Tipi ағзалардың химиялық қүрамы. Бейағзалық заттар



бет68/96
Дата25.06.2020
өлшемі338,37 Kb.
#74520
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   96
Байланысты:
Тірі организмдердің химиялық құрамы

АНА СҮТІНІҢ ҚҰРАМЫ.

Қазіргі заманғы технологияның көмегімен дайындалатын балаларға арналған жасанды қоспалардың (сүттердің) ешбіріде ана сүтінің қоректік және бактерияға қарсы сапасына мүлдем тең келе алмайды.Соңғы жылдары көптеген оқымыстылардың омырау сүтін зерттеу жұмыстары нәтижесінде оның жас сәби ағзасына пайдалы ғажайып құрамымен қасиеттері ашылып жатыр.Зерттеу мәліметтері көрсеткендей,ана сүтін емген баланың тыныс алу жолдары мен асқорыту жүйелері жұқпалы індеттерге қарсы тұра алады.

Сүттің құрамында болатын қорғаныш ақуыздары (антитела) жұқпалы вирустар мен бактерияларға тікелей соққы береді.Сәбидің ағзасына қажетті қорғаныш жүйесінің элементтері ,яғни қорғаныш ақуыздары мен иммундық жасушалар оған ана сүті арқылы дайын күйде беріледі.Ана сүтінің  тағы  бір ерекшелігі – ол пайдалы бактериялардың өсуі үшін ағзада қалыпты өмір сүру жағдайын жасайды,ал зиянкес, қауіпті бактериялар,вирустар және паразиттер үшін олар өмір сүре алмайтындай орта қалыптастырып, оларды біртіндеп құртады.

Ана сүтінің маңызды қоректік қасиеттерінің тағы бірі оның құрамында жаңа туғансәбидің дені сау  болып  дамуына   қажетті “Омега – 3”деп аталатын майлы  қышқылдарының  болуы. Омега – 3 қышқылы адамның  миы мен көз торының  құрамдас элементтері  болып  табылады.Омега – 3 ми  мен  жүйке жүйесінің жақсы жетілуі үшін ағзаны құрсақта жатқанкезде және туғаннан кейінде қажетті заттармен қамтамасыз  етіп  отырады.

Бристоль университетінің дәрігерлері ана  сүтімен қоректендірудің адамның болашақ өміріне пайдасын зерттеп көрген. Зерттеу жұмыстары ересек адамдар арасында жүргізілген, нәтижесінде,сәби шағында ана сүтін емгендердің қан қысымы (гипертония) және жүрке – қан тамыр ауруларына өте аз шалдыққандарын анықтаған. Зерттеуді жүргізген ғалымдар мен дәрігерлер ұжымының пікірінше, ана сүтінің қорғаныш және жетілдіру қасиеті оның химиялық құрамына байланысты.

Сүт безі — диаметрі 2-3 мм шығару өзектерінен тұратын, 15-20 бөлікшілері бар, күрделі альвеолярлы-түтіктік безінен тұрады. Олар альвеолалық синустар түзей отырып, түбі ампула тәрізді кеңейіп, еміздікке қарай радиалды бағытталады. Без беткей шандырлардың арасында олардың капсуласын түзей отырып, орналасады. Емізік аймағы сезімтал, пигменттелген терімен қоршалған. Сүт безі кеуде бұлшықетінің шандырында орналасқан және lig. suspensoria mammae байламымен байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет