмалық тор - трубка секілді.

Аппарат гольджи. Іріктеу жасап, ақуыздардың пайда болуына әсерін тигізеді. Қап секілдісі - цистерн. Бір басынан қап секілді заттар пайда болып отырса, екінші жағынан көпіршіктер шығып отырады. Аппарат гольджи бүкіл эукариоттарда кездеседі. Ядроға жақын орналасқан цистерн, ассиметриялы, ақуыздан тұрады. Ол транс-Гольджи үлкен ақуыздарды көпіршік ретінде шығарып отырады.

Митохондрия. Басты функциясы-энергия көзі болып табылады. Ол екі мембранамен қапталған, ішкі мембрана әжімдер түзеді. Матрикс (құрамында рибосомалары бар) бір шеңберлі ДНҚ және фосфатты гранулалардан тұрады. Митохондрия көптеген эукариоттарда кездеседі. Оның өзіне ғана тән ДНҚ-сы бар, кейбір деректерде митохондрияны симбогинез әсерінен болған делінген.

Вакуоль. Басты қызметі-қор жинау. Гомеостазды ұстау, өсімдікте жасуша формасын ұстап тұрады. Бір мембраналы, вакуольде жасуша шырыны орналасқан. Ол шырын минералды тұздардан, қанттан, пигменттерден, органикалық қышқыл мен ферменттерден тұрады. Үлкен жасушаларда вакуоль де үлкен болады. Вакуоль эукариоттарда да, прокариоттарда да кездеседі.

Ядро. ДНҚ-ның сақталуын, РНҚ-ның трансляциясын қадағалайды. Ең ірі органелла болып саналады. Екі мембранадан тұрады, құрамында хроматин бар. Ораулы хромосомалар интерфазада сақталады. Сондай-ақ, ішкі ядросы да бар. Ол барлық эукариоттарда кездеседі. Басты генома бөлігін құрайды.

Рибосома. Транспортты РНҚ-ның арқасындағы ақуыздарды синтездейді. Олар өте ұсақ келген, екі бөліктен тұрады. Ақуыз бен РНҚ теңдей жағдайда кездеседі. Митохондрия мен хлоропласттарда кездесетін рибосомалар одан да кіші болады. Рибосома барлық эукариоттарда, прокариоттарда кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет