Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар


Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы



бет92/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы. Көлденең жолағы болмауына байланысты бірыңғай салалы деп атаған. Бұлшық еттің бұл түрінің жиырылуы біздің еркімізге байланысты емес. Оның функциясын вегетативтік нерв жүйесі реттейді. Бірыңғай салалы бұлшықет қабат құрап орналасады. Кейбір қуыс органдардың қабырғаларында, мысалы, қан тамырларында, өкпенің ауа жүретін жолдарында, қуықта, өт қабында, ас қорыту жолдарында бір немесе екі қабат құрайды. Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпасының құрылымдық элементі бірыңғай салалы бұлшық ет клеткасы. Клетка мағынасында “талшық” деген термин де қолданылады. Оның пішіні ұршық тәрізді ядросы клетканың жалпақ бөлігінде орналасқан. Жеке клеткалар сирек сирек кездеседі, әдетте, олар жуандығы түрліше шоғырлар құрайды. Шоғырларда және олардың аралығында коллагендік және эластиндік талшықтары көп дәнекер ұлпасының жіңішке қабаты болады. Дәнекер ұлпасы арқылы қан тамырлары мен нервтер өтеді.

Элетрондық микроскоп бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасы клеткасының цитоплазмасында митохондрияларыдың, рибосомалардың, Гольджи аппаратының, гранулалық эндоплазмалқ тордың элементтерінің болатынын анықтады. Бұл органеллалар ядроның полюстерінде орналасады. Сонымен бірге цитоплазмада жуандығы 7нм жіңішке және диаметрі 17нм филаменттердің болатыны да байқалды. Жіңішке филаменттерді актиндік, ал жуанын – миозиндік деп атайды.

Жіңішке филаменттің құрамында актиннен басқа да екі белок болады – тропомиозин мен тропонин. Бұл екі белок Са2+ иондары болмағанда актин мен миозиннің өзара әрекеттесуін бәсеңдетеді. Кейін аралық филаменттер де ашылды (жуандығы 10 нм). Бірыңғай бұлшық ет ұлпасы мезенхимадан дамиды. Зақымдалған жағдайда қалпына келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет