Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар



бет94/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Жүрек еті (миокард) вентралдық мезодерманың висцералдық жапырақшасынан дамиды. Жүрек етінің құрылмдық функциялық бірлігі жүрек бұлшық ет клеткасы – кардиомиоцит. Электрондық микроскоп шыққанға дейін жүрек етін бірі мен бірі жалғасып жататын бұлшықет талшықтарынан тұратын симпласт деп санаған. Электрондық микроскоп жүрек ет талшықтарының ұштарымен жалғасқан жеке клеткалардан тұратынын анықтады.

Жүрек еті өзінің жиырылғыш элементтерінің құрылымы жағынан көлденең салалы бұлшық етке ұқсас. Соңғылардікі сияқты бұлардың миофибриллалары көлденеңнен сызылған. Сонымен бірге жүрек етінің құрылысында өзіне тән ерекшеліктер де бар. Оның бірі – бұлшық ет талшығында көлденең орналасқан “аралық жолақ” деп аталатын ерекше құрылымның болуы. Электронды микроскоп – аралық дискілердің жүрек еті клеткаларының шекарасына сәйкес келетінін көрсетті. Жүрек еті көлденең жолақты болғанымен оның жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес. Жүрек етінде митохондриялар көп болады. Саркоплазмада митохондриялардың арасында гликогеннің гранулалары жиі кездеседі. Митохондриялар мен гликоген, Гольджи қапшықтары мен липид тамшылары саркоплазмада ядроның полюстерінде орналасқан. Ол вегетативтік нерв жүйесімен нервтенеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет